59 бап. Міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуы тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттег құқықтарға н/е әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.Заңдар да н/е міндеттеме шарттарында борыщқордың несие берушіге міндеттеменің орындалу барысы туралы хабарлап отыру міндеті көзделуі мүмкін.
60 сұрақ. 339 бап. Міндеттеме негізнде несие берушіге тиесілі құқықтың (талап етудің) ол мәміле (талап етуді беру) б/ша басқа адамға берілуі; н/е ол құқық заң құжатының негізінде басқа адамға ауыстыруы мүмкін. Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы жөніндегі ережелер регресті талаптарға қолданылмайды. Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң құжаттарында н/е шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап етілмейді.
Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі. Жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқықлы.
61 сұрақ.Міндеттемені орындамау, не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар, жамыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау) тиісінше орындамау оның бұзылуы деп түсініледі. Тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушіге дереу хабарлауға міндетті. Міндеттемені бұзғандық үшін борышқорды жауапқа тарту несие берушінің талап етуі б/ша жүргізіледі. Міндеттеменің бұзылуынан келтірілген моральдық нұқсан ҚР АК 352 бабында көзделген залалдардан тыс өтеледі.
62 сұрақ. Міндеттемені бұзған борышқор несие берушіге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге міндетті. Міндеттеменің бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырудан борышқорды босату жөніндегі тараптардың міндеттеме бұзылғанға дейін кабылдаған келісімі жарамсыз болады, алайда талаптар өзара келісім б/ша мүліктегі нақты келтірілген зиянды ғана өндіріп алуды көздеуі мүмкін.