Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж



Pdf көрінісі
бет176/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж

2-тапсырма
Оқулықтағы «ҒТП-ның құрамдас 
бөліктері» тақырыпшасын оқыңдар және «АЗИЯ-АВТО» 
зауытының өндірістік кезеңдерінде барлық бөліктерінің 
бар екендігін деректермен дәлелдеңдер.
 
«АЗИЯ-АВТО» акционерлік қоғамы 2002 жылы 20 
желтоқсанда құрылып, алғашқы мемлекеттік тіркеуден 
өтті. Бас кәсіпорны – автоқұрастыру зауыты Шығыс 
Қазақстанның орталығы – Өскемен қаласында 
орналасқан. Кәсіпорынның филиалдары Қазақстанның 
барлық ірі қалаларында бар.
«АЗИЯ-АВТО» кәсіпорнының мақсаты – елімізде 
бәсекеге қабілетті автокөліктер шығаруға мүмкіндік 
беретін және Қазақстан халқының әрі іргелес жатқан 
елдердің бір бөлігінің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін 
автомобиль өнеркәсібін құру.
«АЗИЯ-АВТО» АҚ-ның құрастыру жабдығы кешенінің 
негізінде – жинақтаудың техникалық процесі және 
жоғары деңгейдегі сынақ талаптарының барлығын 
қанағаттандыратын заманауи жабдықтандыру жатыр. 
«АЗИЯ-АВТО» АҚ Қазақстандағы қазіргі кезде жұмыс 
істеп тұрған, жеңіл автокөліктер өндіруші болып 
Параграф 
мәтіні 


167 
табылады. Зауыттың әріптестерінің ішінен “Volkswagen 
Group, “General Motors”, “Renault-Nissan-АвтоВАЗ” 
және “KIA Motors” тәрізді алдыңғы қатарлы әлемдік 
концерндерді көруге болады. 
«АЗИЯ-АВТО» АҚ-сында Өскемен қаласында: LADA 
(Granta, Vesta, Xray, Largus, Kalina,4×4), ŠKODA 
(Octavia, Rapid, Superb, Yeti, Kodiaq), Chevrolet (Aveo, 
Captiva, Cruze, Tracker), KIA (Rio, Cerato, Optima, 
Cadenza, Quoris, Picanto, Soul, Sportage, Sorento, Mohave) 
маркалы автокөліктері шығарылады.
Автокөліктерді құрастыру конвейерлік және постық 
жинақтау телімдерінде жүзеге асырылады. 
Өндірісті ұйымдастырудың заманауи талаптарына жауап 
беретін жабдықтардың айрықша озық түрлері – 
құрастыру конвейері блып табылады, ол қаптаулы 
шанақты жинау желісінен, түрлі биіктіктегі аспалы 
желіден және соңғы жинақтаудың едендік желісінен 
тұрады. Мұндай үздіксіз желі жұмысты орындау үшін 
шанақты ыңғайлы биіктікте ұстауға, жинақталып жатқан 
автокөліктің барлық бөлшектеріне жан-жақты және 
жеңіл қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Желінің 
эргономділігі, сонымен қатар жан-жаққа бұруды 
жақсартады, бұл құрастырушының өзіне ыңғайлы 
болатындай шанақтың түбіндегі жұмыстарды орындауға 
мүмкіндік береді. Барлық ауырсалмақты тораптар мен 
агрегаттарды құрастыру аспалы және еденүсті 
жүккөтергіш құрылғылардың көмегімен жүзеге 
асырылады. Жүйелерде тесік қалмауын, яғни саңылау 
сыздығын тексеру өнімділігі жоғары сұйықтық құятын 
жабдықтың көмегімен іске асады.
Автокөлікті жасауды басқару барлық өндірістік 
процестерді байланыстыратын автоматтандырылған 
басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 
Автокөліктерді сынақтан өткізу сынақ алаңында 
жүргізіледі. Бұл алаң автокөліктің мемлекеттік 
нормативтік құжаттардың құрастырымдық және 
технологиялық шарттары мен талаптарына сәйкестігін 
бақылау мен тексеруге арналған барлық қажетті құрал-
жабдықпен жабдықталған. Бұл жабдық озық 
шешімдерді, сынақтан өткізу техникалық процесін 
айрықша автоматтандыратын соңғы үлгідегі 
компьютерлі техникаларды қолданып жасалған және 
құрастырылған. Зауыт аумағында жолда жүру 
сынақтарын өткізуге арналған түрлі жабын типтерімен 
қапталған арнайы жолдар, арнайы алаңдар бар. Сауда 
желілеріне автокөліктерді зауыт өзінің автомобиль және 
теміржол көліктерімен жөнелтеді. Сауда дүкендері 


168 
Қазақстанның барлық ірі қалаларында орналасқан. 
http://aziaavto.kz/ru/o-kompanii
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет