Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж


-тапсырма. Топтар сұрақтарға жаупа береді



Pdf көрінісі
бет208/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж

2-тапсырма. Топтар сұрақтарға жаупа береді.
1-топ.
Капитал дегеніміз не? «Капитал» ұғымының 
құрамына не кіреді? Инвестициялар мен кредиттердің 
артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? 
Капиталдың халықаралық қозғалысының себептері 
неде? Капитал экспорты елдің жағымды немесе 
жағымсыз сипаттамасы болып табыла ма? Неліктен? 
Мемлекет үшін капиталдың экспортының және 
импортының жағымды және жағымсыз нәтижелері 
қандай? Инвестициялық климат дегеніміз не?
2-топ.
Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы 
дегеніміз не? Еңбек мигранттары қандай санаттарға 
бөлінеді? Еңбек мигранттарының негізгі ағыны келетін 
елдерді атаңдар. Еңбек мигранттары ағынын қабылдау 
бойынша алдыңғы орында тұрған елдерді атаңдар. 
Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы және донор-
елдер мен реципиент-елдердегі демографиялық жағдай 
арасында байланыс бар ма? Еңбек мигранттары кеткен 
елге және келген елге қандай пайда әкеледі?
3-топ.
Қаржы, қаржы жүйесі, халықаралық қаржы 
жүйесі дегеніміз не? Қаржы неден тұрады? Кез келген 
қаржы жүйесінің рөлі қандай? Әлем елдері қаржылық 
қарым-қатынастарды келісу бойынша қандай саясат 
жүргізеді? Дүниежүзінің ірі қаржы орталықтарын және 
олардың мамандандырылған ісін атаңдар. Халықаралық 
банктер мен қорлардың экономикадағы рөлі қандай? 
Олардың ішіндегі ең ірілерін және олардың 


194 
мамандандырылған саласын атаңдар.
4-топ.
Халықаралық саудада түрлі субъектілердің 
қатысуының артықшылығы неде? Биржалардың рөлі 
қандай? Алуан түрлі биржалардың өзгешеліктері 
қандай? Биржалық баға келісімі неліктен сауда 
мәмілелері үшін маңызды болып табылады? Биржалық 
тауарлар мен аукционнан сатылымға қойылған 
тауарлардың өзгешеліктері қандай? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет