Науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге іштің ауырсынуына, нәжістің сұйықтығына, қайталанатын құсуға шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша ішінің ауыруы кеше түнде тамақтанғаннан кейін пайда болған. Емхана инфекционист дәрігері сальмонеллез диагнозын қойды. Хирург жедел аппендицитке күдіктенді. Науқасты қай бөлімшеге жолдау керек?
науқас диагноз толық анықталғанша үйде болуы шарт
реанимация бөліміне
хирургиялық бөлімшенің оқшаулау бөлмесінде
хирург екінші кеңестін ұйымдастырумен инфекциялық бөлімге
инфекционисттің екінші кеңесімен хирургиялық бөлімшеге
Науқас 35 жаста, кеуде тұсындағы пышақ жарақатынан кейін 3 сағаттан соң жеткізілді. Санасы анық. Терісі бозғылт. АҚ 120/80 мм.сын.бағ Ps - 105 соққы. мин. Гемоторакс кезінде пункцияны қай қабырға аралықта жасау керек?
артқы қолтық асты сызығы бойында 8-ші қабырға аралық
ортаңғы бұғана сызығында екінші қабырға аралық
төртінші қабырға аралық кеңістікe алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен
артқы қолтық асты сызығы бойындағы жетінші қабырға аралық
қолтық алды сызығы бойымен тоғызыншы қабырға аралық
Науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге санның ортаңғы үштен бір бөлігінің терең веналардың жедел тромбофлебитімен келді. Дәрігер тактикасын таңдаңыз:
үй жағдайында қатаң төсек демалысын ұсыну
жоспарлы түрде операциялық емге жолдау
жедел түрде хирургиялық бөлімшеге жатқызу
қабынуға қарсы препарат және вишневский жақпа майын тағайындау
физиотерапия және антибиотиктерді тағайындау
Науқас 51 жаста, стационарға екі аяғының варикозды кеңеюі клиникасымен түсті. Қарау кезінде коммуникантты веналардың қақпашаларының шамасыздығы анықталды. Бұл патологияны анықтау үшін функционалдық сынаманы таңдаңыз:
Пратт 2
Гакенбруг
Троянов-Тренделенбург
Делбе - Пертес
Оппель
Аудан орталығындағы емханаға хирург қабылдауына ауруы басталғаннан 5 күннен кейін 50 жастағы әйел арқа карбункуымен келді. Бұл науқасқа тән жүргізу тактикасын көрсетіңіз?
бақылау
физиологиялық
оперативті ем
антибиотикотерапия
жергілікті ем
Перзентханада 30 жастағы босанушы әйел 3 күннен кейін сол жақ сүт безі аймағының ауырсынуына, оның көлемінің ұлғаюына шағым білдірді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы- 36,8 °C. Дәрігердің қолданатын тактикасын көрсетіңіз.
әйелге дереу антибиотик тағайындау, бала емізуді доғару
әйелге жылы басу, әйелді тыныштандыру, жалпы қан анализін алу