Сабақтың ортасы 1-тапсырма. Топтық жұмыс. Әр топ заманауи ғылыми-
техникалық жаңартуға кем дегенде 5 мысал келтіріңдер.
Келтірілген мысалдарды
https://padlet.com/
онлайн
тақтасына жазыңдар, ол бір мезетте бірнеше адаммен
бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әр топ жазу
жазған кезде белгілі бір түсті қолданады.
Онлайн тақта жалпылама шолу жасауға арналады.
Қосымшалармен жұмыс істеу жөніндегі
нұсқаулықтарды
http://catcut.net/mvSA
сілтемесі бойынша табуға болады.
Барлық топ бұл тапсырманы орындағаннан кейін,
оқушылармен мәнмәтіні бірдей деректерді
топтастыруды талқылаңдар.
Неліктен сендер бұл мысалдарды біріктіруге шешім
шығардыңдар? Олардың ұқсастықтары қандай?
Оқушыларға ғылыми-техникалық жаңартудың негізгі
қырларын оқып-үйренуге тапсырма беріңдер және
олардың келтірген мысалдарының ҒТП-ның қандай
қырына жататынын анықтауды, олар ұсынған
жүйелеумен салыстыруды тапсырыңдар.