Қр білім және ғылым министрлігі «Еңбекші негізгі жалпы білім беру мектебі»ММ



бет1/3
Дата07.05.2020
өлшемі1,13 Mb.
#66416
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Баяндама Нартай Матенов


ҚР Білім және ғылым министрлігі

«Еңбекші негізгі жалпы білім беру мектебі»ММ



Тақырыбы: Математика сабақтарында логикалық есептерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Автор: Матенов Нартай Макенұлы математика пәні мұғалімі.

Павлодар облысы, Железин ауданы 2019 жыл

Математика сабақтарында логикалық есептер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тəрбиелеу жүйесін дамыту. Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеттерінің бірі логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.

Қазіргі уақытта оқушылардың арасындағы өзекті мәселелердің бірі-математикадан алған білімдер тек қана теориялық жағдаймен шектеліп, практикада жеткілікті қолданылмауы. Оқушылардың көбісі күнделікті кездесетін қарапайым мәселелердің шешімін таба алмайды. Оның себебі логикалық ойлау қабілетінің дамымағандығы.

Логика дегеніміз – ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері туралы философиялық ғылым. Ойлау – шындықтың санада бейнеленуі. Ол біріншіден – дүниетанудың нәтижесі болса, екіншіден – дүниені тереңірек, толығырақ танып – білудің құралы.

Логикалық ойлау дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой - пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру, оқу - тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады.

Оқушыларды логикалық ойлауға үйретуді, сол арқылы ой - өрісін кеңейтуді, математикалық тілде сөйлетуді, ұқыптылыққа баулуды мақсат еткен әрбір мұғалім қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық есептерді тиімді тәсілдермен шешу жолдарын үйрету проблемасын қояды. Логикалық тапсырмалар оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылады да, теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Оқушылардың логикалық ойлауға үйренуі және логикалық ойлауының дамуы олардың өздігінен ізденіп жұмыс жасауына жол ашады. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтеретін болғандықтан әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қолдану көзделеді. Бұл оқушылардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту, оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін шешуге көмектеседі.

Оқушылармен математикалық ойындар, ауызша есептер, шығармашылық тапсырмалар жүргізіп, олардың ойша болжай білу, тапқырлығы мен аңғарымпаздығын байқауға болады. Аңғарымпаздық оқушының өз білімін пайдалана білуінің көрсеткіші.

«Ойлау логиканың заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» – дейді В.И. Кириллов. Сондықтан оқушылардың логикалық тапсырмаларды орындауы барысында олар өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын сезінетіндей, берілген тапсырмалардағы ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар қисынды тағайындалып, одан қатесіз дұрыс қорытындылар ойлау жолымен ашылғанын нақты көрсетіп, дәріптеп, отыру қажет. Ол үшін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды негізгі үш бағытта іске асыруға болады:



  • Қызығушылығын арттыру;

  • Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

  • Шығармашылық ізденісін дамыту;

Оқушыларды топ - топқа бөліп, өзара ақылдасып ойлану арқылы жұмыс жасатуға да болады. Оқушылардың оқу ісін осылай ұйымдастыру оқушыны тапқырлыққа, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, топпен жұмыс жасауға үйретеді. Логикалық ойлаудың қай тұсында қателескенін өздері сезініп, түзетуіне де жол ашады.

Логикалық тапсырмаларды біртіндеп қиындату және оқытылатын тақырыпқа сәйкестендіру де қажет.



Логикалық есептердің сабақта қолданылатын кейбір түрлерін қарастырып өтейік:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет