Р. А. Қадырқұлов, У. А. Ғайыпбаева


«Компьютерлік графика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет19/28
Дата08.02.2022
өлшемі2,02 Mb.
#121248
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
Informatika Metodika 5 kl Kaz

«Компьютерлік графика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





  1. Компьютердегі графикалық редакторларды анықтаңдар.




    1. Растрлық графикалық редакторлар:

    2. Векторлық графикалық редакторлар:

    3. PaintNet және Photo-Brush графикалық редакторлардың мүмкіндіктерін салыстырыңдар:




PaintNet

Photo-Brusһ










  1. Фотосуретке майлы бояу, қалам, тушь әсерлерін беру үшін PaintNet-те орындалатын амалдарды жазыңдар:




  1. Photo-Brusһ редакторының негізгі құралдарын анықтаңдар.







  1. Суретті 1-түрден 2-түрге ауыстыру үшін қандай амалдар орындалған?



Бағалау критерийі

Тапсырма нөмірі

Дескрипторлар

Балл




Векторлық және растрлық графикалық редакторлар

1

Векторлық графикалық редакторларды анықтайды. Растрлық, графикалық редакторларды анықтайды. Растрлық және векторлық графикалық редактордың мүмкіндіктерін салыстырады.

1
1
1

Растрлық суреттерді құру және редакциялау

2

Растрлық суреттерді өңдеу амалдарын анықтайды.

2

Векторлық суреттерді құру

3

Векторлық графикалық редактордың құралдарын анықтайды.
Векторлық редакторда суретті өңдеу амалдарын анықтайды.

4
2

Барлығы







11

3-бөлім. Роботтехника
3.1. Роботтың түрлері және оларды қолдану

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

        1. робот анықтамасын тұжырымдау;

        2. роботтардың түрлерінің үлгілері және оларды қолдану салаларына мысал келтіру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • робот ұғымы мен түрлерін анықтайды.

Көптеген оқушылар:



  • робот түрлерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • робот қызметін пайдаланудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология
Сабақта қолданылатын темин сөздер.




Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі




өндірістік робот

производственный робот

production robot

медициналық робот

медицинский робот

medical robot

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Робот дегеніміз не және ол қашан пайда болған?

  • Робот жайлы не білесің?

  • Бүгінгі таңда роботтарды қай салаларда кездестіруге болады ?

Жазу.
Робот анықтамасын жазыңдар. Робот түрлерін жазыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Түс датчигі, бағдаршам, робот, 4-сынып.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, Орыс тілі, Жаратылыстану.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
7 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Өткен сабақты пысықтау
«Өрмекші торы» ойыны.
Оқушылар шеңбер болып тұрып жіптің бір ұшын саусақтарына орап, бір-біріне лақтыру арқылы сұрақтар қояды. Мұғалім сұрақтарды қадағалап тұруы керек, маңызды сұрақтар қоюға көмектесіп отырады. Соңында өрмекші торы құрылады.
Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.

А4 парағы



Сабақтың ортасы
3 мин
5 мин

5 мин



5 мин
5 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Адам сияқты жұмыс істей алатын қандай заттарды айта аласыңдар?

  • Робот дегеніміз не және ол қашан пайда болған?

  • Робот жайлы не білесің?

  • Бүгінгі таңда роботтарды қай салаларда кездестіруге болады?

Оқулықпен жұмыс. Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Кестемен жұмыс.

Оқулық




Өндірістік робот

Медицина
-лық робот

Тұрмыс- тық роботтар

Әскери роботтар

Робот- мұғалім


















Дескриптор:

  • робот ұғымын анықтайды;

  • робот түрлерін анықтайды;

  • робот түрлерін салыстырады.

Жұптық жұмыс
Өздерің күнделікті өмірде, теледидардан немесе интернетте көріп жүрген роботтарыңның тізімін жасаңдар. Оларды жоғарыдағы түрлердің қайсысына жатқызасыңдар? Егер сендер білетін роботтар жоғарыдағы түрлердің ешқайсысына жатпаса, онда оны роботтардың жаңа түріне жатқызып, оған атау беріңдер.
Дескриптор:

  • робот түрлерін анықтайды;

  • робот жобасын ұсынады.

Топтық жұмыс
Өздеріңді робот құраушы инженерлер командасы деп есептеп, төмендегі тапсырманы орындаңдар:

  1. Күнделікті тұрмыстағы адамның бір қызметін ауыстыратын қандай да бір роботтың жобасын ұсыныңдар.

  2. Ұсынған роботтарыңның атқаратын қызметін тізіп жазыңдар?

  3. Роботтарыңның үлгілік сызбасын салыңдар.

Дескриптор:

  • робот жобасын ұсынады;

  • роботтың қызметін анықтайды;

  • робот сызбасын салады.

Сабақтың

«Робот» сөзіне синквейн құру

А4 парағы

соңы
5 мин

1. Зат есім (бір сөз).







2. Сын есім (екі сөз).







3. Етістік (үш сөз).







4. Қорытынды ой (төрт сөз).







5. Мағыналас сөз.

Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.



Компьюте р



Рефлекси я
2 мин

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін басбармақтарымен көрсетеді.

Үй тапсырмасы






Төменде берілген тақырыптар бойынша зерттеу жобасын орындаңдар.




Зерттеу тапсырмасы

Зерттеу сұрақтары мен бағыттары




Әскери роботтардың бүгінгі дамуы

  • Алғашқы әскери роботтар қашан пайда болды?

  • Робот-танктер;

  • Ұшқышсыз ұшатын роботтар;

  • Робот минатазалаушылар (сапер)

Адам және робот

  • Адам қалай жұмыс атқарады?

  • Робот қалай жұмыс атқарады?

  • Адам мен роботты салыстыру кестесін құру.


3-бөлім. Роботтехника
3.2. Роботтехниканың тарихы және оның келешегі

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.3.4.3 роботтехника саласындағы адамзаттың техникалық жетістіктеріне мысалдар келтіру;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • роботтехника даму кезеңдерін анықтайды.

Көптеген оқушылар:



  • роботтехника перспективаларын салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • роботтехника қолданылуының маңыздылығын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология
Сабақта қолданылатын термин сөздер.




Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын

сезімтал робот

чувствительный робот

sensitive robot

ақылды робот

умный робот

smart robot




Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Робот туралы ұнатып оқыған кітап немесе көрген кино, мультфильмдер туралы не айта аласыңдар?

  • Роботтехника саласындағы интернеттен, теледидардан көріп немесе оқыған қандай жетістіктерден хабардарсыңдар? Ойларыңмен бөлісіңдер.

  • Роботтехника саласы болашақта қалай дамуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

Жазу.
Роботтардың даму тарихының буындарын жазыңдар.

Алдын-ала білімі

Робот түрлері және оларды қолдану.

Пәнаралық
байланыс

Ағылшын тілі, Орыс тілі, Жаратылыстану.

Құндылықтарға
баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосы мша

Сабақтың басы
3 мин
10 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.


Өткен сабақты пысықтау. «Кубизм» әдісі.

  1. Роботтарды сипаттайды.

  2. Роботтарды салыстырады.

  3. Роботтарды зерттейді.

  4. Роботтарды талдайды.

  5. Роботтарды қолдану туралы пікірлерін айтады.

  6. Пікірлерін дәлелдейді. Ауызша мадақтау, ынталандыру.

А4
парағ ы



Сабақтың ортасы
3 мин

5 мин

5 мин
6 мин


Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Роботтар туралы ұнатып оқыған кітап немесе көрген қандай кино, мультфильмдер жайлы айта аласың?

  • Робототехника саласындағы интернеттен, теледидардан көріп немесе оқыған қандай жетістіктерден хабардарсың? Ойларыңмен бөлісіңдер.

  • Робототехника саласы болашақта қалай дамуы мүмкін деп ойлайсыңдар?



Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).


Жұптық жұмыс.
Оқушыларға жұптасып талдау жұмысын ұсыну.

Америкалық фантаст-жазушы Айзек Азимовтың тұжырымдаған үш заңына талдау жасаңдар. Осы үш заңды қарапайым түсінікті тілде басқаларға жеткізіңдер.


Дескриптор:



  • Айзек Азимов тұжырымдаған робототехниканың үш заңын анықтайды;

  • робототехника заңдарын сипаттайды.



Топтық жұмыс.
Оқушылар оқулықтан, презентациядан алған білімдерін жинақтап, ментальды карта жасайды.
Болашақта адам мен роботтың өзара қарым-қатынас жасауының белгілі бір этикалық ережелері қалай көрініс табуы мүмкін? Адам мен роботтың этикалық қарым- қатынас ережелері туралы өз ұсыныстарыңды айтыңдар. Дескриптор:

  • болашақта роботтың көрінісі қандай болатынын анықтайды;

  • адам мен робот арасындағы этикалық байланыс ережелерін ұсынады.

Оқул ық

Сабақтың соңы
5 мин
2 мин

Пікірталас.
– Роботтардың қарқынды дамуы адамзат үшін қаншалықты қауіпті?
Әрбір оқушы өз ойын айтады, басқа оқушылармен санасады, қарсы пікірлер айтады.
Kahoot, plickers програмаларында электронды тест жұмысын орындату.

А4
парағ ы

Комп ьюте р



Рефлекси я
1 мин

«Смайликтер» әдісі. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.

Үй тапсырмасы






Төменде берілген тақырыптар бойынша зерттеу жобасын орында.





3-бөлім. Роботтехника
3.3. Гироскопиялық датчик

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.3.4.4 гироскопиялық датчиктің жұмыс істеу принципін түсіндіру;
5.3.3.1 роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау үшін бағдарламалар жасау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • гироскопиялық датчик ұғымы мен жұмыс режімін анықтайды.

Көптеген оқушылар:



  • гироскопиялық датчиктің жұмыс режімін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • гироскопиялық датчикті қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология
Сабақта қолданылатын темин сөздер.




Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

гироскопиялық датчик

гироскопический датчик

gyroscopic sensor

айналу бұрышы

угол вращения

angle of rotation

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Әдетте мәшинені, ұшақты немесе басқа да техникалармен жол жүргенде бұрылу үшін қандай құрылғы қолданылады.

  • Роботтар қандай құрылғының көмегімен бұрылыс жасайды?

  • Роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау мен оны белгілі бір градусқа бұру үшін қандай программа жазу керек?

  • Lego Mindstorms EV3 жиынтығында қандай датчиктер жұмысымен таныссың?




  • Роботты бегілі бір бұрышқа бұруда осы уақытқа дейін қандай әдістерді қолдандың?

Жазу.
Гироскопиялық датчиктің командалық блогы және режімдерін жазыңдар.

Алдыңғы алған
білімі

Роботтехника тарихы және перспективалары.

Пәнаралық
байланыс

Ағылшын тілі, Орыс тілі, Жаратылыстану.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
7 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Өткен сабақты пысықтау мақсатында оқушыларға берілген тақырыптар бойынша жұмыстарын тақтада қорғату.

  1. Роботтехника саласындағы адамзаттың техникалық жетістіктері.

  2. Роботтардың даму болашағы.

  3. Роботтар жайлы кітап, кино және мултьфильмдер.

Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.

А4 парағы



Сабақтың ортасы
3 мин

5 мин

6 мин


Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Әдетте мәшинені, ұшақты немесе басқа да техникаларды жол жүргенде бұрылу үшін қандай құрылғы қолданылады?

  • Роботтар қандай құрылғының көмегімен бұрылыс жасайды?

  • Роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау мен оны белгілі бір градусқа бұру үшін қандай программа жазу керек?

  • Lego Mindstorms EV3 жиынтығында қандай датчиктер жұмысымен таныссыңдар?

  • Роботты белгілі бір бұрышқа бұруда осы уақытқа дейін қандай әдістерді қолдандыңдар?



Оқулықпен жұмыс.. Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Жеке практикалық жұмыс.
Роботты 90 градусқа бұру

Оқулық

5 мин


5 мин

Роботты тұрған орнынан 90 градусқа бұратын программа кодын құрастыр. Программада төмендегі блоктар қолданылады:

  1. Робот қозғалысы үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогын таңдаймыз. Робот бір доңғалағы алға 10 см/секундпен, ал екінші доңғалағы артқа –10 см

/секунд қозғалыс жасайды.

  1. Ожидание (Күту) блогында гироскоп датчигінің параметрлерін енгіземіз. Роботтың бұрылу кезінде бұрылыс мәні градуста 90-ға тең болуын күтеді.

  2. Роботтың қозғалыс бұрышы 90 градусқа жеткенде Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогында моторды өшіреді.


Дескриптор:

  • роботты қозғалту блогын анықтайды;

  • гироскоп датчигінің параметрлерін анықтайды;

  • робот қозғалысын аяқтау блогын қолданады.



Жұптық жұмыс
«Роботты 90 градусқа бұру программасындағы» блоктар қызметіне талдау жасаңдар. Блоктардағы сандық параметрлерге ерекше назар аударыңдар. Бұл сандық параметрлерді өзгерту арқылы қандай өзгерістер жасауға болады? Ойланыңдар!
Дескриптор:

  • роботты бұру жұмысын анықтайды;

  • сандық параметрлеріне талдау жасайды.

Топтық жұмыс
Роботтың 90 градусқа бұру программасын пайдаланып, блоктар қызметіне роботты 360 градусқа бұрыңдар. Бір орында тұрып толық бір айналым, екі айналым программасын құрастырып ұсыныңдар.
Дескриптор:

  • роботты бұру жұмысын қолданады;

  • бір орында тұрып айналым жасау программасын ұсынады.




Сабақтың соңы
5 мин

«Датчик» сөзіне синквейн құру.

Kahoot, plickers программасында электронды тест жұмысын орындату.



А4 парағы

Компьюте р



Рефлекси я
1 мин

«Сенім ағашы» әдісі.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, сенім ағашына жапсырады.

Үй тапсырмасы




Төменде берілген тақырыптар бойынша зерттеу жобасын орындаңдар.




Зерттеу тапсырмасы

Зерттеу сұрақтары мен бағыттар

Геометриялық фигуралардың қаситтері

  • Тең қабырғалы ұшбұрыштың қасиеттері.

  • Шаршының қасиеттері.

  • Алтыбұрыштың қасиеттері.

  • Шеңберді градуспен өрнектеу. Шеңбердің ұзындығын есептеу.




3-бөлім. Роботтехника
3.4. Бұрылыстар.

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.3.3.2 роботты көрсетілген градусқа бұру үшін бағдарламалар жасау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • роботты шаршы бойымен қозғалту программасын анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • роботты шаршы бойымен қозғалту үшін қолданылатын алгоритм командаларын салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • роботты шаршы бойымен қозғалту алгоритмдерін дұрыс орындаудың маңыздылығын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология
Сабақта қолданылатын термин сөздер:




сызықтық алгоритм

линейный алгоритм

linear algorithm

алға

вперед

forward

солға

налево

to the left

оңға

направо

to the right




Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Олар бір-бірінен несімен ерекшеленеді?

  • Геометриялық фигураларды жайлы біліміңді күнделікті өмірде қолданасыңдар ма? Мысал келтіріңдер.

  • Геометриялық фигуралардың қасиеттерін робот қозғалысында қалай қолдануға болады деп ойлайсыңдар?




Жазу.
Сызықтық алгоритм ұғымын жазыңдар.
Роботтың шаршы бойымен қозғалыс программасын жазыңдар.

Алдын-ала білімі

Гироскопиялық датчик.

Пәнаралық
байланыс

Ағылшын тілі, Орыс тілі, Жаратылыстану, Математика.

Құндылықтарға
баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосым ша

Сабақтың басы
3 мин
7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.

Өткен сабақты пысықтау үшін оқушыларға берілген зерттеу жұмысын тақтада қорғату. Оқушылар «Геометриялық фигуралардың қасиеттері» тақырыбында жасаған жобаларын тақтада қорғайды.


Қосымша сұрақтар қою.

  1. Гироскопиялық датчиктің маңызы жайлы не білдің?

  2. Роботтар қозғалысына гироскопиялық датчиктердің қандай ықпалы бар?

  3. Гироскопиялық датчиктің басқа датчиктерден қандай ерекшелігі бар?

Ауызша мадақтау, ынталандыру.

А4
парағы



Сабақтың ортасы
3 мин

5 мин

6 мин


Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Олар бір- бірінен несімен ерекшеленеді ?

  • Геометриялық фигуралар жайлы білімдеріңді күнделікті өмірде қолданасыңдар ма? Мысал келтіріңдер.

  • Геометриялық фигуралардың қасиеттерін робот қозғалысында қалай қолдануға болады деп ойлайсыңдар?

Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).


Жеке практикалық жұмыс орындау.
«Сақшы» робот программасы
«Сақшы» роботтың программасын жасау үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару), Ожидание (Күту) блоктарын қолданамыз.

Оқулық





5 мин



5 мин

Дескриптор:

  • робот жұмысын басқару блоктарын анықтайды;

  • робот жұмысын басқару блоктарын қолданады.



Жұптық жұмыс
«Сақшы» роботтың программасына талдау жасаңдар. Блоктардағы сандық параметрлерге назар аударыңдар. Робот жауынгер сақшының барлық қызметтерін орындай ала ма? Қандай қызметін орындай алмайды? Не себепті?
Дескриптор:

  • «Сақшы» роботтың бұрылыс жасау блоктарын анықтайды;

  • программасына талдау жасайды;

  • сын тұрғысынан ойланып, пікір айтады.



Топтық жұмыс
«Сақшы» робот программасын әлі де қалай жетілдіре түсу керек? Роботтің қимыл-әрекетіне тағы қандай функциялар қосқан болар едің? Өз ұсыныстарыңды жасаңдар.
Дескриптор:

  • роботтың іс-әрекетін анықтайды;

  • робот программасын дамыту жолдарын қарастырады.




Сабақтың соңы
5 мин

«Қарлы кесек» ойыны. Оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар жазып, қағазды умаждап қар жасайды және келесі топқа лақтырады. Ол топ сұрақтарға жауап береді.
Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.

А4
парағы
Компью тер

Рефлекси я
1 мин

«БББ кестесі». Оқушылар сабақ туралы бұрыннан білетінін, сабақта не білгенін, не білгісі келетінін кестеге жазады.




Білемін

Білдім

Білгім келеді










Үй тапсырмасы




9-суретте берілген программа блоктарына талдау жаса. Бұл программа орындалғанда қандай нәтиже алуың мүмкін? Себебін түсіндір.










3-бөлім. Роботтехника
3.5. Практикалық жұмыс

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.3.3.2 роботты көрсетілген градусқа бұру үшін бағдарламалар жасау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • роботты көрсетілген градусқа бұру командаларын анықтайды, қолданады.

Көптеген оқушылар:

  • роботты көрсетілген градусқа бұру командаларын салыстырады.




Көптеген оқушылар:

  • роботты көрсетілген градусқа бұру командаларын салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • роботты көрсетілген градусқа бұру командаларын қолданудың маңыздылығын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология
Алдыңғы сабақта танысқан термин сөздерді еске түсіреді.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Олар бір-бірінен несімен ерекшеленеді ?

  • Геометриялық фигуралар жайлы білімдеріңді күнделікті өмірде қолданасыңдар ма? Мысал келтіріңдер.

  • Геометриялық фигуралардың қасиеттерін робот қозғалысында қалай қолдануға болады деп ойлайсыңдар?

Жазу.
Сызықтық алгоритм ұғымын жазыңдар.
Роботтың шаршы бойымен қозғалыс программасын жазыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Бұрылыстар.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, Орыс тілі, Жаратылыстану, Математика.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымш а

Сабақтың басы
3 мин
8 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Өткен сабақты пысықтау
Техникалық диктант



А4 парағы







  1. Робот қозғалысы үшін блогын таңдаймыз.

Роботтың екі доңғалағында алға 30 см/секундпен 2 секунд қозғалыс жасайды.

  1. Робот қозғалысы үшін ................блогын таңдаймыз. Роботтың бір доңғалағы алға 20 см/секундпен ал екінші доңғалағы 20 см /секундпен артқа қозғалыс жасайды. Робот бір орыннан бұрылыс жасауды бастайды.

  2. Роботтың қозғалысы бұрышы градусқа

жеткенде, Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогында мотор өшеді.

  1. ........... блогы көмегімен робот 1 секунд бұрылыс жасаған бағытқа қарап тоқтап тұрады.

  2. Робот қозғалысы үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогы көмегімен робот бір доңғалағы артқа ............ , ал екінші доңғалағы ......... алға қозғалыс жасап, сол жаққа бұрылады.

  3. Робот қозғалысы бұрышын 270 градусқа жеткенде

.................... блогында моторды өшіреді.

  1. Робот кері қозғалысы үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогы мен роботтың екі доңғалағы да артқа қарай 3

секунд қозғалыс жасайды.
Жұмыстарын ауызша мадақтау, қолдау көрсету.




Сабақтың ортасы
3 мин
10 мин

6 мин


Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Геометриялық фигуралардың қасиеттерін робот қозғалысында қалай қолдануға болады деп ойлайсыңдар?

  • Роботтың шаршы бойымен қозғалыс программасы туралы не айтасындар?

Жеке практикалық жұмыс орындау
«Балара» роботы
Балалар кәдімгі алтыбұрышты фигура тәріздес ін құрады. Алтыбұрыш – ауданды тиімді пайдалану үшін ең ыңғайлы геометриялық фигура. Алтыбұрыштың дөңгелек тәрізді іннен артықшылығы, індердің арасында ешқандай бос орын қалмайды. Ал дөңгелек тәрізді індердің арасында бос кеңістіктер қалып кетеді. Робот «Баларасының» программасы келтірілген. Программаны роботқа енгізіп тексеріп көріңдер. Қандай нәтиже аласыңдар? Анықтаңдар.

Дескриптор:

  • робот «баларасының» программасымен танысады;

  • программаны қолданады;

  • нәтижесін анықтайды.



Топтық жұмыс
Оқушылар «Роботтың шаршы бойымен қозғалысы»,
«Сақшы» робот , «Робот балара» программалары туралы постер жасап қорғайды.

Оқулық

Сабақтың соңы
6 мин
2 мин

Сөзжұмбақ құрастыру.

Әр топ робот сөзін қатыстырып, өз қалауларынша сөзжұмбақ құрастырады. Топтар бір-біріне шешуді ұсынады.



А4
парағы
Компью- тер







Kahoot, plickers программасында электронды тест жұмысын орындату.






Рефлексия
2 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Оқушылар сабақтан жақсы түсінген екі анықтама және түсінбеген бір сұрақтарын айтады.

Үй тапсырмасы




Тақырып бойынша тест құрастырып келу.






  1. бөлім: Роботтардың жарысы

    1. Роботтың сызық бойымен қозғалысы.

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.3.3.3 робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • роботтың сызық бойымен қозғалысының талаптарын анықтайды.

Көптеген оқушылар:



  • роботтың сызық бойымен қозғалысының талаптарын салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • роботтың сызық бойымен қозғалысын жасаудың маңыздылығын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология.
Сабақта қолданылатын темин сөздер.







қара сызық

чёрная линия

black line

иір сызық

извилистая линия

curved line

алаң

ринг

ring

жарыс

соревнование

contest








Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Автокөліктер арасында өтетін қандай жарыстарды білесіңдер?

  • Автокөліктер және роботтар арасында өтетін жарыстардың қандай ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айта аласыңдар?




Жазу.
Роботтың сызық бойымен жарысының негізгі талаптарын жазыңдар.




Бұрылыстар.




Ағылшын тілі, Орыс тілі, Жаратылыстану, Математика.




«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.




Жоспар




Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар




Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.

Өткен сабақты пысықтау: «А,В,С» әдісін қолдану.


А – сұрақ қояды. В – жауап береді. С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады. Оқушылар топта үшеуден отырады. А – сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С – бақылаушы рөлін атқарады.
Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды жасайды.
Жұмыстарын ауызша мадақтау, ынталандыру.

А4 парағы






Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Автокөліктер арасында өтетін қандай жарыстарды білесіңдер?

  • Автокөліктер және роботтар арасында өтетін жарыстардың қандай ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айта аласыңдар?

Оқулықпен жұмыс
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).


Топтық жұмыс
Бір түс датчигі және екі түс датчигі бар роботтардың программасын талдап, салыстырыңдар. Салыстыру барысында төмендегі сұрақтарға жауап іздеңдер:

  • Олардың жылдамдықтарында, жүріп өту дәлдігінде қандай айырмашылықтар бар?

Қайсысын жарыста қолданған тиімді?
Дескриптор:

  • түс датчигін анықтайды;

  • түс датчиктерін салыстырады.

Оқулық









Жұптық жұмыс
Жоғарыда танысқан робот программаларының бірінің жұмыс тиімділігін арттыратын, яғни жарыс кезінде қара сызықтан жылдам өтуін арттыратын немесе өту барысында қара сызықтан шығып кету сияқты қателіктерді азайтуға бағытталған өзгерістерді ұсыныңдар.
Дескриптор:

  • роботтың сызық бойымен қозғалысын анықтайды;

  • робот жұмысын жақсарту жолын қарастырады.

Кестемен жұмыс


Роботтың сызық Жарыс өтетін Роботқа бойымен алаңға қойылатын
жарысының қойылатын талаптар негізгі талаптары талаптар


Дескриптор:

  • роботтың сызық бойымен жарысының талаптарын анықтайды;

  • жарыс өтетін алаңға қойылатын талаптарды анықтайды;

  • роботқа қойылатын талаптарды анықтайды.




«Робот» сөзіне синквейн жасау.

Kahoot, plickers программасында электронды тест жұмысын орындату.



А4 парағы Компьютер

«Екі жұлдыз, бір тілек» сабақтан жақсы түсінген екі анықтама, түсінбеген бір сұрақ айтады.

Бір түс датчикті роботтың сызық бойымен қозғалу барысында оның алдында кедергі қойылды.
Робот кедергіні айналып өтіп, қайта қара сызық бойымен қозғалуы үшін 4- суретте берілген программаға қандай өзгерістер жасуға болады?
Қосымша қандай датчик қойылу керек? Мәселені шешудің жазбаша алгоритмін дайындаңдар. Өз жобаларыңды ұсыныңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет