39
Расында да, ақын поэзиясындағы қай жанрдағы шығармаларын алсақ
та, тапқыр оймен тәнті ететін шешендік, пафостық екпін, романтикалық
еркіндік танылады. Ақын үшін оқырманның үлкен-кішісі жоқ, соның
өзінде қай-қай шығармасында да азаматтық рух сезіліп тұрады. Мысалы,
ақын «Кірісу» деген өлеңінде:
«Кіріспе» демей,
«Кірісу» қойдым жыр атын.
Кірісу – менің
Міндетім,
Қақым,
Мұратым!
Өмірде
мынау бәріне,
Бәрі,
Бәріне
Кірісу керек,
Кірісу керек шын ақын!..
Атынан елдің,
Атынан жердің,
Халықтың,
Атынан Айдың,
Атынан Күннің,
Жарықтың,
Атынан ардың,
Атынан ұят,
Намыстың
Адамға біткен парасат пен парықтың... –
деп, азамат рухының биік екенін танытады.
«Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінде лирикалық қаһарман:
Туған дала,
Менсіз талай қамалдар алыныпты!..
Сенің арың – маған да ар.
Кешір мені, кеш келіппін өмірге!
Кеш туыппын!
Кеш қалыппын!
40
Не амал бар?
Саған уақыт сәл қиындық жолдаса –
Қағаберіс қалмаспын мен
Енді аса!..
Бірақ мені кешірме сен
Өмірде
Өлең
қылар өз ерлігім болмаса, –
деп, ағынан жарыла отырып, перзент ретінде өлеңімен бірге парасат пен
жауапкершілігінің жоғары екенін жарқыратып көрсетеді.
Ақынның поэзиясын оқи отырып, лирикалық кейіпкермен бірге бала-
лық шаққа саяхат жасаудан бастап, азаматтық тұлғалану деңгейіне дейінгі
өмірді бірге кешіп өтуге болады. Ақын «Портфель» өлеңінде әке-кейіпкер
ретінде былай дейді:
Екіұдай сезім тербеумен,
Күлген де болам сыр сақтап.
Жарасқан атты сүрлеуден
Бөлінбек қазір бір соқпақ.
Жақындай бере:
– Ал енді,
Тоқтама, – дедім, – тарт! – дедім.
Шапқылап ала жөнелді
Арқалап шағын портфелін.
Емірендім сол сәт, егілдім,
Сезінсін қайдан сотқарың?!
Алғашқы жүгін
өмірдің
Арқалап бара жатқанын.
Өлең оқиғаға құрылған. Мұнда әке мен бала мектепке келе жатыр. Ли-
рикалық сурет бар, ол – ақынның өткені мен бүгіні, яғни бала Жарас-
қан енді әке Жарасқан деңгейіне жеткендегі көзге көрінбейтін, бірақ өлең
жолдарымен, көңіл көзімен сезілетін нәзік сыр.
«Дала, сенің ұлыңмын» кітабы 1975 жылы жарық көрді.