6-тапсырма. Топтық жұмыс. Әр топ инновациялық
инфрақұрылымның құрамына кіретін ұйымдарды
таныстырады:
1-топ - технопарк
2-топ - құрастыру бюросы
3-топ - коммерцияландыру кеңселері
4-топ - технология трансферінің халықаралық
орталықтары
Әр топ инновациялық инфрақұрылымның әрбір
ұйымының қызметі мен рөлін сипаттайды.
7-тапсырма. Инновациялық өнімнің идеядан бастап
нәтижеге дейінгі әзірлену процесінің кезеңдерін
сызбамен көрсетіңдер.
Сабақтың соңы Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының
нәтижелері туралы субъективті болжамдар жасаңдар.
Субъективті болжам сарапшылардың, мамандардың,
тұтынушылардың т.б. ойларының нәтижесі бойынша
жасалады.
Бірінші болжам - оптимистік,
Екінші болжам - пессимистік,
Үшінші болжам - реалистік тұрғыда болуы тиіс.
Әр болжамның нәтижесін түсіндіріңдер.
Рефлексия «Үш С». Оқушыларға сабақ барысында сәтті жасай
алған үш сәтін атауды және келесі сабақта жұмысын
жақсартатын бір тәсілді ұсынуын өтініңдер.