ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


АРҒЫСАЙ – Казталов ауданындағы гидроним.  АРЫСТАН



Pdf көрінісі
бет151/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

АРҒЫСАЙ
– Казталов ауданындағы гидроним. 
АРЫСТАН
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
АРПАШ
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Өсімдікке қатысты жасалған 
фитотопоним. 
АҢҚАТЫ
– Сырым, Теректі аудандары арқылы ағатын өзен атауы және елді мекен. 
Аңқаты – көнеден келе жатқан атаулардың бірі. Аталмыш топонимі 12 ғасырға дейін, түркі 
даласына Шыңғы әскері келгенге дейін қалыптасқан. Бұл туралы мәлімет921-922 жылдары осы 
дала арқылы бұлғарлар жеріне сапар шеккен араб саяхатшысы Ахмед ибн-Фадланның 
еңбегінде берілген. Итак, мы переправились через реку Йаганды именно таким способом. 
После этого таким же образом переправились через реку Джам. Бұл – Жем өзені. Затем 
перешли через реки Джахыш, Узил, Эрдэн, Варыш, потом Анхаты, Вабна – болшие реки деп 
жазды ол өзінің күнделігінде. ??, 27.
Демек, Аңқаты өзенінің атауымоңғол әскері қыпшақ даласына келместен бұрын бар 
екен және дәл бүгінгі тұлғасында берілген.
Бұл түркі тілдерінде кездесетін төмендегі сөздермен түбірлес және мағыналас. Қырғыз 
тілінде аң-шұңқыр, ор; якут тілінде: аңхай, жыра, жылға, сай, ор т.б. Яғни, түркі тілдерінде 
аңқа сөзі жыр, сай мағынаын береді екен. Қазақ тілінде де аңқасы кебу деген тіркес бар. 
Осындағы аңқа сөзі ауыз қуысыдеген ұғымды береді. Бұл сөз түркі тілдеріндегі жыра, сай 
сөздерімен мағыналас келіп тұр. 
Б.Базылханның сөздігінде анға – қуаң жер, жаңбыр сирек жауатын жер мағанасын 
білдіреді. Олай болса, аңқасы кебу мен қуаң жер сөздері синонимдес болып келеді. Ал осы 
сөзге жалғанған –ты қосымшасына келер болсақ, бұл қосымша Батыс Қазақстан облысындағы 
Аңқаты, Жымпиты, Өлеңті, Шідерті, Қалдығайты секілді көне атаулардың құрамында 
сақталған реликтілік көне жұрнақ болып саналады. Бұл жұрнақ Қазақстанның басқа да 
территорияларында кездесетін көне топонимдер құрамында сақталған. Мысалы, Сілеті, 
Арғанаты, Бұланты, Мойынты т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет