Студент – практикант:________________ Баймағамбетов Е.
№ 26 орта мектептің
8 «б» сынып оқушыларына
педагогикалық – психологиялық
МІНЕЗДЕМЕ
№ 26 С. Датов атындағы орта мектептің 8 »б» сыныбында 20 оқушы білім алуда. Сыныпта 10 ұл, 10 қыз бар. Жас ерекшеліктері 16 – 17 жас. Олардың 7 оқушысы өте жақсы, 9 оқушысы жақсы, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сыныптың оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік құрамы – орташа. Сынып гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиесі жақсы. Оқушылар ұйымшыл бір – бірімен жақсы араласады. Мектептегі түрлі мәдени шараларға және спорттық жарыстарға белсене қатысады. Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттерін жүзіге асыру негізінде оқушылар шығармашылық дамуы үшін жүргізілетін үйірмелер және пәндік қосымша сабақтарға қатысады. Бектурлин Қуаныш, Сержан Әділет, Бейімбетов Әлихан, Қосымова Аружан мектеп олимпиадаларына әрдайым қатысып, жүлделі орындар алады. Оқушылар биге, әнге, домбыраға, спорттық жарыстарға қатысады. Атап айтсам, Ұзақбаева Гүлдәурен – би үйірмесіне, Бұлақбаев Сағындық, Ерікбаев Нұрасыл, Қосымбаев Қайрат – күреске, Манасова Назгүл, Биболова Алия – үстел теннисі командасының мүшелері. Мансұр Ердәулет – шахмат үйірмесіне, Қасымова Сезім –ән үйірмесіне қатынасады. Оқушылар арасындағы өзара қарым – қатынасы, ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары. Оқушылардың еңбекке ынтасы зор, ағаштарды күтіп баптау, сенбілікттерге қатысу, жауапкершіліктері мен адалдығы үлгі етерліктей. Сыныптың оқу үлгерімі 100 %, білім сапасы 85%, тарих пәні бойынша 4, 25 балл. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар. Ұлдардан: Ақжол, Мадияр. Қыздардағы айырылмас жұп: Маржан мен Іңкәр. Сыныпта мазасыз оқушыда бар: Элдос. Олар үнемі бірге отырады, бірге жүреді, бір-бірін қатты сыйлайды. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады.Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, саябаққа, қыс мезгілінде коньки тебуге барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде өздері ұйымдасып барады. Сынып ішінде демалу орнына барғысы келмей сыныпты артқа тартатын оқушылар да бар.Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.
ҚР – ның дамуына үлес қосар азаматтары мен азаматшалары болатындарына зор сенім білдіремін!
Достарыңызбен бөлісу: |