Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар.
Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы
Кей кезде сөйлемнің айтылу ерекшелігіне қарай тыныс белгілері
қабаттаса қолданылады.
101
Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы
Сұраулы
сөйлем лептік
интонациямен
айтылғанда,
сұрақ
басым
болса,
сұрау
белгісі бұрын,
көңіл күй екпіні
басым
болса,
леп
белгісі
бұрын
қойылады
Сұраулы
не
лепті сөйлемдегі
ой аяқталмаған
жағдайда сұрау
не леп белгісі,
сосын көп нүкте
қойылады
Жалғаулықсыз
қарсылықты
салалас құрмалас
құрамындағы
жай
сөйлемдер
арасына
үтір,
сызықша
қойылады
Төл сөз бен автор сөзі
арасына
сызықша
үтірмен,
леп
белгісімен қабаттаса
келеді,
сондай-ақ
тырнақша мен үтір,
көп нүкте, нүкте,
сұрау, леп белгілері
қабаттаса
қойылуы
мүмкін
Драмалық
шығармалард
а ремаркалар
келсе,
ол
жақшаға
алынып,
жақшаның
ішіне
не
сыртына
нүкте
қойылады
Шіркін,
сол
есіктің
ар
жағындағы
дүние қандай
екен?! (Ш.А.)
Мүмкін, сонда
бала
осы
бұзаумен бірге
мектепке барар
ма еді, қайтер
еді?.. (Ш.А.)
Сөз
бергенге
ерме,
–
бөз
бергенге
ер.
(мақал)
– Қалқам-ау, саған
не болды? – деді
баланы
тоқтатып.
(Ш.А.)
Сазамбай
(ұшып
түрегеліп).
Кім, кім, не
дейді? (Ж.А.)
157-жаттығу. Сөйлемдегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріп,
дауыс ырғағымен оқып көріңіздер.
Үйлеріне келсе-ақ есіктерін жауып алады, бұ не деген тірлік?!
Есігін құлыптап та адам өмір сүре ме екен? (Ш.А.) Әке деген сорлыға
өз баласының өзгеден естіп жатқан лағынеті мен жеген таяғын көру
оңай ма?! (Ш.А.) Апырау, сағына күткен сол ертең қашан келер екен
десеңші!? (С.Ш.) Адам көңілі ғажайып үндерге, ғажайып сырларға
тұнып тұрған нәзік перне сияқты емес пе?! (С.Ш.) Шешесінің
жүрердегі сөзі есіне түсті ме, болмаса қазіргі көңіл күйіне сай келді
ме?.. (М.Ә.) Кейбір адамдар көбіне науқастан гөрі, мықты боп көріну
үшін, ақылды атану үшін, жұрттан артық саналу үшін, соны арман
етіп, бар жігер-қуатын соған жұмсап, дегеніне жете алмай өледі.
(Кімнің ақылды болғысы келмейді, кімнің көрікті болғысы келмейді,
кімнің атақты болғысы келмейді, кімнің әділ, кімнің қатал, кімнің
батыл болғысы келмейді дейсіз?..) (Ш.А.) Оларда пасықтық бар, –
адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, – жарқын жүз жоқ. (М.Ә.)
Ұлболсын жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды, – неге екені
белгісіз, қаймығады. (Б.М.)
158-жаттығу.
Көркем шығармалардан қабаттаса келген тыныс
белгілерінің әр түріне үш мысалдан теріп жазыңыздар.
102
Достарыңызбен бөлісу: |