Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж



Pdf көрінісі
бет107/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж
1 наурыз алғыс айту күні, Самал устаз куни, ТАРБИЕ ЖОСПАРЫ С,.ӨМИРХАН 2018-2019, ТАРБИЕ ЖОСПАРЫ С,.ӨМИРХАН 2018-2019, ТАРБИЕ ЖОСПАРЫ С,.ӨМИРХАН 2018-2019, дарынды балалармен жумыс жоспар, Дарынды оку жоспары, Шанханай НМ 2019-2020 годовой план школы, өзін өзі тану, жоспар, Ашық сабақ Отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Сұрақтармен жұмыс істеу 
Осы географиялық нысандардың арасында қандай 
ұқсастық бар және олар бір-бірінен қалай ерекшеленеді? 
Қандай белгілері бойынша физикалық-географиялық 
ауданды немесе елді ажыратады?
Физикалық-географиялық аудандардың бөлінуі қалай 
жүзеге асырылады? 
Физикалық-географиялық аудандау дегеніміз не? 
Сабақтың ортасы 
1-тапсырма.
Физикалық-географиялық елдің сұлбасы 
мен оның сипаттамасын салыстырыңдар, әр нысанның 
атауының мағынасын ашыңдар.
Нәтижесінде 
сұлбалардан 
Қазақстанның 
картасы 
құрастырылады. 
Барлық 
нысандардың 
сұлбасын 
барлығын бірден беруге немесе бір-бірден беруге 
болады. 
Еліміздің аумағына өзінің оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді. 
Өзінің тектоникалық құрылымы бойынша ежелгі 
палеозойға дейінгі құрылымға жатады. Осы физикалық-
географиялық аймақтың аумағында Жалпы Сырт үстірті, 
Орал алды үстірті, Каспий маңы ойпаты тәрізді 
нысандар бар. Бұл аймақтың жер қойнауы мұнай мен 
газға бай. Климаты құрғақ, континенттік. Қаңтардағы 
орташа ауа температурасы солтүстігінде -15
0
С, 
оңтүстігінде -8
0
С. Шілдедегі орташа температура - 22-
24
0
С. Орташа жауын-шашын мөлшері солтүстікте 350 
мм, оңтүстігінде 140 мм. Ірі өзендері – Жайық, Жем, 
Ойыл. Ең ірі көл – Каспий. Дала, шөлейтті және шөл 
дала зоналары алып жатыр. 
1.
Бұл – Оңтүстік Қазақстандағы батыстан шығысқа 
қарай созылып жатқан ауқымды жазық.
 
Оның 
аумағында Маңғыстау таулары, Үстірті үстірті, Торғай 
үстірті, Бетпақдала, Қызылқұм, Мойынқұм орналасқан. 
Параграф 
мәтіні 


108 
Жазық палеозой эрасында қалыптасқан өзімен аттас 
тақтада орналасқан. Осы физикалық-географиялық 
аймақтың аумағында теңіз деңгейінен ең төмен нүкте – 
Қарақия ойысы орналасқан. Аумақта үлкен көлемде 
мұнай мен газ, құрылыс материалдары, ас тұзы мен 
темір кені өндіріледі. Климаты құрғақ, континенттік. 
Қаңтардағы орташа температура солтүстігінде -18
0
С, 
оңтүстігінде -5
0
С. Шілдедегі орташа температура 
солтүстігінде -22
0
С, оңтүстігінде-29 
0
С. Жауын-
шашынның орташа мөлшері 80-100 мм. Ірі өзендері - 
Сырдария, Шу, Талас, Торғай, Ырғыз, Іле. Көлдері – 
Арал, Балқаш, Алакөл, Обаған, Шалқар, Шалқартеңіз, 
Ақкөл, Қопа, т.б. Аздаған бөлігін дала және шөлейтті 
жерлер, ал қалған бөлігін шөл дала зонасы алып жатыр.
2.
Алтай тауларынан Орал тауларына дейін жіңішке 
жолақ түрінде созылып жатыр. Қазақстан аумағына 
оңтүстік сілемдері кіреді. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 
жалпы көлбеулігі бар. Геологиялық құрылымы 
бойынша төрт табиғи-аумақтық ауданға бөлінеді: Есіл 
жазығының орманды даласы, Тобыл-Обаған жазық 
даласы, Есіл-Ертіс даласы және Ертіс-Құланды жазығы. 
Темір, боксит, кобальт және көмір кен орындары 
кездеседі. Аумақ климаты континенттік. Жауын-
шашынның 60%-ы жазда түседі, орташа мөлшері – 350 
мм. Қаңтардағы орташа температура -17
0
С, -19
0
С. 
Шілдедегі орташа температура 18 - 20
0
С. Ертіс, Есіл 
және Тобыл тәрізді өзендер ағып өтеді. Ірі көлдері – 
Құсмұрын, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз және басқалары. 
Орманды дала және дала табиғи зоналары кесіп өтеді. 
3.
Бұл физикалық-географиялық
 
аймақ Орталық
 
Қазақстанның 
көпшілік 
бөлігін 
алып 
жатыр. 
Солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстігі 
мен батысында Тұран жазығымен, шығысында Сауыр-
Тарбағатай және Алтай тауларымен шектеседі. 
Палеозой эрасында пайда болған аласа таулы аймақ. Ең 
биік нүктесі – Ақсораң тауы, биіктігі 1565 м. Шығыс 
бөлігі батыс жағымен салыстырғанда көтеріңкі. 
Аймақтың жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. 
Қарағанды және Екібастұз көмір бассейндері – еліміздің 
ірі отын базасы. Пайдалы кен қазбаларына – мыс, 
марганец және сирек металдар кен орындарына бай. 
Климаты құрғақ, континенттік. Қаңтардағы орташа 
температура -14
0
, -18
0
С. Шілдедегі орташа температура 
20
0
С, 24
0
С. Орташа жауын-шашын мөлшері 200-300 мм. 
Ең ірі өзендері – Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, 
Тоқырау. Ірі көлдері – Бурабай, Щучье, Қорғалжың 
және Теңіз. Дала, шөлейтті және шөл дала зоналарының 
ландшафтысы тән.
4.
Бұл аласа таулы аймақтың Қазақстан аумағына 
тек оңтүстік бөлігі кіреді. Ең биік нүктесі – Үлкен
 
Боқтыбай 
тауы, 
биіктігі 
657 
м. 
Физикалық-
географиялық аймақ герцин қатпарлығы кезінде 


109 
түзілген. 
Жер 
қойнауы 
никель, 
хром 
және 
фосфориттерге бай. Климаты құрғақ, континенттік. 
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 мм. 
Қысы суық және қарлы, жазы ыстық. Ірі өзендері – 
Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды. Дала зонасының 
ландшафтысы тән.
5.
Қазақстан 
аумағына 
бұл 
физикалық-
географиялық аймақтың тек оңтүстік-батыс шеті кіреді. 
Жер бедерінің ерекшелігі бойынша үш бөлікке бөлінеді: 
Оңтүстік, Рудный және Қалба жотасы. Ертіс өзені мен 
оның салалары үш бөлікке бөледі. Ең биік шың – 
Мұзтау, биіктігі – 4506 м. Ертеде Мұзтау шыңын 
«Ақсүмбі», 
«Ақтайқы» 
деп 
атаған. 
Герцин 
қатпарлығының түзілуі нәтижесінде пайда болған. 
Мезозой эрасының соңында аймақ жазыққа айналған, ал 
неоген мен антропоген кезеңінде екінші рет көтерілген, 
нәтижесінде замануи таулы бедері түзілген. Бұл өлке 
пайдалы қазбаларға
 
бай. Полиметалл, алтын, сынап, 
қалайы, күміс, вольфрам және алуан түрлі сирек 
металдар 
қоры 
кездеседі. 
Климаты 
қоңыржай 
континенттік. Температура құбылмалылығы байқалады. 
Өзендері көп, ең ірі өзені – Ертіс. Бұл өлкеде көлдер де 
көп кездеседі, ең ірі көлдері – Зайсан мен Марқакөл. 
Мұнда 328-ден астам мұздық бар, олардың көбісі 
негізінен 2600 м биіктікте орналасқан. Шөлейтті 
зонадан бастап биіктік белдеулігі байқалады.
6.
Аймақ солтүстігінде Алакөл ойпаты мен 
оңтүстігіндегі өзен аңғары аралығында ендік бағытта 
орналасқан. Көксу және Боротала өзендері параллель 
жатқан екі тау жотасына – Оңтүстік және Солтүстік 
жоталарына бөледі. Ең биік нүктесі – Бесбақан тауы, 
биіктігі – 4622 м. Каледон және герцин тау түзілуі 
кезінде қатпарлы тауға айналды, ал мезозой мен төменгі 
кайнозойда біртіндеп бұзылып, тегістеліп кеткен, ал 
альпі қатпарлығы
 
кезінде биік тауға айналған. Тау 
етегінде климаты қуаң, температура биіктеген сайын 
төмендейді. Қысы суық, жазы салқын. Ебі және Сайқан 
желдері соғады. Су ресурстарына бай. Осы тау 
жүйесінің мұздықтарынан бастау алатын өзендер. 
Тентек, Қаратал, Лепсі, Сарқан, Биен, Ақсу, т.б. 700-ге 
тарта мұздық орналасқан. 
7.
Бұл 
физикалық-географиялық 
аймақтан 
солтүстікке қарай Зайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігіне 
қарай Алакөл қазаншұңқыры жатыр. Бұл қатпарлы 
таулы ел екі тау жотасынан тұрады. Олардың бірі 
биіктеу, онда биіктігі 3812 м болатын ең биік нүкте - 
Мұзтау жотасы орналасқан. Кейінгі полеозойда 
түзілген, Альпі тау түзілуі кезінде қазіргі жер бедері 
қалыптасқан. Көмір кен орындары кездеседі. Климаты 
Оңтүстік Алтайдың климатына
 
ұқсайды, бірақ жауын-
шашынның аз түсуімен ерекшеленеді. Кішігірім 
өзендері – Жарма, Қайыңдысу, Үржар, Аягөз, т.б. Тау 


110 
етегі шөлейтті зонаға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет