Өткен сабақты пысықтау: «Автор орындығы» әдісі. Оқушылар үй тапсырмасына берілген «Цифрлық технологиялар адамға және адамның өмір сүру салтына қаншалықты әсер етті?» тақырыбында жазған эссені орындықта отырып оқып береді.
Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.
Сабақтыңортасы 3 мин
5 мин
6 мин
10 мин
Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшінынталандырусұрақтарын қою
Үй тапсырмаларын орындай алмаған сәттеріңде не істейсің?
Сабақта берілген тапсырма, жобаларды орындауда интернеттен алынған ақпаратты қай дәрежеде пайдаланасыңдар?
Авторлық құқық деген не?
Интернеттен алынған ақпараттарға не үшін сілтеме келтіру керек?
Оқулықпенжұмыс Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Практикалықжұмысорындау Тапсырма Отан, туған жер туралы өлең және отанымыздың кең байтақ жерін, табиғатын суреттейтін сурет кірістірілген мәтіндік құжат дайындаңдар.
Практикалық тапсырманы орындау алгоритмдері:
Мәтіндік редакторды іске қосыңдар. Браузерді іске қосыңдар.
Браузер көмегімен интернетке кіріп, іздеу серверінің мекенжайын жазыңдар. Мысалы, www.yandex.kz .
Іздеу жолағына «Отан, туған жер» туралы өлеңдер деп жазып, Найти (Іздеу) батырмасын басыңдар. Браузер терезесінде пайда болған сайттар арасынан өздеріңе ұнаған өлең шумақтарын тінтуір көмегімен көшіріп алып, тікелей мәтіндік редакторға сақтаңдар.
Дәл осы әдіспен суреттерді іздеу алаңына «Отан, туған жер» туралы суреттер деп жазып, 3-пункттегі тапсырманы қайталаңдар. 110 111
Дайындалған мәтіндік құжаттың төменгі жағына ақпаратты көшіріп алған сайт мекенжайына сілтеме жасаңдар (2-сурет). Сілтеме жасамай пайдаланған ақпараттың плагиат екенін естен шығармаңдар.
Дескриптор:
Оқулық
интернеттен мәтін жүктей алады;
жүктеп алған мәтінді өз құжатына орналастырады;
құжатқа сілтеме жасайды;
плагиат ұғымын анықтайды.
Топтықжұмыс Ақпаратты заңсыз көшіру (плагиат) мен авторлық құқық жайлы талдай отырып, құрдастарыңның плагиат жасамауы үшін бірнеше қадамдардан тұратын ереже жобасын дайындап, оны ұсыныңдар.
Дескриптор:
плагиат ұғымын анықтайды;
авторлық құқық ұғымын анықтайды;
плагиат пен авторлық құқықты бұзбау ережесін ұсынады.
Сабақтыңсоңы 5 мин
Плагиат жайлы не білесіңдер?
Егер досың фотосуретіңді сенің рұқсатыңсыз әлеуметтік желідегі парақшасына орналастырса, онда не істер едіңдер?
Не үшін интернеттен біреудің еңбегін рұқсатсыз көшіруге болмайды деп ойлайсыңдар?
Егер интернеттен алынған деректерді өз сайтыңа жариялағаннан кейін ғана барып плагиат екенін білсең, ары қарайғы іс-әрекеттерің қалай болады?
оқулық
Рефлексия 1 мин
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Оқушылар сабақта жақсы түсінген екі ақпарат және түсінбеген бір сұрақпен бөліседі.
Үйтапсырмасы
«Қазақстанда авторлық құқықтың дамуы» тақырыбына шағын эссе жазып келіңдер.
Өткен сабақты пысықтау үшін «Аукцион» ойынын қолдану. Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап алу керек. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, сол сөз туралы білгендерін айтады.
Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.
Сабақтыңортасы 3 мин
5 мин
6 мин
10 мин
Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшінынталандырусұрақтарын қою
Ақпаратты қорғау дегеніміз не? Ақпаратты қалай қорғауға болады?
Ертеде адамдар ақпаратты қорғауда қандай әдістерді қолданған?
Ақпаратты қорғаудың қандай заманауи тәсілдерін білесіңдер?
Ақпаратты логин-пароль арқылы қорғаудың маңыздылығы жайлы әңгімелеп беріңдер. Естеріңе түсіріңдер (1-сурет).
Компьютерде жасаған құжаттарыңды қорғаудың қандай жолдарын білесіңдер? Ойларыңмен бөлісіңдер.
Оқулықпенжұмыс Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Жекепрактикалықжұмыс Электрондық жеке күнделік:
Word мәтіндік редакторын іске қосып, жаңа құжаттық файл құру үшін Файл – Создать (Құру) командасын орындаңдар.
Файл ішіне күнделікті жазуды бастаған мерзім жайлы және күнделіктің кімге тиесілі екені туралы ақпарат жазыңдар.
Файл – Сохранить как... (Қалай сақтау керек...) командаларын орындаңдар. Пайда болған сақтау терезесінің жолағына файлға «Күнделік» атауын беріп, оны сақтаңдар.
Құжат сақталған соң келесі қадамда Файл – Сведения (Мәлімет) – Зашифровать паролем (Парольмен шифрлау) командаларын орындап, құжатқа пароль қою терезесін ашыңдар. Күнделік басқаларға қолжетімсіз болу үшін, файлға сенімді пароль орнатыңдар.
Жасаған жаңа құжатыңды жауып, қайта ашқанда, ол тек парольмен ғана ашылатын болады.
Дескриптор:
құжат жасайды;
құжатты парольмен қорғай алады.
Топтықжұмыс.
Оқулық
Парольдің сипаттамасы мен пароль таңдаудың ережелерін пайдаланып, 5 түрлі сенімді пароль құрастырыңдар. Парольдер зиянкестерге қолды болмау үшін оны қорғаудың жолдарын ұсыныңдар.
Дескриптор:
пароль сипаттамасын анықтайды;
пароль таңдаудың ережелерін анықтайды;
парольді қорғау жолын ұсынады.
Жұптықжұмыс Қандай ақпраттарды, құжаттарды құпияға жатқызуға болады? Өз қызметінде құпиялылықты қажет ететін қандай салаларды атай аласыңдар? Не үшін бұл салаларда құпиялылық қолданылады? Мысал келтіріңдер. Өздеріңнің қандай құжаттарыңды, ақпараттарыңды құпия санайсыңдар? Себебін түсіндіріңдер.
Дескриптор:
Ойынның шарты: қатырғықағаздан 20 карта жасау. 10 картаға сұрақтар, қалған 10 картаға жауаптар жазу. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы сұрағы бар картамен келесі балаға жүреді. Ол оқушы оны сұраққа жауап беретін картамен басады.
Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.
Сабақтыңортасы 3 мин
8 мин
6 мин
Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшінынталандырусұрақтарын қою
Файлдарды бірге пайдалану дегенді қалай түсінесіңдер?
Файлдарды қай жерден және қалай жүктеуге болады?
Сыныптастарыңмен, достарыңмен қолмен жасаған немесе компьютерде бірлесіп орындаған қандай жұмыстарыңды мысалға келтіре аласыңдар?
Оқулықпенжұмыс. Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Жекепрактикалықжұмыс
Желідегіжалпыға қолжетімділік берілген бумалардыпайдалану Компьютерде жаңа мәтіндік құжат жасаңдар. Құжатқа
«Информатика» пәнінен өздерің түсінбей жүрген сұрақты жазып, өз аттарыңмен сақтаңдар.
Құжатты жалпыға қолжетімді 5-сынып бумасына салыңдар.
Желідегі пайдаланушылардың жауабын күтіңдер. Жауап жазылған файлдан сұрағыңа қанағаттанарлық жауап алсаңдар, файлды жалпы бумадан компьютеріңнің жұмыс үстеліне көшіріп қойыңдар.
Дескриптор:
мәтіндік құжат жасайды;
Жалпыға қолжетімді бума жасайды.
Топтықжұмыс. Теориялық материалды талдаңдар. Белгілі бір тақырып бойынша жоба жұмысын жоспарлаңдар. Таңдап алған жобаларыңды желіде бірлескен жұмыс арқылы ұйымдастырудың қадамдарын орындаңдар:
1. Жобаның тақырыбын ұсыныңдар;
Оқулық
7 мин
Жобаға қажетті файлдар тізбесін таңдап (презентация жасау, құжат жасау, сурет файлын құру, керек болған жағдайда дыбыс және видео қосу) құжат жасаңдар;
Жалпыға қолжетімді бума жасап, оған ат қою;
Жобаға қатысатын топ мүшелерінің әрбірінің жобаны орындаудағы қызметтерін бөлу;
Жобаның дайындалған файлдарын жалпыға қолжетімді бумаға орналастыру.
Дескриптор:
файлдар тізбесін жасайды;
жалпыға қолжетімді бума жасайды;
файлды қолжетімді бумаға орналастырады.
Жұптықжұмыс Жалпыға қолжетімді бума және файлдарды жасаудың маңызын бағалаңдар. Артықшылығы мен кемшілігі жайлы пікір алмасыңдар.
Дескриптор:
жалпыға қолжетімді буманы анықтайды;
жалпыға қолжетімді файлды анықтайды;
жалпыға қолжетімді файлдар мен бумаларды салыстырады.
Сабақтыңсоңы 5 мин
«Файл» сөзіне синквейн жасау.
Рефлексия 1 мин
«Смайликтер». Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.
Үйтапсырмасы
Жұмыс үстелінде орналасқан «Жалпы суреттер» ортақ бумасынан «Менің суреттерім» бумасына сурет жүктеу алгоритмін орындаңдар.
Өткенсабақтыпысықтау: «Ыстық орындық» ойыны.
Оқушылар орындықта отырған оқушыға өткен сабаққа байланысты сұрақтар қояды. Оқушы жылдам жауап бермесе күйіп қалады.