24-жаттығу. Қ, х әріптері бар сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар.
Қош (болыңыз), хош (иіс), хал-ахуал, қал (дақ), бақыт, хабар,
рақмет, ханталапай, рақат, барқыт, дарқан (дала), ақырет, халық,
хазірет, қошемет, дастарқан, тақсыр, хат, уақыт.
25-жаттығу. Төмендегі өлеңді мәнерлеп оқып, ойларыңызды білдіріңіздер.
Өң, дөң, жең, мең, сең, тең, көң, кең деген сөздердің ортақ фонемаларын тауып,
олармен сөйлем құрастырыңыздар.
Ңөң
(үзінді)
Бір басымда санасаң,
Өнер,
Білім
Тегіс бар.
Болмайтұғын Бас әріп
Қай жерімде кеміс бар?!
– Бола алмайсың Бас әріп,
Түспе текке азапқа.
«Ң» әрпінен басталар
Бір сөз жоқ қой қазақта.
Деді осында біреулер,
Дәлел айтып бұлжытпас.
(Дәлелді сөз – әлді сөз,
Әлді сөзге кір жұқпас).
– Солай, – десті қалғаны,
Оңай көніп, ойланбай.
«Көне сал», – деп, біреулер
Тамақ беріп қойғандай.
– «Ң» әрпінен басталар,
Сөз бар, – деді «Ң».
Көнбеді.
– Білмесеңдер айтайын,
Оның аты – «Ңөң», – деді.
18
Айсберг дегенді,
Арғы қазақ «ңөң» деген.
Көктемде көшетін
Өзен мұзын «Сең» деген.
Айтқан сөзім айғақты,
Керегі не мазақтың?!
Өмір бойы зерттедім,
Ана тілін қазақтың.
Зілдей ауыр зілдерді,
«Ңөң» дейді екен бұрындар.
Ал «сең» деген сөзінде
«Жеңіл» деген ұғым бар.
Өң,
Дөң,
Жең,
Мең,
Сең дейді.
Тең,
Таң,
Тоң,
Көң,
Кең дейді.
Ал енді Айсбергті
Бас алсаң да, «нөң», – дейді!
Ойда жоқта осылай,
«Ң» ашты бір жаңалық.
41 әріп бас шайқап,
Тұрып қалды қамалып.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Қарыз сұрап тұрғам жоқ,
Бар десең де еркіңде.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Бар десең де дәл содан
Бұзылмайды көркің де!
(О.Әубәкіров)
19
26-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып,
жаттығуды көшіріңіздер.
...іс, ма...лық, т...ін, жанкү...ер, ...мек, қа...ық, ...не, жа...лау, к...ін,
магни..., с...рек, ме...ірім, т...ім, сценари..., ж...налыс, тарих..., қағ...да,
ақ...қат, саяс..., кред...т, ...дея, тақ...я, кү..., санатори..., ...од, жа...,
жанқ...яр, ...емен, ж...ен, з...ян, зе...неткер, зе...ін, қас...ет, қа...наға,
ма...шабақ.
Достарыңызбен бөлісу: |