Ережеден тыс жағдайларды өңдеу Егер нұсқаулық немесе өрнек синтаксистік тұрғыда дұрыс жазылса да, оны орындау
барысында қателіктер пайда болуы мүмкін. Орындау барысында пайда болған қателіктер
фатальді емес және оларды түзетуге болады. Ережеден тыс жағдайлардың көбін программа
өңдемейді және қате туралы хабарлама жазылады. Мысалы:
оh=10/0 #Осы жерде қателік бар
Белгілі бір ережеден тыс жағдайларды өндейтін программа жазуымызға болады. Алдымен
try
тармағы орындалады (
try
және
except
түйінді сөздерінің арасында орналасқан нұсқаулар),
егер ережеден тыс жағдайлар пайда болмаса, онда
except
тармағынан аттап өтіледі және
try
нұсқауын орындау аяқталады.
Try
нұсқауында әртүрлі ережеден тыс жағдайларды өңдеуге арналған саны бірден артық
except
тармақтары болуы мүмкін.
Except
-тің соңғы тармағында ережеден тыс жағдай түсірілуі
мүмкін – бұл жағдайда ережеден тыс жағдайлардың барлығы да өңделеді.
try: # Мынаны орындап көрейік...
оh = 10 / 0
except(ZeroDivisionError):
print("Санды нөлге бөлуге болмайды")
Нәтижесінде мына жауап экранға шығады:
Санды нөлге бөлуге болмайды
Raise
нұсқаулығы көмегімен программашы ержеден тыс жағдайды генерациялай алады.
raise аргументі ретінде класс данасы қолданылады. Класс ережеден тыс жағдай типін
көрсетеді; конструкторға берілетін аргумент ережеден тыс жағдайдың пайда болу
«детальдарын» сипаттайды.
raise NameError('MyException')
Нәтижесі:
NameError: MyException
Python тіліндегі объектіге бағытталған программалау Объектіге бағытталған программалау (ОББ) дегеніміз – жалпы алғанда, негізгі тұжырым-
дары объектілер мен кластар болып табылатын программалау тілі. Осы тұжырым тұрғысынан
қарасақ, класс дегеніміз – деректердің жиынтығы. Кластарды қолдану программалауды жеңіл-
дету үшін абстрактілі тұрғыда қарауға мүмкіндік береді. Осы тұжырымның негізгі ұғымдары: