Р. Е. Жүншеев, Г. К. Мұсабекова Философия



бет53/77
Дата06.02.2022
өлшемі23,29 Mb.
#81694
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77
Байланысты:
оқу құралы соңғысы

Ренессанс, Қайта Өрлеу - Батыс Еуропа мәдениетінің даму кезеңі (14-16ғғ). Антикалық идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және орта ғасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда кейіннен Еуропаның басқа аймақтарынан таралды. Зайырлы мәденниеттің рөлін артады. Бұл дәуірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негізделеді. Сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманистер деп атайды. Оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне ой еркіндігі мен сыни көзқарасты енгізді. Ренессанс дүние танымы антропоорталық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы - адам, ал Құдай - барлық заттардың бастауы. Қоғам- адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның
өзіндік санасы өзін таныту, өз күш, қабілетін сезіну ретінде көрініс табады. Сондықтан мұнда "алыптар" аталған ірі тұлғалар: Леонарда да Винчи , Тициан, Петрарка, Сервантес, Пико делла Мирандолла, Бэкон, Кампанелло, Эразм, т.б. өмір сүрді. Тән сүлулығына деген қызғушылық қайта жанғырады. Өнерде адамның қуанышы мен бақыты талап-тілектері мен құштарлықтары бейнеленеді. Өнерде антиктік адамды идеялы, сұлулықты үйлесімділік пен өлшем ретінде түсіну қайта жанғырды.


Реформация (қайта құру түзеті) - римдік католиктік шіркеудің монополиясына, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қарсы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16ғ діни - қоғамдық қозғалыс. Реформацияның көсемдері және негізін салушылар - М. Лютер мен Ж. Кальвин. Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы - протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-котоликтік шіркеуден бөлінуін Папа жағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады


Ригведа - үнді мәдениетінің ең көне діни және әдеби ескерткіші. Ғалымдардың айтуы бойынша, оның жырлары б.д.д 15-6 ғғ.шамасында келген. Егер Веда үндіарийлердің қасиетті білім жинағы болса, Ригведа - жырлар жинағы. Бұл жинаққа сол заман білімінің құдайлар, жын, ғарыш, ритуал, әлеуметтік құрылым, этикалық құндылықтардың бүкіл жиынтығы кірген ,бірақ Ригведа құдайларды жырлауға арналған мінәжат ескерткіші болғандықтан, оның авторлары тәңірлерді арийлер жағына шақырумен болған. Олардың міндетіне Тәңірлерді мадақтау, олардың батырлығы мен қасиеттілігін жырлау, құрбандық қабылдауға шақыру, арийлер үшін көмек сұрап жалбарыну сияқты көптеген әрекеттер кірген. Бұл арада Құдай мен оған жалбарынушының арасындағы айырбас ахуалы тән. Мифология мен ритуал жағынан Ригведада Авестамен ұқсастық көп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет