ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


БАЙБОЗ  - Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған атау.  БАЙҒҰТТЫ



Pdf көрінісі
бет158/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

БАЙБОЗ 
- Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған атау. 
БАЙҒҰТТЫ 
- Қаратөбе ауданындағы жер аты.Ел ішінде оны 
Шолаққамыс Байғұтты
деп те атайды. Шолаққамыс Байғұтты – Қалдығайты бассейннің су жайылатын алқабы. 
Байғұтты
генетопоним, ру атауынан қалыптасқан. 
БАЙШОРАҚ
– Қаратөбе ауданындағы жер аты, генетопоним. 
Байшорақ
– Алаша 
руының үлкен тайпаларының бірі. 
БАЙШЕРКЕШ
– Бөрлі ауданындағы елді мекен, генетопоним. 
БАЙҚАДАМ
– Жаңақала ауданындағы елді мекен. Адам атының байланысты қойылған 
атау. 
БАЙҚОПА
– Теректі бұрынғы Ақжайық ауданындағы елді мекен. 
Қопа
– «сулы жер». «көл» ұғымын беретін детерминатив. Бұл детерминатив 
Қазақстанның Батыс аймағында ерекше тараған. Облыстың жер – су атаулары жүйесінде 
Қопа 
сөзімен берілген бірнеше гидроним бар. 
Көршілес Ақтөбе облысының Қобда ауданында 
Жиренқопа
елді мекені бар. 
Тіпті Ресейдегі Кубань, Майкоп деген өлке, қала атаулары да осы детерманитивтің 
қатысымен жасалған. 
БАЙЖАЗЫҚ
– Бөкей ордасы ауданындағы жер аты.Жер бедеріне байланысты 
қалыптасқан. 
БАЙСЫМАҚ 
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. 
БАЙКӨЛ
– Казталов ауданындағы гидроним. 
БАЙДУШЕВ
– Сырым ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотоним. 
БАЙЖАН
– Жәнібек ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
БАЙМҰҚАШ
– Казталовка ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотоним. 
БАЙҚУАТ
– Бөрлі ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотоним. 
БАЙТА
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен.Байтал – әлі толып 
жетілмеген, ұрғашы жылқы. Жылқы малының жасын білдіретін осы сөз жер атауына ауысқан, 
зоотопоним. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет