5 жасар баланың анасы дене дамуының қалыс қалуына шағымданады. Объективті: жүйке іс-әрекетінің дамуы жасына сәйкес, тері жамылғысы қалыпты түсті, иық аймағының дамығандығы, аяқтарының әлсіздігі, бұлшық еттік гипотония байқалады. Жүрек шекарасы 2 см-ге кеңейген. Жүрек қағысы мен 1-ші тон күшейген, оң жақта 2-ші қабырғааралықта систолалық шу естіледі. АҚ қолдарында 120/70 мм сын.бағ., аяқтарында анықталмайды. Бауыры қабырға доғасынан +1 см.Сіздің болжам диагнозыңызды растайтын клиникалық белгіні таңдаңыз:
жүрек шекарасының кеңеюі
бұлшық еттік гипотонияның болуы
күшейген жүрек қағысы
аяқтары мен қолдарындағы қысымның қатынасы
оң жақта 2-ші қабырғааралықтағы систолалық шу
Ер бала 3 айлық. Туғаннан баланың салмақ қосуы нашар, емгенде шаршайды, жиі салқын тиюмен ауырады. Обьективті: мұрын-ерін үшбұрышында аздап цианоз. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, шу жоқ. Рентгенограммада шар тәрізді жүрек анықталды. Болжам диагноз
ревматикалық кардит
туа біткен жүрек ақауы
эндокард фиброэластозы
функциональды кардиопатия
гипертрофиялық кардиопатия
Қыз бала 4 күндік, алғашқы дәрігерлік патронаж. Анамнезінен: алғашқы жартысы гестозбен өткен 1-жүктіліктен туылған, мерзімінде босану. Туған кездегі салмағы 3100 г, 51 см. Апгар шкаласы бойынша 9 ұпай. Бірден айқайлаған, ана кеудесіне туғаннан кейін 1 сағат ішінде жатқызылған, жақсы емген. 3-ші тәулікте терінің сарғаюы, 5-ші тәулікте тіке емес билирубин 195мкмоль\л. Диагноз және дәрігер тактикасы:
Криглер-Наджар синдромы, госпитализация