224
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ
(Жолсерік келіншекке)
Жолаушыларды осы-
лай қорқытып қою керек.
(жолаушылар естісін деп)
Ал сосын әне бір мә-
селе қалай?
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК
(жұрт естісін деп)
Ол мәселе де тамаша...
(Жолаушылар естісін деп)
Взнос па? Қазір берейін!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ
(жұрт естісін деп)
Жақсы!.. Өте жақсы!..
(Жолсерік келіншекке)
Қазір біз барған соң бересің...
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Айтпақшы, осында сізді жаңа бір кісі сұрап
жатыр еді. Танысыңыз ғой деймін!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Кім?
Осы сәтте қатардағы купеден Саудагер әйел шыға келеді. Билетсіз
жолаушыны қолынан жетектеп алған.
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Мен ғой... Біз іздеген...
(Билетсіз жолаушыны қо-
лынан тартып қойып).
Жүрсейші былай!..
(Пойыздың бастығына)
Үй-
бай, інім-ау, бала-шаға аман ба? Келіннің жағдайы қалай?
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ
(танымағанын жасыруға тырысып).
Иә-иә,
аман!.. Бәрі жақсы!
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Апамның ше?! Көкемнің... Бәрінің дендері сау ма?
Қуатты отыр ма?..
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Ол кісілердің сүйегі асыл ғой... Жақында әдейі ба-
рып, сәлем беріп қайтам... Анда-санда барып тұрмасаң, ұрсады олар!.. Рен-
жиді...
(Билетсіз жолаушыны көрсетіп)
Айтпақшы,
мына кісіні таны-
майтын шығарсың... Бұл кісі – құдамыздың құдасы... Оқудағы баласына
барып...
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Иә, балама барып... Мұғалімдері соғым сұрат-
қан екен... Содан билет ала алмай...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Сөйтіп тұрғанда мына сіңлім кездесіп...
(Жолсерік
келіншекті көрсетіп).
Өзі сондай бір кішіпейіл... ілтипатты, тәрбиелі
бала екен...
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Екеулеріне бір купені беріп қойдым... Жүк-
тері де көп екен...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Қарағым-ау, өзің де білесің ғой – мен ептеп сауда-
саттық жасаймын... Бала-шағаның қамы... Қане, ішке кіріңдер, ауылдан
алып шыққан дәм бар еді...
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Жо-жоқ, рақмет!..
(жұртқа естірту үшін)
Бізде тәртіп өте күшті... Қызметте жүргенде ондай болмайды.
(Жолсерік
келіншекке)
Бұл кісілерден абай бол!
(Саудагер әйелге)
Жақсы, апа! Мына
кісілерге тапсырып кетем... Сіздерге барлық жағдайды жасайды.
225
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Рақмет, қарағым! Қайтарда тағы мінем ғой пойызыңа!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Әрине... әрине!
(Жолсерік келіншекке жұрт
еститіндей етіп)
Жолаушылардан ешқандай жалоба түспейтіндей бол-
сын! Өте абай болу керек!... Әсіресе, күдікті адамдарға... Сосын ішіп алған
мастарға ешқандай аяушылық жасамау керек!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Дұрыс!.. Мас көрінсе, аямаймын!.. Ит қосып
қуамын!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Ал сау болыңыздар!..
Пойыздың бастығы мен Жолсерік келіншек кетеді.
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Апырмай, пойыздың
бастығы ініңіз болғаны
қандай жақсы болды, әйтпесе, далада қалады екенбіз...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Қайдағы іні? Мен оны өмірімде бірінші рет көріп
тұрмын!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. А, сонда қалай болғаны?
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Туһ! Өзің шал болғанмен, түк білмейтін шал екенсің.
Заманың
қандай болса, адам сондай болу керек! Жүр, шай ішеміз.
Екеуі купеге кіріп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: