Графикалық интерфейс Қолданушының графикалық интерфейсі операциялық жүйемен және де басқа программалармен белгішелер, батырмалар, сұқбаттасу (диа- лог) терезелері сияқты графикалық элементтер арқылы әрекеттесу мүм- кіндігін береді.
Қолданушының интерфейсі жұмыс істеуші адамның мәлімет алмасып, атқарылатын іс-әрекеттерге араласып отыратын компьютердің бір бөлігі болып табылады. Қолданушы интерфейсінің аппараттық бөлігі перне- тақта мен дисплей құрылғыларынан тұрады. Ал оның программалық бөлігі компьютердің операциялық жүйесінің қолданушы командаларын қалай қабылдайтынына жауап береді.
Көп жылдар бойы қолданушы мен операциялық жүйенің әрекеттесуі тек командалық жол интерфейсі арқылы жүргізілген еді. Онда командалық жол интерфейсінің шақыруына қолданушы команда теретін, сонан соң сол команда орындалып отыратын.
1-сурет. Командалық жолдың интерфейсі
Көптеген қолданушылар, әсіресеі жастар, командалық жол интер- фейсін қолдану қиын деп санайды. Оның себебі – орындалатын командалардың көптігі, солардың бәрін білу керек, оның үстіне, әрбір команданың программалардағы тәрізді өз синтаксисі бар, қате терілсе, орындалмайды.
1980 жылдар соңында коммерциялық операциялық жүйелерде ин- терфейстің жаңа типі, графикалық интерфейс шықты. Қолданушы- ның графикалық интерфейсі (graphical user interface, GUI - ағылшынша «гуи") адамды ОЖ-мен экрандағы графикалық элемент- тер арқылы байланыстыратын болды.
GUI тышқан құрылғысын мәлімет енгізуде кең қолданды. Команда теру орнына тышқанды шерте салатын болдық. Көптеген әрекеттер шағын сұқбат терезелері арқылы орындала береді.
Tkinter модулін пайдалану Python тілі құрамында оның ішкі GUI программалау функционалы жоқ. Мұнда GUI мүмкіндіктері қолданылатын қарапайым программалар құру үшін tkinter модулі пайдаланылады. Ол GUI элементтері бар бірсыпыра шағын программалар жазу мүмкіндігін береді.
"tkinter" модулінің аты "Tk интерфейсі" сөзінің қысқартылуынан шыққан. Мұндай атау программалаушыларға Python тілінде GUI кітапханасын қол- дануға мүмкіндік беретін Tk атты модульдің болуына байланысты шық- қан. Tk кітапханасы басқа программалау тілдерінде де кең қолданылады.
Python тіліне GUI кітапханасының бірсыпыра бөліктері енгізілген, біз осы tkinter модулі орындайтын әрекеттермен танысамыз.
GUI элементтері қосылған программа графикалық интерфейс мүмкін- діктері бар әртүрлі терезелер шығара алады, солар арқылы қолданушы программалар жұмысын басқара алады.