Қр білім және ғылым министрлігі



бет6/6
Дата22.10.2022
өлшемі141,05 Kb.
#154627
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
топ 19-14 Азаматқызы Аружан срсп4 учетт

2. Жүкті тиеу мерзімі.
Жүк стансаларында айтарлықтай көлемді мынадай коммерциялық және жүк операциялары атқарылады: жүкті тасымалдауға қабылдау, өлшеу, сақтау, тиеу, түсіру, ауыстырып тиеу, сұрыптау және беру; контейнерлерді өңдеу, тасыалдау құжаттарын толтыру, вагондардың жақындауы, келуі және тиеу – түсіру орындарына берілуі туралы жүк қабылдаушылар мен жөнелтушілерді хабардар ету, жүктерді ісдестіру, қаржы және касса есебін жүргізу, кіре ақы төлемін есептеу және орталықтандырылмаған есеп айыстыру жағдайында жүк және жөнелтушілермен және қабылдаушылармен есеп айырысу.
Бұларға қоса, жүк стансаларында мынадай техникалық операциялар жүргізіледі: жүріс графигіне сәйкес пойыздарды қабылдау және өткізу, сұрыптау, құрастыру, коммерциялық тексеру, жүк пойыздарын техникалық күтіп- баптау және жөнелту, тиеу- түсіру орындарына вагондарды беру және әкету, кәсіпорындарың және порт айлақтарының кірме темір жолдарына қызмет көрсету, келетін және жөнелтілетін құрамдарды өңдеу және т.с.с. Кейбір жағдайда жүк стансаларында вагондар дизенфекцияланып, жуылады және басқа операциялар атқарылады.
3. Вагонға жүкті тиеу тәртібі.
Тиеу-түсіру жұмыстары мыналардан тұрады: жүкті жылжымалы құрамға тиеу, одан түсіру, бір жылжымалы құрамнан екіншісіне ауыстырып тиеу, сұрыптау, жабық және ашық қоймалар ішінде, басқа да тиеу-түсіру оырндарында жүкті жылжыту және үю.
Теміржол көлігіндегі тиеу-түсіру жұмыстарының мынадай түрлері бар:
жүк пен контейнерлерді жабық немесе ашық қоймадан вагонға тиеу;
жүк пен контейнерлерді вагондардан жабық немесе ашық қоймаға түсіру;
жүк пен контейнерлерді вагондардан – вагонға тиеу;
вагондардағы жүк пен контейнерлерді сорттау;
жүк пен контейнерлерді жабық немесе ашық қоймадан автомобильге, автомобильдің жартылай тіркемесіне тиеу;
4. Вагонды пломбылау.
Тиеу жұмысын тасымалдаушылар атқаратын жағдайда жүк тиелген вагондар мен контейнерлер тасымалдаушылардың бекіту-пломбылау құрылғыларымен және солардың есебінен пломбылануы, жүк жөнелтушілер тиейтін жағдайда-жүк жөнелтушілердің құрылғыларымен және солардың есебінен пломбылануы тиіс. Адамның жеке басының, отбасының, үйінің және кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ өзге де мұқтаждықтарына арналған жүктер тасымалданатын жабық вагондар мен контейнерлер тасымалдаушының немесежүк жөнелтушінің сенім білдірген адамы арқылы немесе солардың есебінен пломбылануы тиіс.
Вагондар мен контейнерлердің жүк бөлімдеріне бөгде адамдардың еніп
8
кетпеуі және тасымалданатын жүктердің сақталуы үшін бекіту-пломбылау құрылғылары қолданылады.
Бекіту-пломбылау құрылғылары дегеніміз бекіту құрылғылары бір конструкцияға біріккен бақылау элементтері болып табылады.
Жүкті қабылдау, тиеу, құжаттар толтыру.
Теміржол көліктерімен жүк тасымалдау келесі қатынас түрлерімен жүзеге асады: тұрғылықты- бір ғана жол шегінде, тікелей- екі немесе одан да көп көлік (теңіз, өзен, автомобиль және әуе) түрлеінің қатысуымен, тікелей аралас – тасымалдау байланысы бүкіл жолға жасалған жүк құрамының біртұтас тасымалдау құжатымен шығарылады.Темір жол жарғысына сәйкес темір жол-сулы, темір жол-автомобильді, темір жол-сулы-автомобильді және басқа байланыстар қарастырылған. Сонымен қатар жүктер тікелей халықаралық байланыста тасымалдануы мүмкін- бір тасымалдау құжатында екі не одан көп мемлекет жолының қатысуымен және тікелей араласқан халықаралық темір жол-сулы-бір тасымалдау құжатында екі не одан көп мемлекеттің қатысуымен темір жол және су көлік түрімен жүзеге асады.
Жүктің санына қарай тапсырмада көрсетілген тасымалдаулар орындалады: майда, азсалмақты, вагонды, топты және бағдарлы жіберулер.
Майда жіберуге салмағы 20кг-нан 5т-ға дейінгі, көлемі төртайналымды жабық вагонға, жарты вагон немесе төртайналымды платформаға сыйымдылығы 1/3 көп емес жүктер жатады. Ал бөлек жағдайларды жоспарлы жүк жіберетіндер мөлшері есебінен станция бастығының рұқсатымен 10т-ға дейін жіберіледі.Азсалмақты жіберу-10т-дан 20т-ға дейін және вагонның жарты бөлігіне сиятын көлемдегі жүктер. Вагонды жіберуге бөлек вагон қажет. Топтық жіберуге бір вагоннан көбірек, маршруттан азырақ жүк партиясы қажет. Ал маршрутты жіберуге маршрут бағдар мөлшеріне сәйкес келетін вагондар саны қажет.
Жүкті тез жеткізу қажеттігінен жүкті жүктік үлкен және жолаушылық жылдамдықпен тасымалдайды; жүктік-кәдімгі жүк пойыздарымен үлкен жылдамдатылған байланыс, жол министрлігімен бекітілген жүк пойыздары, жолаушылық- жүктегіш жолаушылық вагондар немесе почталы-багажды пойыздармен. Жылдамдық түрін тасымалдау құжатында жіберуші анықтайды.
Көліктің түрін қолдануына байланысты алғашқы және соңгы тасымалдау пунктерінде тікелей байланыста 9 жер және транспорт түрлері схемада көрсетілген. 3,5,6,7,9 схемалары жиі кездеседі.

