181
өндіреді.
- Кәсіпорынның атауын анықтаңдар.
- Осы кәсіпорын тиесілі өнеркәсіп саласын табыңдар.
- Осы кәсіпорынның орналасқан жері мен орналасу
түрткіжайтын атаңдар.
№4 кейс
Қазақстан Республикасындағы бұл бірегей кәсіпорын
кен орындарын жайластыратын, өңдеу, мұнай өндіру
және жинақтауға арналған жабдықтарды және мұнай,
газ-химия салаларына қажет жылу-энергетикалық
жабдықтарды шығаруға мамандандырылған. Біздің
зауыттың негізгі өнімдерінің бірі ретінде мұнай
жинақтау, әзірлеу және өңдеуге арналған жабдықтарды
атауға болады.
- Кәсіпорынның атауын анықтаңдар.
- Осы кәсіпорын тиесілі өнеркәсіп саласын табыңдар.
- Осы кәсіпорынның орналасқан жері мен орналасу
түрткіжайтын атаңдар.
№5 кейс
Кәсіпорын 1958 жылы салынған және кеңес кезінде екі
рет қайта өзгертілген. Зауыттың сулы тәсілімен жұмыс
істейтін клинкерді күйдіруге арналған 4 айналмалы пеші
бар. Зауыттың қуаттылығы жылына 1 150 000 тонна
цемент өндіруді құрайды. Зауыт Ертіс өзенінің сол
жағалауында орналасқан. Кәсіпорынның цементі,
Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының және Қазақстанның
басқа да өңірлерінің тұтынушылары жоғары бағалайды.
- Кәсіпорынның атауын анықтаңдар.
- Осы кәсіпорын тиесілі өнеркәсіп саласын табыңдар.
- Осы кәсіпорынның орналасқан жері мен орналасу
түрткіжайтын атаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: