188
сөздің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілері де бар. Жиренше шешен атымен байланысты
әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны — оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа
үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа
бөледі. Біріншісі—Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы, әрі досы етіп көрсететін
әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел
ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі - Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке
қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына
өзінің ақыл- парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі -
Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-
қалжың сөздері. Осы шығармалардың арқасында Жиренше есімі ұмыт болмай ғасырдан ғасыр
асып, бүгінгі ұрпаққажетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: