4
модульдер мен пакеттерге қолдау жасау қарастырылған. Кодты қайталап қолдануға болады.
Python интерпретаторы және көлемді стандарт кітапханалар бастапқы және орындалатын код
ретінде барлық негізгі платформаларда қолжетімді және тегін таратыла алады.»
Python – программалаудың әмбебап тілі. Оның артықшылықтарымен бірге кемшіліктері
де бар, сол сияқты қолданылу аясы да анықталған. Python-мен қатар көптеген міндеттерді
шешуге көмек беретін өте үлкен көлемді стандарт™ кітапхана ұсынылады. Интернетте
әртүрлі сала бойынша Python-ra арналған сапалы кітапханалар саны көп: мәтіндерді өңдеу мен
Интернет-технологиялар, суреттер мен бейнелерді өңдеу, қосымшаларды жасайтын механиз-
мдер, деректер қорына қолжтемділікті қамтамасыз ететін, ғыпыми есептеулерге арналған
пакеттер, графикалық интерфейсті құру кітапханалары және т.б. Сонымен қатар, С, C++ (және
Java) тілдеріне интерпретаторды кірістірудің (embedding) қарапайым құралдары және сол
тілдерде жазылған программаларды Python тіліне кірістіретін құралдар да бар. Python тілі
программалаудың бірнеше парадигмасын қолдайды: императивтік (процедуралық, құрылым-
дық, модульдік көзқарастар), объектілі бағытталған және функционалды программалау.
Java платформасындағы және С компиляторы бар 32 және 64 биттік платформалардың
барлығына да қолжетімді.
C/C++, Java, Visual Basic, С#-тан басқа программалау тілдері қолданылмайтындай
көрінеді. Бірақ осы құралды оқи отырып, Python тілінің жақтаушылары да пайда болатынына
сенуге болады. Тілдің сипаттамасы. Бұл құрал басқа нұсқаулықтарды қайталауды мақсат етіп
отырған жоқ. Әртүрлі қырынан қарай отырып, нақты программалауға үйретуді көздеп отыр.
Программаны құру дегеніміз – программалаушы мен компьютер арасындағы коммуникация,
соның нәтижесінде программалаушы компьютерге белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға
бұйрық береді. Іс-әрекеттерді программалаушының түсінуі – семантика деп аталады. Осы
магынаны синтаксис көмегімен жазу қажет. Берілген ақпаратқа интерпретатордың орындай-
тын амалы прагматика деп аталады. Программаны жазған кезде осы тізбектің ішінде іркілу
болмау керек.
Синтаксис – толығымен формалданған бөлік: оны синтаксистік диаграммалар тілінде
(анықтамалық нұсқаулықтар сияқты) сипаттауға болады. Интерпретатор синтаксис бойынша
жазылған «бұйрықтарды» езіндегі алгоритмге сәйкес іс-әрекеттерге айналдырады. Семантика
ғана формалды емес құрамдас болып қала береді. Мағынаны формалды сипаттауға ауыс-
гырған кезде программалаудың ең қиын күрделілігі туындайды. Python синтаксисі
программалаушының мәселесін интерпретатордың ұғынуына жақындатады. Python тілінің
тарихына қысқаша тоқталсақ, 1991 жылы Гвидо ван Россум (Guido van Rossum) бірнеше желі-
ге таратылатын Амеба операциялық жүйесін жасау барысында осы тілді құрастырды. Жүйелі
сын-тегеуріндерге жауап бере алатын кеңейтілген тіл кажет болды. Негізі ретінде ABC және
Модула-3 алынды. Тілдің атауы ретінде жыланның аты емес, ВВС телеарнасынан көрсетілетін
«Летающий цирк Монти-Пайтона» комедиялық сериалы алынды. Содан бері Гвидо ван
Россум жұмыс істеген ұйымдардың барлығында да Python тілі қолданыла бастады. Қазір тілді
дамытуға программалаушылардың қауымдастығы да кірісті.
Достарыңызбен бөлісу: