Сабақтың ортасы 1-тапсырма. Топпен жұмыс істеу. Сұрақтарға жауап беріңдер. -Біздің еліміз қандай ресурстарға бай? -Өз білімдеріңе сүйеніп, Қазақстанның табиғи- ресурсының әлеуетін 0-ден 10-ға дейінгі шәкіл бойынша бағалаңдар. -Неліктен ондай баға қойдыңдар? -Табиғи-ресурстық әлеуетті бағалау кезінде қандай көрсеткіштерді қолдандыңдар? -Табиғи ресурстарды бағалау не үшін жүргізіледі? -Табиғи ресурстардың құны неге тәуелді? -Сенің ойыңша, табиғи ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалаудағы әдістемелік қиындықтар қандай? Өз жауабыңды растайтын дәлелдер келтіріңдер.