9
Жүкті жіберу және қабылдауда автомобиль көлігі қатысатын болса, екі аралық тасымалдау операциясын орындау қажеттілігі туады. Егер автомобиль көлігі тек алғашқыда ғана емес соңғы тасымалдау пунктінде де қолданылатын болса, онда жүктердің төрт қосымша операциясын жүгізу қажет болады.


Темір жолдың кіреберіс жолдарын қолдану аралық жүк арту операцияларының қажеттілігін туғызбайды. Көлік процесі даярлау цехтарымен тұтынушыларға қызмет көрсетеді.
Тасымалдау әдісі мен қорап түрі және жүкті орау құрылымына байланысты келесі түрлерге бөлінеді;
Дана түрдегі. Оларды тасымалдауда қолданып, қабылдаушыға орын немесе дана санына байланысты жапсырмаға жіберілгендей жүк орындарына жіберіледі.
Қапталған жүктер- вагондарда жіберіліп нақты орындары көрсетілмейді. Жапсырмада жүктің салмағы көрсетіледі(көмір, темір, қазбалар) ашық қозғалмалы құрамда тасымалданады.
Тасымалдауға қатысатын барлық жолдардың келісімі болатын жағдайда жүк жөнелтушінің жазбаша өтінімі бойынша бір стансаға және бір қабылдаушының атына баратын бір текті жүкті (кен, көмір және т.с.с.) бір жүк қағазымен тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жүктерді вагондық, ұсақ жөнелтілімдермен және ірі тоннажды контейнерлік жөнелтілімдермен қабылдап, жөнелту оларды жөнелтетін теміржолда қолданатын Ережелерге сәйкес жүргізіледі. Жүк жөнелтуші жүк орындарына өшпейтін айқын жазулар жазуы немесе жапсырма бекітуі әлде тақтайша ілуі тиіс, оларда жүк орындарының таңбалары (маркалары) мен нөмірлері, жөнелту стансасы мен жол атаулары, жүк жөнелтуші мен қабылдаушы, ұсақ жөнелтілімдер болса, орындарының саны көрсетіледі.
Ұсақ жөнелтілімдерде әрбір жүк орны таңбалануы тиіс, вагондық жөнелтілімдерде – вагон есігінің маңайына орналасатын жүктердің кемінде 10 жүк орны таңбаланады.

10
Қорытынды


Теміржол көлігінде перспективтік, бір жылдық және шұғыл (айлық және тоқсандық) тасымалдау жоспарлары жасалады. Олар өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өнімдерін шығару және тұтыну, сондай-ақ құрылыс жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы жүк айналымдары жоспарының негізінде жасалынады.


Тасымалдау жоспарын жасағанда еліміздің тасымалдауға мұқтажын барынша және уақытылы қанағаттандыру, халық шаруашылығында тиімді экономикалық және көлік байланысын жасау, көліктің әртүрлі арасында тасымалдау жұмыстарын экономикалық тұрғыдан дұрыс бөлу арқылы көлік шығынының азайту мақсаты қойылады. Бұл үшін вагондардың, кемелердің, автомобильдердің жүк көтеру күші мен сиымдылығын барынша пайдалану; олардың зая жүруін азайту; тасымалдау жұмыстары көлемінің жыл бойында өзгеруін, халықшаруашылығының науқан кезіндегі мұқтажын ескере отырып, мейлінше қысқарту мәселелері жоспарланады.
Тасымалдаудағы жоспарлау жүйесі теміржол, теңіз, өзен, автомобиль және әуе көліктерінде бірдей болады және оларды жасау мерзімі, жолы, бекіту, орталықта және жергілікті жерде жоспарлау, шаруашылық және басқа мекемелерде келісу мәселелері бір уақытта болады.
Көліктің техникалық құралдарды тімді пайдалану және көлік шығындарын азайту үшін тасымалдауды жоспарлау жүк ағындарының бірыңғай бағыты сызба бойынша жүзеге асырылады. Жүк ағындарының бірыңғай бағыттары деп өнім шығаратын өндіріс аудандарын өнімді тұтынушы аудандарға бекітуді айтады.
Жоспарлау кезінде біркелкі жүкті қарама-қарсы бағытта тасымалдауға, жүк ағынының бірыңғай бағыттары сызбасында көрсетілген аймақтардан алысқа тасымалдауға, су, автомобиль, құбыр көлігімен апару тиімді жерге теміржолмен тасымалдауға мүмкіндік берілмейді. Тасымалдаудың ең қолайлы жоспарын жасау үшін математикалық әдістер мен электронды есептеу машиналары кеңінен қолданылады.

11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Организация, учет и внутренний контроль на предприятиях общественного питания [Текст/Электронный ресурс]: Справочник / Под общ. ред. Н.К. Алимжановой. - Алматы: LEM, 2016. - 340 c. - ISBN 5-7667-9251-4


2. Торопова Н.Д. Организация производства на предприятии общественного питания [Текст/Электронный ресурс]: Учебное пособие. - 2-е издание. - СПб: Лань, 2019. - 348 с. - ISBN 978-5-8114-3691-0
3. Мухамеджанова А.C. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы калькуляция және есеп. Оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2015. – 60 б.


12

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет