Волюнтаризм – болмыстың түп негізі деп, ерік, ырықты санайтын бағыт.
Г
уна (үнді) – Пракритидың негізгі қасиеті, гуна – сапа. Сапа-бұл заттың қозғалмайтын өзіндік сипаты. Вайшешика 24 түрлі сапаны көрсетеді.
Гуру (үнді) – «Ла йықты», «Ұстаз» деген мағына береді, шығыс діндерінде, шығыс елдерінде жоғарғы рухани мәнге ие болмыс.
Гносеология - таным теориясы, адамның ақиқатты танып, білуіндегі философияның ең маңызды бөлімі.
Гуманизм адам мүддесі үшін жасалатын ізгіктердің топтамасы. Адамгершілікке баулу.
Гипотеза – (гр. huostasis – негізгі болжам). Ғылыми болжам, шамалау және оның ақиқаттық мәнінің белгісіздігі.
Гилозоизм– (гр.hule – зат және loe– өмір). Материяның әмбебап тіршілігі туралы философиялық ілім.
Гедонизм – «адам рақат тұрмысқа тырысады» – дейтін көне грек ілімі.
Герменевтика – ( гр.hermeneo) түсіндіремін, мәтіндерді түсіндірудің өнері. Неопозитивизмнен ерекше, ол тілдің өзі дүниетанымды қамтитынына сүйеніп, дүниені түсіну үшін тілді оқу жеткілікті деп есептейді.