ҚР қылмыстық атқару құқығының түсінігі, пәні және курс жүйесі



бет9/16
Дата10.06.2020
өлшемі135,27 Kb.
#72893
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
bestreferat-314409

өзара әрекеттестігі.

Қайталанба қылмыспен күресудегі ең маңызды бағыттың бірі - ол бас бостандығынан айыру органдарынан босатылғандар жағынан жаңадан қылмыс болмауын ескерту. Бұл жағдай бас бостандығынан айыру орындарынан босаған сотталғандардың кейбіреулері өздерінің қылмыскерлік көзқарасы мен ниетінен бас тартпайтындығына негізделген. Бас бостандығынан айыру органдарынан босап шыққандарға түзеу әсерінін жағымды қорытындысын бекітуді жалғастыру мақсатында заңмен белгіленген жағдайда оларға әкімшілік бақылау қойылуы мүмкін. Оларды қызметке орналастыру мен тұрмыстық жағдайларын түзеу шаралары жүргізіледі.

Еңбекке орналастыру мен тұрмыс жөніндегі аға инспектор сотталғандарды босатудан 3 ай бұрын жергілікті полиция органдарына түзеу мекемесі босататындар туралы хаттама арқылы мінездеме жібереді; онда тағы да қылмыс жасамауын алдын ала ескерту үшін жазаны өтеп жатқан кездегі тәртібі, мінез-құлық өзгешеліктері мен т.б. ерекшеліктері жазылады.

Сонымен түзеу мекемелері әкімшілігінің және басқа да жазаны атқарушы органдардың полиция аппаратымен өзара тығыз әрекеттестігі түзетудің ықпалын баянды етуге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар жағынан қылмыс болдырмаудын алдын алуға маңызы зор.

Түзеу мекемелері мен басқа да қылмыстық жазаны атқарушы органдар өздерінін күнделікті қызметінде жазаны атқаруды заңдылықты сақтауды бақылап отыратын прокуратура органдарымен әрдайым өзара байланыста болады. Бұл функцияны орындай отырып, прокуратура органдары қылмыспен күрес жүргізетін басқа да органдардың жұмысын үйлестіріп отырады, ал ол өз кезегінде органдардың жұмысындағы кемшіліктері мен олқылықтарын тауып және оларды жойып, болдырмауын талап етеді.
5-дәріс. Жазаны орындату мекемелері мен органдарының қызметкерлері.

1. Жазаны орындау мекемелері мен органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы, оларға қойылатын талаптар мен оларды әлеуметтік қорғау.

2. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдар қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

3. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметіне бақылау жасау.



1.Қазақстан Республикасының ішкі істер оргаңдары қызметкерлерінің құқық жағдайлары қорғалуына (олардың қатарына жазаны орындау мекемелері мен органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерінің әскери қызметкерлері кіреді) Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік етеді және олар 1993 ж. 15 шілдедегі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы", 1992 ж. 23 маусымдағы "Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы" Қазақстан Республикасы заңдарымен, қылмыстық-атқару заңдарымен, ЕТМ-нің ішкі тәртіп Ережелерімен, сондай-ақ жекелеген еңбек заңдарымен белгіленген.

Ішкі істер органдарының қызметкері Үкіметтің өкілі болып есептеледі. Ол мемлекеттің қорғауында болады және қызмет бабы кезінде дербес құқыққа ие болады. Ішкі істер органдарының азаматтарға, лауазымды адамдарға солардың ішінде сотталғандарға қойған заңды талаптары міндетті түрде орындалуы тиіс.

Сонымен, ішкі істер органдары қызметкерлеріне, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының қызметкерлеріне заңмен үлкен өкілдік беру, ол жазаны атқартып жүрген мекемелер мен органдардың алдында тұрған қылмыспен күресу саласындағы міндеттерді орындауды қам-тамасыз етуге шақырылады.

Қылмыстық жазаның алдында тұрған мақсатқа жету, көбінесе жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлері әрекетінің тиімділігімен белгіленеді.

Жазаны атқаратын мекемелер мен органдар қызметкерлері құрамына кіретіндер: түзеу мекемелері қызметкерлерінің, қатардағы және басқарушы құрамы, ІІО-ның түзету жұмысы инспекциясының қызметкерлері, полицияның кейбір қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ішкі әскерлерінің түзеу мекемесін күзететін және бақылайтын әскери қызметкерлері, түзеу мекемесінің ерікті жалдамалы жұмысшылары мен қызметшілері.

Жазаны атқаратын мекемелер мен органдар қызметкерлерінің құқық жағдайы - қылмыстық жазаны атқару кезіндегі жүктелген функциясын орындауда оның өкілдерінің құқығы мен міндеттерінің жиынтығын құрайды.

Қызметкерлердің құқықтық жағдайы көптеген экономикалық-әлеуметтік, саяси тағы басқа да факторларға байланысты. Осы факторлардың ішіндегі маңыздылары, ол жаза атқарудың мақсаты - қылмыстық-атқару зандарының міндеттері және осыған сәйкес қылмыс жазасын атқарту мекемелері мен орган-дарының функциялары мен міндеттері.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметкерлеріне құқықтар мен міндеттер жүктеу - ол қылмыстық атқарту жүйесі органдарының алдына қойылған мақсаттарды қамтамасыз ету.

Қызметкерлердің құқықтық жағдайы әр түрлі болуы мүмкін. Ол жазаны өтететін түзеу мекемелерінің, органдарының түріне, жаза өтеу мен шешетін мәселелеріне байланысты. Сотталғандардың құқықтық мәртебесі өзгерген сайын қызметкерлердің де құқық жағдайы өзгеріп отырады. Мысалы, түзеу жұмыстары инспекциясы қызметкерлеріне қарағанда, түзеу мекемелері қызметкерлерінің өкілдік құқығы әлдеқайда кеңірек болады.

Түзеу мекемесінің қызметкерлері шешетін мәселелеріне, орындайтын міндеттеріне қарай үш дәрежеге бөлінеді. Біріншісіне - арнайы лауазымды қатардағы және басқарушы құрамдағы түзеу мекемесінің қызметкерлері кіреді. Екіншісіне - түзеу мекемесін күзететін және сотталғандарды бақылайтын әскери қызметкерлер. Мекеме алдына қойылған жазаны өтеу режимін сақтау, сотталғандарды еңбекке тарту, күзету, сот-талғандарды бақылау және түзеу мекемесінің қауіпсіздігін сақтау салаларындағы негізгі қызметті қамтамасыз ету аттестациядан өткен қызметкерлерге жүктелген. Мысалы, түзеу мекемесі қызметкерлері жазаны өтеу режимін сақтауды қамтамасыз ету үшін сотталғандардан және басқа да адамдардан (сотталғандармен бірге жұмыс істеп жүрген жұмысшылардан, қызметкерлерден, түзеу мекемесіне келіп кететін адамдардан) түзеу мекемесіне қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген міңдеттерін орындауды талап етуге хақы бар. Мұңдай талаптарға: сотталғаңдардың кейбіреулерінің бөлектеу ережесін сақтауы жолықтыруды өткізу, хаттасуды, сотталғандардың өзара және түзеу мекемесі қызметкерлерімен қарым-қатынасын реттеуді жатқызуға болады. Режимді бұза қалса сотталғандарға жазалау шарасы қолданылуы мүмкін.

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің құқықтық жағдайының (Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерді сотталғандарды күзетуде, қашуды ескертуде және үзіп тастауда, бас бостандығынан айыру орындарында басқа да қылмыстарды болдырмауда маңызы зор. Сонымен бірге түзеу мекемесі объектілерін қорғау және олардың материалдық дүниелерін, сотталғандарға рұқсат етілмеген құралдар мен заттардың өтіп кетуін болдырмау, қашып кеткен сотталғандарды іздеу т.с.с. қамтамасыз ету міндеттелген. Көрсетілген міндеттерді орындау үшін түзеу мекемесінің қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге сотталғандардың жатқан жерлерін, жеке заттарын, өздерін тінтуге, көліктерді және түзеу мекемесіне кіріп-шығатындарды немесе режим та-лаптары қойылған аумақтарда жүргендерді тексеруге рұқсат берілген. Қашып кеткен сотталғандарды, сондай-ақ жазаны өтеуден бұлтарып жүргендерді ұстау үшін түзеу мекемесі қызметкерлері мен ІІМ ішкі әскер әскери қызметкерлерінен тұратын іздестіру топтары құрылады, олар жергілікті қылмыстық іс және мунипуципиалды полиция органдарымен бірлесе отырып операция жүргізеді. Қашып кеткен сотталғаңдарды іздестіру кезінде түзеу мекемесі қызметкерлері қоғамдық ақпарат құралдарының, яғни газет, радио, теледидар мүмкіндіктерін пайдалануға құқы бар. Олардан қашыққа қашқан қылмыскер, олардың белгілері, мүмкін болатын жерлері туралы және оларды ұстауға көмектесуді хабарлайды.

Түзеу мекемесі мен тергеу қаласының бастықтары анықтау органдары қызметінің уәкілеттілігін орындайды. Түзеу мекемесі бастығына, оның қарауындағы қызметкерлерге құзырлығы шегінде тиісті жедел-іздестіру және басқа да қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленгендей, қылмысты және оны жасаған адамды табу мақсатында шара қолдану міндеті жүктеледі.

Егер қылмыстың белгісі бар болса алдын ала тергеу жүргізу міндетті, онда анықтау органдары қылмыстық іс қозғалады және қылмыстық іс жүргізу заңының ережелерін басшылыққа ала отырып, жедел тергеу қимылдарын жүргізеді, оны анықтау және қылмыстың ізін сақтап қалу үшін: қарайды, тінтиді, заттарын алады да оған тиюге тыйым салады, куәландырады, күдікті ұстайды, одан жауап алады, жәбірленуші мен айғақтардан жауап алады, керек болса экспертиза тағайындайды.

Қылмыстың табылғаны, анықтау басталғаны және оның аяқталғаны жөнінде түзеу мекемелерінің бастығы прокурорға хабарлауға міндетті. Түзеу мекемелері қызметкерлерінің тәуелсіз құзырлығының құқы мен міндеттері тәрбие жұмысын жүргізу керектігінен, жалпы білім беруден, мамандыққа - техникаға дайындаудан туындайды. Түзеу мекемелерінің жалдамалы ерікті жұмысшылары мен қызметшілерінің құқықтық жағдайы еңбек, қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген. Түзеу мекемесінің қызметі ерекше болғандықтан жұмысшылар мен қызметшілерге қосымша міндеттер жүктеледі, оларға кіретіндер - сотталғандармен жұмысына қатысы жоқ қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Сотталғандарға тағам, азық-түлік, ақша, хат, спирттік ішімдіктер, заттар, басқадай бұйымдар беруге рұқсат етілмейді. Егер де бұл талаптар бұзыла қалса түзеу мекемелері әкімшілігі ондай адамдардың сотталғандар жұмыс істейтін объектіге кіруін тоқтатады және ондай адамдарды жауапқа тарту мәселесін шешуге хақы бар. Сонымен қатар жалдамалы еріктілер құрамы сотталғандармен бір жыныстас болуы тиіс.

Жазаны қоғамнан бөлектемей атқаратындарды бақылайтын орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайының қылмыстық түріне қарай өзгешелігі бар. Бас бостандығынан айырмай еңбекпен түзеу инспекциясы қызметкерлерінің айрықша міндеттері қылмыстық-атқару зандарымен реттеледі.

Жазаны орыңдайтын мекемелер мен органдардың қызметкерлеріне тиісті талаптар қойылады. Олар едәуір әр түрлі және лауазымына, жұмысына тән орындайтын функциясының ерекшелігіне байланысты. Оларға қойылған талаптар, қызмет істеу тәртібі мен жағдайы, әлеуметтік-құқықтық, қорғау шаралары: "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасы министрлер кабинеті бекіткен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында жұмыс істеудің тәртібі мен жағдайлары туралы Ережемен, сонымен бірге қылмыстық-атқару заңдарымен және заңға негізделген нормативтік актілермен белгіленген. Айтылып отырған қызметкерлерге жалпы талап сотталғандармен айналысудың Ең аз үлгі Ережесінде баяндалған: "Қамау орнындағы барлық қызметкерлер әр уақытта ұстамды болуы және өз міндеттерін орындағанда қамаудағыларға үлгі көрсетіп қадірлі болуы тиіс".

Түзеу мекемелері қызметкерлеріне қойылатын талаптар мен орындайтын қызметіне байланысты олардың өзгешеліктері болады. Сондықтан түзеу мекемелері қызметкерлері арасындағы жеке топтарды бөліп айтуға болады: оперативтік-режимдік, тәрбиелеуші, өндірістік-техникалық, медицина-са-нитарлық және тағы баска да қызметкерлер. Осыған сәйкес қызметкерлерге қойылатын талаптар да әр түрлі, оның кәсіпқойлылығына, жеке басының қадірлілігіне, әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштеріне байланысты. Бірақ әр түрлілігіне қарамастан, қылмыстық жазаны атқару процесінде және сотталғандарға тәрбиелік ықпалын тигізуде оларға жүктелетін жалпы талаптарды ерекше айтуымыз керек.

Түзеу мекемелері қызметкерлерінің білім дәрежесіне ерекше талап қойылады. Олардың айырмашылығы - лауазымына, атқаратын қызметіне байланысты. Мысалы, түзеу мекемелері қызметкерлерінің көпшілігі жоғарғы және арнайы орта білімді болулары керек, себебі қылмыстық-атқару зандарын қолдану, сотталғандарға психологиялық-педагогикалық ықпалын жүргізу үшін ғылымның осындай жақтарының да білімді болуын талап етеді. Оперативтік-режимдік бөлімшелерде істейтін түзеу мекемелерінің қызметкерлері, әдетте заң ғылымы салаларын терең меңгерген, ал жасақ бастықтары - педагогика-лық (арнайы) білімі бар заң қызметкері болулары керек.

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің кәсіби мамандық сапасы қылмыстық-атқару жүйесінің алдында тұрған міндеттердің күрделілігімен сондай-ақ алғашқы кезенде сотталғандарды түзеумен анықталады. Түзеу мекемесі қызметкерлері қызмет істегенде құқықтық дәрежесі шектелген сотталғандармен араласатынын еске алу керек. Осыған байланысты заң қызметкерлерден Қазақстан Республикасының заңдарын, әсіресе қыл-мыстық жазаны орындау тәртібі мен жағдайын сөзсіз сақтауды талап етеді. Бұл талаптар Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарынан шығады. Сол себепті түзеу мекемелері мен органдарының барлық әрекеті, іс қимылы, сот үкімін орындауға және занды қатал сақтауға бағытталған болуы керек. Осы мекемелер мен органдардың лауазымды адамдары өз әрекетінде зандылықты қамтамасыз етуге жауап береді.

Түзеу мекемесінде сотталғандармен жұмыс істеу қызметкерлерден ішкі-сыртқы сезім күштерін барынша жұмсап жұмыс істеуіне мәжбүр етеді, ал ол үшін тиісті деңгейде мықты денсаулық керек. Сондықтан, ішкі істер органына жұмысқа алғанда денсаулығы мен күш-қуатын тексереді. Осы мақсатта қызметкерлер арнайы дайындықтан өтулері керек және ішкі істер органдарында қызметке жарамдылығын білу үшін мезгіл-мезгіл бақылаудан өтіп тұруға міндетті. Ол үшін қызметкерлер жеткілікті дәрежеде өзінің, денесін шынықтырып, денсаулығына нұқсан келтіріп алмай жүруге міндетті.

Түзеу мекемесі қызметкерлеріне қойылатын талап ретінде қызметкерлерге сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізумен, тікелей оны ұйымдастырумен шұғылдану белгіленген. Жасақ бастықтары мен басқа да оперативтік-режим қызметкерлері өздерінің лауазымдық жағдайына сәйкес немесе тікелей орын-дайтын функциясына байланысты тәрбие жұмысына қатысады. Сондықтан түзеу мекемесі қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін жоғары білімді, мәдениеті, ой-өрісі кең, жеткілікті өмір тәжірибесі бар және сотталғандармен жұмыс істей алатын, сондай-ақ педагогика саласында білімдарлық қабілеті жетік болуы керек. Тәрбие жұмысын орындайтын қызметкердің өзіне тән өнегелілік пен сезімталдық-жігерлілік қасиеті болуы керек. Түзеу мекемесі қызметкерлеріне қойылған талаптардың ішінде әлеуметтік әділеттілік сезімі оларда айрықша орын алуы тиіс.

Дөрекілік жазаны өткеріп жатқан сотталғандардың жанына ауыр тиеді; олардың абыройына нұқсан келтіреді.

Жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың бастықтарына барынша жоғары талап қойылады. Өздерінің лауазымдық мәртебесіне қарай олар сотталғандарды және қарауындағы қызметкерлерді тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырушы, мекеменің өндіріс-шаруашылық жүргізуші болып есептеледі. Ондай бастықтар өзіне және қарауындағыларға қатаң талап қоятын, табанды, өзгелерді сыйлай білетін болуы керек. Жаза орындайтын мекемелер мен органдардың қызметкерлеріне негізінен осындай талаптар қойылады.

"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы ішкі істер қызметкерлерінің құқықтық жағдайымен қатар оларды әлеуметтік қорғау шараларын да белгілеген. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметкерлері қоғамдық үлкен маңызы бар қызмет атқарады. Олар әр уақытта ішкі-сыртқы сезім күш-қуатын қинап істеуге мәжбүр болады: жұмыс бастылық, қайғыру, күйіну тағы басқаларға байланысты. Айта кету керек түзеу мекемесінде жұмыс - сотталғандардың топтанып көнбеушілік, шабуылдау, аманатқа тартып алу, сотталғандардың агрессивтік істеу қимылы себебінен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіру сияқты экстремальдық жағдайларда да өтіп жатады. Мұның бәрі бас бостандықтан айыру орындарында жұмыс істеудің мәртебесін, тартымдылығын көтеру үшін қосымша шаралардың керектігін білдіреді. Сотталғандармен айналысудың Ең аз үлгілер Ережесінде бұл жұмыстың аса қиын жағдайын еске ала отырып, қызметкерлерге соған сәйкес жеңілдіктер мен жұмыс жағдайларын қамтамасыз етілді. Олардың еңбек ақы мөлшерін тағайындағанда бұл жұмысқа қабілетті ерлер мен әйелдерді тартып және ұстау үшін есептелуі тиіс.

"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен және нормативтік актілермен ішкі істер қызметкерлерін әлеуметтік қорғау көзделген, олар: мемлекеттік сақтандыру және ішкі істер органдарының қызметкері қаза болса немесе науқастанса, сондай-ақ оның дүниесіне зиян келтірілсе шығынын өтеу; оларды пәтермен, тұрғын үймен қамтамасыз ету; медициналық, санаториялық курорттық қызмет көрсету және басқа да қосымша әлеуметтік қорғауға кепілдік беріледі.

Қызметкерлерге берілетін әлеуметтік жеңілдіктер әр түрлі болады. Олар лауазымына, жазаны атқаратын мекемелер түріне, оның тұрған жеріне, қызметкерлердің аттестацияланған немесе жалдамалы ерікті құрамына жататындығына және басқа да негіздерге байланысты. Мысалы, аттестациядан өткен қызметкерлердің еңбек ақысы мөлшеріне; лауазымдық еңбек ақы, арнайы атаққа берілген ақысы, қызмет еткен жылдарына қосылатын пайыздық үстеме, тамақ пайогінің бағасы кіреді.

Қатал, сондай-ақ айрықша режимді колонияларда туберкулезбен ауыратын сотталғандардың емдеу мекемелеріңде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек ақысына 10-15 пайыз көлемінде үстеме белгіленген.

Түзеу мекемесіндегі қызметкерлердің жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті зейнетке шығатын қызмет мерзімі қысқартылған. Ішкі істер органдарының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелерінің медициналық көмек алуға, жеңілдетілген санаторий мен курортта емделуге, медициналық-әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқығы бар.

Қазақстан Республикасы заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік қорғау кепілдігі берілген, бұл - мемлекеттің бұл жұмыстың ерекшелігін ескепке алып көрсеткен қамқорлығының айғағы.

2. Бас бостандығынан айыру органдарында ең қауіпті, бірнеше рет сотталған", әлеуметтік-өнегелілігі жағынан төмен азаматтар жаза өтеуде. Жазаны өтеу кезінде сотталғандардың бәрі бірдей түзелу жолына түсе бермейді, олардың кейбіреулері жазаны өткеру кезінде режим талаптарын бұза береді, жаңадан қылмыс жасауды ойластырып жүреді және мекеме қызметкерлерінің заңды талабына белсенді түрде қарсылық көрсетеді. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандар жағынан қылмыс істеудің өзгешелігі бар, ол түзеу мекемесі қызметкерлерінен аманатқа адам ұстап алу немесе оларға шабуыл жасау, сондай-ақ басқалай да зорлап күш қолдану. Жоғарыда баяндалғандар жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің қауіпсіздігін сотталғандардың қылмыстық немесе басқалардың қауіпті әрекеттерінен қорғаудың маңызды себептері болады. Сонымен, түзеу мекемелері қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасы қылмыстық-атқару процесінің тиімділігін арттыруда маңызы жоғары егер де сотталғандарды түзеудегі қызметкерлердің жұмысына қауіпті жағдай төне берсе, одан әрі іс-әрекетті орындау мүмкін емес. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күші бар зандар бірсыпыра құқықтық және ұйымдастырушылық амалдар қолданады.

Алдыменен қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды айтуға болады. Бас бостандығынан айыру орындарында қызмет ететіндердің өміріне, денсаулығына қастандық жасағаны және орган қызметкерлерінің дербес құқығына қол сұққаны үшін жоғары дәрежедегі қылмыстық жаза қолдану көзделген. Бұл шараларды үш топқа бөлуге болады:

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің өміріне, денсаулығына арнайы зиян келтіруге бағытталған әрекетке қылмыстық заңдар нормалары белгіленген қылмыстық түрде жауапка тарту.
Ондай қылмыстарға жататындар: бас бостандығынан айыру орындарынан немесе күш пайдаланып және басқалардын өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер келтіру әдісімен қашу; түзеу мекемесі әкімшілігінің талабына қасақана бағынбау, мұнда түзеу мекемесі қызметкерлеріне күш қолданумен байланысты; түзеу мекемесі әкімшілігінің жұмысына шабуыл жасау арқылы кесел келтіру.

Лауазымды адамдарға күш қолданғаны үшін көрсетілген жауапкершілік нормалары.

3. Жеке адамның өміріне, денсаулығына, бостандығына, абыройына қарсы бағытталған қылмыстарды қарастыратын Қылмыстык заң нормалары.

Заңмен белгіленген қызметкерлердің қауіпсіздігі шараларын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сендіру шараларын білдіретін амалдарды кіргізуге болады. Өзінің мағынасына қарай сендіру шаралары: сотталғандарға жазаны өтеу режимін қызметкерлермен қарым-қатынас ережесін түсіндіруден, олардың өкілдерінің өміріне, денсаулығына, абыройына қылмыстық қауіп төңдіруіндегі жауапкерші-лігінен тұрады. Осы шаралар сотталғандармен жүргізілетін негізгі тәрбие жұмыстарының түрлерімен қамтылады және оған күші бар заңдарды (сотталғандардың мінез-құлық ережелерінің мәселелері) түсіндіру, сонымен қатар әрбір сотталғанмен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу де кіреді.

Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің екінші маңызды амалы, ол - профилактикалық жұмыс. Қызметкерлердің қылмысты профилактикалау жұмысына жариялы және құпия жедел-іздестіру шаралары кіреді. Оны Қазақстан Республикасының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" заңына сәйкес түзеу мекемесінің оперативтік бөлім, бөлімшелері және басқа да аймақтық органдар қызметкерлері жүргізеді.

Құқық бұзушылықты жалпы профилактикалау шараларына кіретіндері: құқық бұзуға бейімді адамдарға жазаны өтеуде режим жағдайын енгізу, күзету мен бақылауда техникалық құралдар қолдану және жекелей профилактика жүргізу (агрессивті мінез-құлықтыларды, психикасында ауытқушылығы бар және түзеу мекемесі қызметкерлеріне қарсы қылмыс жасауға ойланып жүргендерді тауып, оларды есепке қою, сонымен бірге ескерту шараларын жүргізу).

Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының ең тиімді жағы, ол - техникалық құралдармен күзету: қызметкерлердің қызмет етіп жүрген жерінде арнайы дабыл қағып дыбыс беретін арнайы жүйе қою, түзеу мекемесінің кейбір объектісін бақылау үшін теледидар орнату, есіктерді, қапасты (камера) автоматты түрде дабыл беретін құралдармен жабдықтау т.с.с.

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау амалдарының бірі - ол сотталғандарға да дұрыс негізделген қауіпсіздік шараларын қолдану. Занда бекітілген қауіпсіздік шараларына кіретіндер: қол күшін, арнайы құрал қолдану, ал ерекше жағдайда қару қолдануға да рұқсат етіледі.

Қауіпсіздік шаралары қылмыс жасап сотталып, соның негізінде құқықтық мәртебесі шектелгендерге ғана қолданылады. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын және қару қолданғанда заңдылықты қамтамасыз етуге қызметкерлердің және қылмысты жазаға сотталғандардың заңды талаптары мен құқығын қорғауға тиісті кепілдік берілуі талап етіледі. Негізсіз немесе қате қолдану (немесе қолдану керек кезенде қолданбау), егесу жағдайын терендете түседі және ол ауыр жағдайға, яғни топтанып бағынбаушылыққа, сотталғандардың жаппай тәртіпсіздігіне, аманатқа ұстап алу, адамдардың қаза болуы сияқтыларына әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұлардың бәрі қолданылатын қауіпсіздік шаралары жиынтығына тиісті талап қоюға, оларды құқықтық негізде бекітуге және қолдануды ұйымдастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, қамалғандармен айналысудын, Ең аз үлгісі Ережесінде сотталғандарды басу кезінде құрал ретінде кісен, шынжыр қолдану рұқсат етілмейді.

Қауіпсіздік шаралары - мемлекеттік мәжбүр етудің бір түрі. Оларды қолданғанда қорғануға мәжбүрлігі мен басқадай амал қалмаған жағдайы негізделіп және керектілігі дәлелденіп қылмыстық-құқықтық институттардың шеңберінде бағалануы тиіс. Қауіпсіздік шаралары сыртқы түріне қарағанда қауіп төндіргенге күш қолданған болып көрінеді. Қауіпсіздік шараларын қолданудың ерекше бір айырмашылығы түзеу мекемесі - ол төтенше немесе басқа да дауласу жағдайларында, яғни сотталғандардың түзеу мекемесі қызметкерлеріне, басқа азаматтарға, сондай-ақ өзге сотталғандарға, тіпті өзіне-өзі күш жұмсау қимылдарынан пайда болғанда қолданылады. Бұл жағдай әлеуметтік-құқықтық қауіпсіздік шараларымен және қару жұмсаумен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен аяқталмақ. Бұл шаралар сотталғандардың өз қауіпсіздігін, басқалардан, мысалы, түзеу мекемесіне келгендердің және күзетілетін объектілердің, түзеу мекемелерінің ғимараттарын, қатынас құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қауіпсіздік шараларын сотталғандарға қолданылатын тәртіпті жазалау шараларынан айыра білген жөн. Қауіпсіздік шаралары, алдымен, өз бетімен тоқтатылмайтын және ауыр зардап төндіретін сотталғандардың қоғамдық қауіпті әрекеттерін тоқтатуға бағытталған. Тәртіптік жазалау шаралары сотталғандардың тәртіп бұзуы аяқталғаннан кейінгі жаза ретінде қолданылады. Сондықтан сотталғандарға алдымен, қоғамдық қауіпті әрекетіне қауіпсіздік шарасы, сонан соң және тәртіптік жаза шарасы қолданылуы мүмкін.

Қазіргі "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы" Зандарында, Қылмыстық-атқару кодексінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы IIМ түзеу мекемесінің ішкі тәртібі Ережесінде қауіпсіздік шаралары тізімі, оның негізгі және қолдану тәртібі берілген.

Бас бостандығынан айырылған адамдарға қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен оларды қолдану негіздері Қазақстан Республикасы ҚАК-нін 81-бабында реттелген және ішкі тәртіп Ережелерінде атап көрсетілген.

Алдымен, қауіпсіздік шаралары мен оларды қолданудың жалпы талабына көніл аударған жөн. Талапқа сай күш жұмсау ерекше құралдары және қару қолдану құқығы түзеу мекемесі қызметкерлерінің бәріне бірдей берілмейді, тек қана ішкі істер органының қатардағы, яғни басқарушы құрамының арнайы атағы бар қызметкерлеріне лауазымды адамдарына және Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерінің әскери қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі.

Сондықтан осы айтылған қызметкерлер арнайы дайындыктан өтуге, мезгіл-мезгіл тексеруден өтіп, арнайы құрал мен қаруды қолдану жағдайына байланысты әрекеттерге жарамдылығын біліп жүруге міндетті.

Түзеу мекемесі қызметкерлері, ішкі әскердің әскери қызметкерлері қауіпсіздік шараларын, яғни қару қолданған кезде сотталғандарға және басқа да адамдарға мүмкіндігіне қарай ең төменгі дәрежеде зиян келтіруді қамтамасыз етуге міндетті. Осы мақсатпен заңда ерекше құралдар мен қару қолдану тәртібінің негіздері қаралған.

Қауіпсіздік шарасы мен қару жұмсау тәртібі ережесі қандай нақтылы жағдайда қолданылады?

Арнаулы құралдарға заң мыналарды: қол кісенді, жуасыту көйлегін, арнайы құрал мен іздеуші иттерді жатқызады. Арнайы құралдарды қолдану негіздері мен тәртібі "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заңында және түзеу мекемесінің ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген.

Арнайы құралдарды қолдану тәртібін нақтылы қарастырайық. Қол кісенді сотталғандарға мынадай жағдайларда қолданылады: әскери нарядтық құрамына, күзетшілерге түзеу мекемесі әкімшілігіне қара күшпен қарсылық, көрсеткенде; сотқарлық істегенде; айып қапасына барудан бас тартқанда: өзін-өзі өлтіргісі, денесіне зақым келтіргісі келсе немесе басқа сотталғандарға, сондай-ақ бөтен біреулерге тарпа бас салса; қашып кеткен сотталғандар ұсталғанда. Қол кісенін салғанда белгіленген формамен ант жасалады. Қол кісенін негізсіз салған адам жауапқа тартылады. Жуасыту көйлегі сотталғандарға басқа шаралар қорытынды бермегенде қолданылатын әсер етудің ең соңғыларына кіреді. Ол түзеу мекемесі бастығының немесе оның орынбасарының нұсқауымен және медицина қызметкерінің бақылауымен қолданылады. Егер де медицина қызметкері бұл сотталған адамға жуасыту көйлегін кигізуге болмайды десе, ол сөзсіз орындалады. Жуасыту көйлегінде бұзақылық жасаған сотталушы тынышталғанша болады. Бірақ ол екі сағаттан аспауы керек. Жуасыту көйлегі оңаша бөлмеде (айып қапасында, бақылаушылар бөлмесінде т.б.) кигізіледі. Жуасыту көйлегін кигізген сайын акт жасалады оны түзеу мекемесі бастығы немесе оның орынбасары бекітеді де прокурорға хабарлайды.

Арнайы құралдарға, сондай-ақ мыналар да жатады: резин сойылы, назар аударатын жарық-дыбыс құралдары, тосқауыл бұзушы саймандар, су шашушылар, бронемашиналар, қызмет иттері т.б. ішкі істер органдары қарауындағы арнаулы құрал-саймандар.

Арнайы қарулар - жалпылай тәртіпсіздікті, белгіленген ережені топтанып бұзушыларды тоқтату, түзеу мекемееі қызметкерлеріне, әскери қызметкерлер жалдамалы құрамдар жұмыскерлеріне шабуылды тоқтату, ұстап алған құқық бұзушының қарсылық көрсеткені үшін қолданылады. Арнайы қаруды қолдану шешімін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жауап беруші, операцияны басқаратын лауазымды адам қабылдаңды. Жеке әрекет жасап жүрген түзеу мекемесі қызметкері немесе ішкі әскердің әскери қызметкері шұғыл жағдайда мұндай шешімді өз бетімен қабылдайды.

Арнайы құралдардың түрлерін және оны қарқынды, қолдану қалыптасқан жағдайға, бұзылған құқықтық түрі мен құқық бұзушының жеке басына және де арнайы құралдың техника-тактикалық сипаттамасына байланысты белгіленеді. Оларды қолданудың тәртібі анық белгіленген, мысалы арнайы құрал алдын ала ескертуден кейін ғана қолданылады. Құқық бұзушылар ашық, тұтқиылдан шабуылдаса, бұл құралдардың ескертусіз қолданылуы мүмкін. Арнайы құралдарды әрбір қолданған нақтылы жағдайда, зақымданғандарға медициналық көмек көрсету шаралары алдын ала белгіленген болуы керек.

Арнайы құралдарды қолданған жағдайда, оларды қолданған қызметкерлер, әскери қызметкерлер түзеу мекемесі бастығына, ішкі әскердің, бөлім командиріне рапортпен қашан, қай жерде, кімге және оларды қандай жағдайда қолданылғанын көрсетіп баяндайды.

Жоғарыда айтылғандай, арнайы құралдарға іздеу қызметі иттері де кіреді. Олар сенімді қорғаушы да, шабуылшы да сондықтан түзеу мекемесі қызметінде кең пайдаланылады.

Іздеу қызметі иттері төмендегідей жағдайларда қолданылады: сотталғандарды бақылау қызметін орындап жүргенде; түзеу мекемесінің аумағында жасырынып қалған сотталғандарды іздеу және табу кезінде; өзін қорғау кезінде немесе сотталғандардың түзеу мекемесі қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге шабуыл жасаған кезде; есірткі және басқа да заттарды іздеген кезде т.б. Қызмет иттерін әйелдерге, мүгедектер мен кәмелетке толмағандарға қарсы, егер де олар қарулы шабуыл жасамаса қолдануға рұқсат етілмейді.

Егер де басқадай шаралармен сотталғандардың істеген әрекеттерін тоқтатуға болмаса, онда оқ ататын қаруды қолдану ерекше шара деп есептеледі. Занда "басқадай шаралар"' мазмұны түсіндірілмесе де, сендіру шарасы оған қоса қауіпсіздік шаралары, яғни қара күш жұмсалу мен арнайы құралдарды қолдану деп болжауға болады. Оқ ату қаруын қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының ІІМ белгілейді. Сотталған әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, егер де олар қарулы шабуыл жасамаса, қарумен қарсылық көрсетпесе, әуе кемесін, аманатқа біреуді басып алмаса және топтанып шабу-ыл жасаумен өмірге қауіп туғызбаса қару қолданылмайды.

Түзеу мекемесі қызметкері қару қолданылған барлық жағдайда қоршаған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын, зардап шеккендерге күттірмей медициналық көмек көрсетуге міндетті, одан кейін өзінің тікелей бастығына түсіндіруі тиіс және бұл оқиға туралы прокурорға хабарланады. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің, ішкі әскердің әскери қызметкерлерінің қауіпсіздік шаралары мен қару қолдануы Қазақстан Республикасы ІІМ органдарының үнемі бақылауында болады.



3. Қылмыстық-атқару жүйесі Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының бір бөлігі болып есептеледі. Оған қылмыстық жазаны атқару мен өтеуді қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнату, сотталғандарды түзеу, сотталғандар және басқа біреулер жаңа қылмыс жасамауды ескерту мақсаты жүктелген. Көрсетілген мақсатты шешуге қоғам толықтай мүдделі болғандықтан, ол мемлекеттік, қоғамдық институттар жүйесі арқылы құқық қорғау органдарының, соның ішінде жазаны атқартушы органдарға әрдайым әлеуметтік бақылау қоюды белгілейді.Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмысына бақылау қоюдың үлкен құқықтық-әлеуметтік маңызы бар. Қылмыстық жазаны өтеу кезіндегі бақылау процесінде, алдымен заңдылыкты сақтау қамтамасыз етіледі. Зандылыкты сақтау - жазаны атқару органдары жұмысының басты қағидаты болып есептеледі. Жазаны атқаратын түзеу мекемелері мен органдарының қызметі зандарды қатал сақтауға негізделеді. Бұл мекемелер мен органдардың лауазымды адамдары өздері еңбек етіп жүрген қызметінде заңдылықты қамтамасыз етуге жауапты.

Қызметкерлердің жұмысын бақылау дегенді қарап жүру мен тексеру жүйесі, қызметкерлердің әрекетінің нормативтік актілер талабына сәйкестігін, болып жатқан заң бұзушылықты білу мен тоқтату мақсатында және ондай-ларды келешекте болдырмауды ескерту ретінде түсіну керек.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің жұмысын бақылау жеке бастың мақсаты емес, ол қажетті амалдың тиімділігін көтеру, жазаны атқару мен түзеу шараларын қолдануға әсер ету.

Бақылаудың қорытындысын жүзеге асырғанда әкімшіліктің қызметі әрекетіндегі кемшілікті табу және оны жоюға мүмкіндік туады. Әкімшіліктің қызмет әрекетін бақылау, сонымен бірге қылмыстық-атқару мекемелері жүйесіндегі заңдылықты бұзу жағдайларын табу амалы мен оның себебін жою болып есептеледі. Алдымен, ол зақдылықтық құқықтық негізін әсіресе заңға негізделген нормативтік актілерді, егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін жағдайда жетілдіруге әсерін тигізеді.

Демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында Үкіметтің барлық мемлекеттік институттары, соның ішінде құқық қорғау органдары бұқаралық ақпарат құралдарының, жалпы қоғамның назар салып қадағалауында болады. Жазаны атқарушы органдардың қызмет әрекетін бақылау, оның қоғамдық түрлерін пайдалану арқылы іске асырылады, ол жазаның жағдайларын, Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінің алдында тұрған экономикалық және басқа да қиыншылықтарды кеңірек хабарлауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі өз кезегінде, жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның қарқыны мен мақсаты жөнінде әр түрлі көзқарастар туғызған қоғамдағы әлеуметтік шиеленісуді төмендетуге септігін тигізеді.

Әкімшіліктің жұмыс әрекетін бақылаудың маңызы мынадан байқалады: ол мемлекет бөлетін қаржы-материалдық қаражаттарды үнемдеп жұмсауға, оны қайта бөлуге қылмыстық-атқару мекемелер жүйесін ұстауға, біздің мемлекетке аса қажетті басқа да әлеуметтік мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетін бақылау әр түрлі негіздермен топтастырылуы мүмкін, ол бақылау жүргізетін субъектілерге байланысты: халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетін халықаралық бақылау - Халықаралық адам құқықтары ережелерінде, алдымен Адам құқықтарының жалпы Декларациясында (1948), азаматтық және саяси құқықтар, туралы Халықаралық пактіде (1966), азаптауға және басқа да мейірімсіз, адамгершіліктен тыс сондай-ақ абыройын қорлау түрлерімен айналысу немесе жазалауға қарсы Конвенциясында (1984) және басқаша ұсыныс ретінде БҰҰ мүше елдеріне айтылған жайттар.

Қоғамдық бақылау да жаза атқарушы мекемелер мен органдардың қызмет әрекетінде заң бұзбауды қамтамасыз ету амалының бірі болып есептеледі. Ол мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қоғамдық құрылымдардың және құқық қорғау ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының жазаны өткеру жағдайлары мен ретін бақылауы.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің қызмет әрекетін мемлекеттік бақылаудын бірнеше түрлері бар, олар: атқарушы үкімет органдарының бақылауы, соттық бақылау, ведомстволық бақылау және прокурор бақылауы.

Жазаны атқарушы түзеу мекемелері және басқа да органдардың жұмыс әрекетін атқарушы Өкімет өкілдері, яғни Үкімет, өз аумағындағы жағдайға жауапты әкімдер жағынан бақылау жүргізіледі. Жергілікті әкімшілік органдарында түзеу мекемесі әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін тексеруге функциясы бар бақылау комиссиялары құрылады. Ведомстволық бақылау маңызды орын алады. Оны қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары органдары, яғни - қылмыстық-атқару жүйесінің Департаменті мен басқарма, бөлім бастықтары және Қазақстан Республикасы ПМ-нің басшылары жүргізеді.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызмет әрекетін бақылауда прокуратура органдарының рөлі айрықша болады. "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Прокуратурасы - Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші, Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен басқа да нормативтік актілерін Республика аумағында бір түрде және бұлжытпай қолданылуына жоғары бақылау жүргізетін мемлекеттік орган. Прокуратура кез келген заң бұзушылықты табуға және оны болдырмауға шара қолданады. Қазақстан Республикасы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге қарсылық білдіреді, сотта мемлекет мүддесін қорғайды және керекті жағдайда заңмен белгіленген тәртіп пен көлемде қылмысты қудалауды іске асырады.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қадағалау жұмысын тиімді жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Прокуратурасында арнайы бөлім құрылады немесе бұл жұмысты облыс, аудан прокурорларының көмекшісі, аға көмекшілер жүзеге асырады.

"Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Заңда жеке тарау " Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау" енгізілген. Онда заң прокуратураға зандылыкты сақтап іске асыру үшін бірқатар арнайы қадағалау уәкілдігін береді. Оған жазаны атқару мекемелері мен органдары әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін қадағалау да кіреді.

"Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 43-бабына сәйкес прокуратура былайша бағытта бақылау жүргізеді:

1.Сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезінде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуынын заңдылығына.

Аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына.

Бас бостандықтарынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығына.

"Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы заңында прокурордың Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесінің органдарында заңдылықты қамтамасыз ету өкілеттігі көрсетілген. Заңдылыққа бақылау жүргізе отырып, прокурор өз шамасы құзырлығында хақы бар:

1. Адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейірбандық -тұрғыдан қарау жөнінде Конституцияның заңдардың және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бірыңғай қолданылуын талап етуге;

2. Азаматтың, мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы мен өтініштері бойьшша атқарушылық істер жүргізілуін талап етуге және тексеруге;

3. Сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзгеде шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелеріндетексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға;

Ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбүр ету сипатындағы шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға;

Осы адамдарды ұстауға, қамауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ оларға мәжбүр ету сипатындағы шараларды қолдануға негіз болған құжаттарды талап етуге;

Мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында немесе мекемелерінде заңсыз отырған әрбір адамды өз қаулысымен дереу босатуға;

Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға занды бұза отырып, қолданылған тәртіптік шаралардың күшін жоюға, оларды өз қаулысыменен айыптық изолятордан, камералық үлгідегі орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға;

Заңда белгіленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкімшілігінің актілерін санкциялауға хақылы.

Сонымен, прокурорлық бақылау барлық бас бостандығынан айыру орындарын (қамау, бөлу), оларда қандай категориядағы ұсталған адамдар отырғанына қарамастан түгелдей қамтиды. Прокурорлық бақылаудың мақсаты - ол бас бостандығынан айыру орындарындағы заң бұзушылықты кезінде түгелдей тоқтату, ал заң бұзған адамдар заңда көрсетілгеніндей жауапқа тартылуы тиіс. Әкімшіліктің қызмет әрекетіне бақылау жүргізуде прокурор барлық салаларға прокурорлық жалпы бақылау өкілеттілігін қолданумен бірге бақылау субъектісі ретінде прокурорға жүктелген арнайы өкілетгілігін ұсталғандардың, алдын ала қамалғандардың, жазаны өткеру орындарындағы заңның орындалуын және сот белгілеген басқа да мәжбүрлеу шараларын бақылайтыны есте болуы керек.

Зандылықты бұзуды табу мен ескерту прокурор өкілеттілігінің бірі - ол жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін, ондағы жазаны атқару жағдайлары мен тәртібін тексеру. Оны іске асыру үшін прокурор жазаны атқарушы мекемелер мен органдарға кез келген уақытта баруға хұқы бар. Прокурор жеке барып танысу процесінде әкімшіліктің жұмыс әрекетімен тікелей танысады, атап айтқанда сотталғандардың бас бостандығынан айырылуы негізі жөніндегі құжаттармен танысады, сотталғандарға жеке-жеке сұрақтар қояды, жатқан орындарымен, жазаны өтеу режимі жағдайымен, ондағы қылмыспен, тәртіптік жаза қолдану тәжірибесімен танысады. Сотталғандардың жұмыс әрекетімен барып және тікелей танысуы зандылықтың, режим мен жазаны атқару жағдайларын тікелей білуге және зандылықты бұзушылықты анықтауға, оны ескертуге мүмкіндік береді.

Прокуратура туралы заңға сәйкес прокурор жазаны өтетуші мекемелер мен органдар әкімшілігінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтарының заңға үйлесімділігін тексеруге құқы бар. Сонымен қатар лауазымды адамдардың, қызметкерлердің тәртіптік жаза қолдануының заңдылығы мен дәлелділігі тексеріледі. Егер де заңға қайшы акті қабылданған болса, онда прокурор лауазымды адамдардан заңсыз шешім қабылдағаны үшін жеке түсініктеме беруді талап етуге құқы бар және оған кейін қарсылык білдіреді.

Прокурор бақылауының негізгі актілері мыналар: наразылық білдіру, қаулы, ұйғарым, жарлық, рұқсат ету, нұсқау, бұйрық, ережелер ("Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" заңның 18-бабы). Бұлар прокурорға жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетіндегі заң бұзушылықты тиімді де тез жоюға мүмкіндік береді. Прокурор заңның бұзылу сипатына байланысты іс қозғауы, тәртіптік және шығаруы, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың лауазымды және басқа да қызметкерлердің әкімшілік құқық бұзғаны туралы қаулы шығаруы мүмкін. Прокурор өзінің қаулысы мен бас бостандығынан айыру орындарында заңсыз отырған сотталғандарды, бас бостандығынан айыруды өтеп жатқандарға заңсыз салынған тәртіптік жаза шараларын бұзуға, заңсыз жазаланған адамдарды айып қапасынан, қамау торы бөлмесінен, карцерден, жеке адамдық тордан, тәртіп қапасынан босата алады.

Прокурордың заң бұзушылыққа көніл аударуының төмендегідей түрі, ол - заң бұзушылықты, оған мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс жасауы. Мұны прокурор, әдетте жаза атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің жұмыс әрекетінде заң бұзушылық-тың әрдайым кездесетіндігінен жасайды. Ұсыныс жіберілген қызметкердің, немесе жоғары органның лауазымды адамы ұсыныста көрсетілгендей, болған істерді бір айдан қалдырмай қарауға міндетті. Бұзылған занды, оны тудырған себептер мен жағдайды жою шараларын қабылдап, қорытындысын проку-рорға хабарлайды.

Прокурордың заң бұзушылыққа көңіл аударуының тағы бір түрі, ол -наразылық білдіру. Прокурор жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың лауазымды адамдарына заңға қайшы бұйрық, қарар немесе қаулы қабылдағаны үшін наразылық білдіреді. Білдірілген наразылық міндетті түрде түскен уақытынан бастап он күннен кешіктірілмей қарауға және қоры-тындысын жазбаша прокурорға тез хабарлауға міндетті.

Сонымен, бас бостандығынан айыру орындарында заңдылықты сақтау мен қылмыстық жазаның басқа да түрлерін бақылау прокурорлық бақылаудың саласы болып саналады. Мұның өзіне тән занды бұзуды табу мен ескертудің және табылғанға назар аударудың айрықша түрлері мен әдістері бар. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетіндегі заңдылыкты қамтамасыз етуде манызды рөл әділсот органына жатады. Соттың бақылау қызметінің негізгі үлгілері, түрлері мен әдістері әр түрлі және олар едәуір тиімді болып келеді.

"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Заңының 1-бабына сәйкес соттардың шешімдерін, үкімдерін, өзге қаулыларын, сондай-ақ олардың занды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға міндетті.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінін қызмет әрекетін соттық бақылауды үш түрге бөлуге болады:

Бірінші - азаматтық, отбасылық, еңбек және әкімшілік Құқық қатынастық таластарда және сот ісін жүргізу ережесімен жүзеге асырылатын айрықша іс жүргізуді қарағанда соттық бақылау болады. Мәселен, азаматтық іс жүргізгеңде қызметкерлердің жұмыс әрекеті екі жақтан тікелей талас тудыруы мүмкін. Мысалы, бас бостандығынан айыруды өткеріп жатқанда еңбекке жарамсыз болған талап етуші адамның түзеу мекемесінің кінәсінен келтірілген шығынды өтеуді шешкенде немесе керісінше, жазаны өтеу кезінде сотталғанның келтірген материалдық зиянын босатылғанда өндірілмей қалғанын төлеу туралы түзеу мекемесі талабын шешкенде туатын таластар. Бұл жағдайларда жазаны өтеу кезінде сотталғандардың еңбек құқын сақтауда түзеу мекемесі қызметкерлерінің жұмыс қимылын сот бағалай алады.

Сондықтан іске дәлел ретінде берілген құжаттарды соттың қабылдауы, олардың занды екенін растайды, ал оларды қабылдамауы әкімшілік қызмет әрекетіне кері әсерін білдіреді.

Соттық бақылау сотталғандардың түзету шараларымен байланысты емес жазаны өтеу кезінде де орын алады. Мысалы, сотталған белгіленген мезгілде айып төлемесе, азаматтық сот ісі тәртібімен сот берген орындау қағазы негізінде жазаны орындауға мәжбүр етеді.

Әкімшіліктің жұмыс әрекетін соттық бақылаудың екінші түріне - қылмыстық істер жүргізгендегі бақылау, ал сотта қылмыстық іс қаралғанда жүзеге асырылатын және сот үкімін орындау мәселелерін сотта қарағандағы бақылау жатады.

Соттың бақылау функциясы қылмыстық-атқару мекемелері жүйесі қызметкерлерінің лауазымды адамдары жағынан жіберілген зандылықтың өрескел бұзылғаны жөнінде қылмыстық іс қаралғанда білінеді. Ол - билігін немесе қызметтік жағдайын пайдаланып қиянат жасау, өкілеттілігін пайдаланып қиянат жасау, кездейсоқ уәкілдігін пайдаланып асыра сілтеулік, селқостық және басқа да лауазымдық қылмыс түрлері.

Соттық бақылау сотталғандардың жазаны өтеу кезінде жасалған қылмыстық істерді қарағанда да орын алады. Мәселен, қылмыс жасаған сотталғандар жөнінде қылмыстық іс қарағанда, мысалы, түзеу мекемесі әкімшілігінің талабына қасақаналықпен көнбеушілік немесе түзеу мекемесі және басқалардың жұмысына іріткі салу, бұл құқыққа қарсы әрекет сотталған-дардың құқығына қысым жасалуына байланыстылығын сот тексеруге міндетті. Сот түзеу мекемесі әкімшілігі талабынын заңдылығын, оған сотталғанның қасақаналықпен көнбегенін, қапас тәріздес бөлмеге көшіру туралы салынған жазанын негізділігін тексеруі тиіс.

Сот іс қарау процесінде айғақтардың, жәбірленушінің, сотталушылардың жауаптарын, эксперттер қорытындысын заттар дәлелдемелерін, құжаттарды бағалай отырып, түзеу мекемесі әкімшілігі жағынан зандылықтың бұзылғанын, яғни қиянат істегендігін анықтай алады. Бұл жағдайда сот айқындаған заң бұзушылықты, оны тудырған себептері мен жағдайларын жазаны өткеруші мекемелер мен органдар жұмыс әрекетіне бақылау жүргізетін прокурорға немесе оларды басқарып отырған лауазымды адамдарға хабарлауға міндетті. Көрсетілген лауазымды адамдар сотта ашылған және жеке ұйғарымда, яғни ұсыныста көрсетілген заң бұзушылықтың себептері мен қыз-меткерлерге оны бұзуға мүмкіндік туғызған жағдайларды болдырмау шараларын қабылдауға міндетті.

Жалпы атқарушы түзеу мекемесі қызметкерлерінің жұмыс әрекетін соттың бақылауы жазаны атқарудың әр түрлі аспектісіне қатысты мәселелерде көрінеді. Мысалы, түзеу мекемесі әкімшілігі сотқа жаза мерзімінен бұрын босатуға, жазаны жеңілдетуге немесе оның түрін өзгертуге ұсыныс жібереді, ал оны шешу үшін керекті материалдарды да қоса жолдайды. Сот түскен құжаттарға сүйеніп, олардың зандылығы мен негізділігі жағынан баға бере отырып, лауазымды адамдардың шешіміне заң күшін береді немесе оларды занды күшінен айырады. Осы мақсатпен соттар түзеу мекемесі әкімшілігі жіберген материалдарды бұрмалау мақсатыңда, сондай-ақ сотталғандардың тәртібі толық бейнеленбеуі мүмкін болғандықтан, бұлар істі әділ шешу мақсатында ұқыпты қарап шығуға міндетті.

Соттық бақылау қызметі сот жазаны басқа түрге ауыстыру мәселелері туралы іс қараған кезінде сотталғанның үлгілі мінез-құлқын немесе белгіленген жазаны өтеуден бас тартқанын есепке алғаннан пайда болады. Мысалы, бас бостандығынан айыруды түзеу жұмыстарына немесе одан да жеңілірек жазаға ауыстырғанда, сондай-ақ керісінше, сотталғанды түзеу мекемесіне өтелмей қалған жазаны өткеруге қайтарғанда т.с.с. Сот жазаны өткеруші мекемелер мен органдар қызметкерлерін жазаны өтеу жағдайларын өзгертуге байланыс-ты мәселелерді шешу кезінде бақылай алады. Заңға сәйкес мұндай мәселелер, бас бостандығынан айыру мен түзеу жұмыстары жазаларын өтеу кезінде пайда болуы мүмкін. Бас бостандығынан айыру орындарында, сот сотталғанның мінез-құлқын ескере отырып, бас бостандығынан айыруды ұстау мәселесін өзгертіп, сотталғанда түзеу мекемесі бір түрінен екіншісіне, яғни жеңіл немесе қатаң режимге ауыстыруды шешеді.

Бұдан басқа жасы толмаған сотталғандардың 18-жасқа толуымен тәрбиелеу колониясында қалдыруға негіз болмаса, сот оларды түзеу колониясына ауыстыруға шешім қабылдайды.

Қызметкерлердің жұмыс әрекетін соттың бақылауы жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің қылмыстык жазаны өтеу саласымен немесе оның жұмысына шағым етумен ғана аяқталмайды. Сот бақылауын түзеу мекемелері жұмысына қолайласақ, онда сот мүлік-шаруашылық, жер т.б. дау-таластарды қарағанда, әрине бір жағы түзеу мекемесі болуы керек, ал сот ерікті жалдамалы немесе аттестациядан өткен қызметкерлерді жұмысқа қайта алу сияқты талаптарын қарағанда ол іске асуы мүмкін.

Соттық бақылаудың үшінші түрі - ол жазаны өтеуші мекемелер мен органдар әкімшілігінің әрекетіне шағым ету. Мемлекеттік органдарға жіберілген сотталғандардың шағымы, арыздары тиісті жеріне жіберіліп, заң тәртібі бойынша шешіледі. Мысалы, сотталғандардың жазаны азайту шаралары туралы өтініші.

6-дәріс. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру.

1. Бас бостандығынан айырылған сотталғандарды топтастыру.

2. Сотталғандарға жазаны атқаратын мекемелер түрін белгілеу.

1.Мемлекеттің қылмыспен күресу саясаты принциптеріне негізделген түзеу мекемелері әрекетінде қылмыспен күресудегі, алдына қойылған міндетті, сот белгілеген жазаны тиісті дәрежеде орындауды қамтамасыз етуге тиісті. Заңмен белгіленген жазаны орындаудағы осындай принциптердің бірі топтастыру мен жекелендіру болады.

Сотталғандарды тәрбиелеу мен түзеудегі қолданылатын негізгі тәсілдердің бірі осындай жекелеп қараудың, объективті қажеттілігі, жазалау-тәрбиелеу әрекетінде әрбір сотталған бәріне белгіленген режим талабын мүлтіксіз орындауға (сотталғандар бәрі де жұмыс істеуге, жазаны атқару режимін сақ-тауға, тәрбие шараларына қатысу және т.с.с.) міндетті. Бұлардың әсер етуін істелген қылмыстың сипаты мен қауіптілігіне байланысты даралау және сотталғанның жеке басының өзгешелігі мен әрбіреуінің мінез-құлқының өзгешелігін еске ала отырып, яғни еңбекке, оқуға қарым-қатынасына байланысты қасиетін еске алу тиіс.

Бұл ережелер халықаралық актілерге, соның бірі қамаудағылармен айналысудағы Ең аз үлгі Ережесіне сәйкес келеді. Ереженің 8-тармағында оларды категорияларға бөлудің жалпы ережелері мынандай:

"Қамаудағы адамдарды әр түрлі категорияларға бөліп жынысына, жасына, бұрынғы сотталғанына, қамаудың заңды себептеріне байланысты әр жерде немесе бір мекеменің ішінде бөлек-бөлек орналастырылады". Топтастыру мен жекелендіру мақсаты Ереженің 67-тармағында белгіленген, онда былай делінген:

Топтастырудың мақсаты мынада:

а) қамаудағыларды бұрын сотталғандардан немесе нашар мінез-құлқының нәтижесінде теріс әсер ету қаупі мүмкін болғандықтан оларды бөлу;

ә) қамаудағыларды категорияға бөлу, оларды қоғам өміріне қайтару мақсатында олармен жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Түзеу амалдарын даралап қолдану біртектес сотталғандарды топқа бөлуді қамтамасыз етеді. Мұндай бөлуді сотталғандарды топтастыру деп атау қабылданылған.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру, ол оларды тиісті белгілерімен тиісті топқа болу жазалаудың мақсатына жету үшін қолайлы жағдай жасау болады. Сотталғандарды топтастыру қылмыстық пен қылмыстық-атқару құқығы принциптерінің бір түрі жазаны жекелендіруді бір ізбен іске асыру үшін жүргізіледі. Жазаны жекелендіру сот қылмыстық жазаны және оны орындауды белгілегенде жүзеге асырылады.

Жазаны орындауды жекелендіру - ол еңбекпен түзеу құқығының нормалары белгілеген, әрбір сотталғанныи жеке басын сипаттайтын мәліметін еске ала отырып жалпы режим ережесін қолдану және тиісті еңбекпен түзеу принциптерімен әсер ету.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру төмендегілерді қамтамасыз етуге арналған:

а) қоғамға қауіпті қылмыскерлердің, қауіпті деп күдік тудырмайтын сотталғандарға теріс әсер ету мүмкіндігін болдырмау мақсатында оларды әр түрлі топтарға бөлу;

ә) түзеу мекемелерінің тиімді жүйесін тұрғызу;

б) түзеуге әсер ету амалдары мен әдістерін жекелеп қатал қолдану;

в) жазалаудың мағынасын құрайтын қылмыстың және қылмыскердің, яғни жазалау шараларының қоғамдық қауіптілігінің дұрыс ара қатынастығы;

г) жазаны атқаруға тиісті жағдай жасау.

Көрсетілген мәселелерді шешуді тек ғылыми негіздегі топтандыру қамтамасыз ете алады. Қазіргі кездегі күші бар қылмыстык, қылмыстық-атқару заңдары бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ғана топтастыруды қамтиды. Сот әлі шешім қабылдамағандарды қылмыстық-құқықтық топтастыру мен сот қылмыстық жазаға сотталғандарды қылмыстық атқаруға топтастырудың айырмашылығы бар деп есептеуге болады. Қылмыстық-атқару топтасуының негізі қылмыскерлердің қылмыстық-құқықтық топтасуы болып табылады. Қылмыстық-атқару мен қылмыстық-құқықтық топтасуларының өзара байланысы былайша түсіндіріледі; біріншіден, қылмыстық-құқықтық топтасудың негізгі өлшемі істеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен қылмыстық жазаны өткергенде еске алынатын қылмыскердің жеке басы болады да, екіншіден, екі топтасудың міндеті - жазаның мақсатына тиімді жетуін қамтамасыз етуде болады.

Сонымен бірге тікелей мақсатының айырмашылығы - ол қандай оқиға үшін топтастырылуында, сондықтан қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқару топтасулары деп бөледі. Қылмыстық құқықта қылмыскерлерді топтастырудың негізгі мақсаты - ол жауапкерді қылмыстық жауапқа тартқанда және жаза шарасын белгілегенде қылмыстың сипаты мен істелген қылмыстық қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне және қылмыскердің жеке басына байланысты да, ол мәселені қарағанда әділ шешім қабылдауды қамтамасыз ету. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастырудың негізгі мақсаты - ол сотталғандардың әр түрлі топтарының жазаны даралап өтеуін және осы жазаның түрін барынша тиімді атқаруды қамтамасыз ету.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандар заң (құқық), педагогика және психологиялық өлшемдерімен топтастырылады. Көрсетілген өлшемдер жиынтығы тағы екі өлшемге бөлінуі мүмкін: физиологиялық (биологиялық) және әлеуметтік.

Заң өлшемімен топтастыру - ол барлық бас бостандығынан айрылғандарды сыр-сипатымен жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесіне және қылмыскердің жеке басының қоғамға қауіптілігіне байланысты топтарға бөлуді айтады.

Барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандар бұл белгіге лайықты былай бөлінеді: а) өмір бойы бас бостандығынан айыруға және тез өткеруші адамдарға; ә) бұрын бас бостандығынан айыруды өткерген адамдармен оған бірінші рет сотталғандар; б) әр түрлі ауыр дәрежеде қылмыс жасаған адамдар: в) қылмысты қайталап істеп сотталған (рецидив) адамдар мен қайталанған аса қауіпті қылмыс және т.б.

Физиологиялық (биологиялық) өлшеммен топтастыру - бұл барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жынысына, жасына, денсаулығына байланысты бөлу.

Бұл белгімен бас бостандығынан айыруға сотталғандар былайша бөлінеді: а) ерлер және әйелдерге; ә) кәмелетке жеткендер (18 жасқа толғандар) және кәмелетке толмағандар (14-тен 18 жасқа дейінгілер); б) еңбекке жарамдылар мен мүгедектерге; в) дендері сау мен ауыр науқасы барларға; г) әйелдерге, аяғы ауыр және 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге.

Педагогикалық өлшеммен топтастыру - бұл бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тікелей педагогиканың міндетіне байланысты, қандайда болмасын топтың біреуінде шешуге тура келетін, сондай-ақ педагогикалық әсер етудің тиісті амалдары мен әдістерін қолданудың орындылығымен бөлуге болады.

Бұл өлшемнің негізінде сотталғандарды, олардың оған дейінгі және бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекке қатынасы (еңбекті адал ниетімен істейді немесе жалқау) түзеу мекемелеріндегі мінез-құлқы (мінез-құлқы үлгілі немесе қасақана режим ережесін бұзушы) және т.б. байланысты бөлуге болады.

Психологиялық өлшеммен топтастыру - бұл әр адамның қасиетіне байланысты топқа бөлу. Мұндай бөлу жалпы және пенитенциарлық психологияның мінез-құлық түрін топтастыру мәліметтеріне сүйенуі тиіс.

Түзеу мекемелерінде тәрбие жұмысын дүрыс ұйымдастыру үшін бұлармен бірге жеке басының да қасиетін білу тиіс.

Психологиялық өлшемге байланысты төмендегілерді айыра білген орынды сияқты:

а) аса қауіпті мемлекеттік қылмысқа сотталғандарды және басқа әр түрлі қылмыстарға сотталғандарды;

ә) қасақана қылмысқа сотталғандарды және абайсызда істелген қылмысқа сотталғандарды;

б) өмірге, денсаулыққа, адамның денесіне қол сұқпаушылығына қауіп төндіргені үшін сотталғандарды;

в) пайдақорлық қылмыс үшін сотталғандар;

г) бұзақылығы үшін сотталғандар;

д) пайдақорлығы үшін емес, қызметін немесе мамандық функциясын орындауға байланысты жасалған қылмысы үшін сотталғандар;

е) басқа да қылмыстар үшін сотталғандар.

Сотталғандарды топтастыру тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасайды, себебі ол сотталғандардың бір тобының екіншісіне жағымсыз, кері әсерін тигізбеуге және оларға жеке-жеке амал қолданып әсер етуге мүмкіндік береді. Занда қабылданғандай сотталғандарды топтастыруға сәйкес түзету мекемелер жүйесі құрылады. Осындай заңдарға лайықты мұндай мекемелер жүйесі заңдық (құқықтық) және физиологиялық (биологиялық) өлшемдерге негізделген.

Педагогикалық және психологиялық өлшемдер түзеу мекемелер жүйесінің қызметін бейнелемейді. Сонымен қатар түзеу амалдарын пайдаланып жеке-жеке істеу үшін және сотталғандардың әр біреуімен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға әсер етеді.

2. Бас бостандығынан айыруға сотталғанның жазаны қай жерде өтейтіні, оны түзеп және тәрбиелеу үшін маңызы күшті сондықтан түзеу мекемесінің түрін дұрыс белгілеу тиіс. Түзеу мекемелері өзара құқық шектеудің көлеміне, басынан кешіріп шыдауға мәжбүр мұқтаждықпен қасірет дәрежесіне, еңбекке пайдалану сипатына, тәрбие жұмысының түріне, жалпы білімге және техника мамандығына үйретуге байланысты бөлінеді.

Мұның бәрі бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеу кезіндегі құқықтық жағдайына елеулі әсер етеді. Түзеу мекемелерінің түрін белгілеуге, қылмыстық-атқару заңына сәйкес дұрыс көңіл бөлу тиіс, себебі сотталғандар негізінен жазаның барлық мерзімін бір түзеу колониясында, түзеу қоныстану колониясында, түрмеде немесе тәрбиелеу колониясында өткізеді. Түзеу мекемесінің түрін, тиісті режимін, жазаны қай жерде өткеретінін, сотталғанға бастапқы топтастыруды белгілейтін жалғыз орган - ол сот болады.

Жазаны өткеру кезінде сотталғандарды түзеу мекемесінің бірінен екіншісіне аударуға негіз пайда болады. Өйткені, ұстау жағдайын өзгертуге қажеттілік туады: сотталғандарды жалпы немесе қатаң режимнен қоныстану колониясына аудару. Бірақ бұл топтастыру құрамын өзгерту емес, өйткені сот белгілеген режим түрі жазаны өтеу мерзімінде өзгермей қалып қояды.

Егер сотталған еркіндігінен айыру орнында тағы да қылмыс жасаса (пенитенциарлық рецидив аталатын), онда сот үкім шығарып жаңадан жаза қолданғанда түзеу мекеме түрін қалдыруы және қатаңдау ұстайтынын белгілеуі мүмкін.

Сот үкім шығарғанда түзеу мекемесін әлде ұстау режим түрін белгілегенде қате жібере қалса, жоғары тұрған кассация жөнімен немесе бақылау ретінде сотталғандарды ұстау режим түрін, мекемесін өзі белгілей алады.

Үкімнің занды күшіне енгеннен сон және оның орындауды айтқан күнінен бастап 10 күн мерзімнен кешікпей бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны өтеуге жіберіледі. Түзеу мекемесіне жіберуді ол адам сотталғанша ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің жолдама рұқсатымен ұсталып отырған тергеу қапасынын әкімшілігі орындайды. Жолдамада сотталып жіберілген ерлер мен әйелдердің жалпы саны, сотталған заңның баптары, өтпейтін тиісті жазалау мерзімі көрсетіледі. Жолдамаға тергеу қапастарының арнайы бөлімі жүргізілген таспаға басылған сотталғандардың жеке басының істері және жолдама тізім - құжат, онда жөнелтілу себептері сотталғандар қайдан, қайда жөнелтіледі, жеке бас істік нөмірлері, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сотта қойылған баптары, жаза мерзімі мен түзеу мекемесінің режим түрі жазылады.

Сотталғанның жеке басы ісінде: анкета, дактилокарта танитын фотографиясы, үкімнің көшірмесі, үкімнің немесе ұйғарымның заңды күшіне енгені туралы анықтамасының көшірмесі, сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама, медицина картасы болады. Түзеу мекемелеріне сотталғандарды қабылдауды мекеме бастығы немесе оның оператив, сондай-ақ режим жұмысы жөніндегі орынбасары төрелік ететін үздіксіз істейтін комиссия жүргізеді. Комиссия құрамына әр түрлі бөлім немесе қызмет, мекемені күзететін әскери бөлімше өкілдері кіреді. Жекелеген немесе кішігірім сотталған топты қабылдауды мекеменің, лауазымды адамдары (бастығы, оның орынбасары, бастықтың кезекші көмекшісі) және әскери бөлімшенің командирі жүргізеді. Комиссия немесе лауазымды адамдар бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қабылдаған кезде келгенді сипаттайтын мәліметтік құжаттарда көрсетілген мәліметтермен сәйкестігін тексеру. Түзеу мекемесіне қабылдауға жатпайтындар:

Үкім занды күшіне енбегендер.

Түзеу мекемесінің басқа түріне жататындар.

Құжаттағы мәліметтері шындықпен сәйкес келмейтіндер (тегі басқа, туған жылы басқа және т.с.с).

Ондайларды табылған бойда түзеу мекемесінің орналасқан жеріндегі қылмыстық-атқару жүйесі басқармасына хабарлайды және оларды әкетуге рұқсат-жолдама сұралады.

Сотталғандарды қабылдаған кезде оларды тінтеді, жеке заттарьгн тексереді, одан кейін медициналық тексеруден өткізіледі. Керек болса олар санитарлық тазалаудан өтеді. Осылардан өткеннен сон мерзімі - 2 жетіге дейін карантин үйіне жіберіледі.

Қабылданғаннан кейін 3 дана етіп акт жасалады: біріншісі конвой бастығына беріледі, екіншісі - түзеу мекемесіндегі іске тігіледі, ал үшіншісі - сотталғанды бас бостандығынан айырған мекемесіне жіберіледі. Түзеу мекемесіне жаңадан қабылданғанның әрқайсысына 24 сағаттың ішінде үкім шығарған сотқа хабарландыру хаттама жіберіледі. Сотталғандардың отбасына, жақын туыстарына, мекемеге келген күннен бастап 10 тәулік ішінде мекеменің мекен-жайын беруге немесе почтамен жіберуге рұқсат етілген тағамдар мен өте қажетті заттар тізімі, сотталғандармен жолығысудың негізгі ережелері хабарланады.

Сотталғандарды түзеу мекемесіне қабылдау тек қана маңызды заң актісі ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмысының басталуы. Жаңадан келген сотталғанмен бірінші күннен бастап әңгіме өткізіледі, онда оны режим ережелерімен, ішкі тәртіппен, міндеттері, яғни құқығымен, тәртіптік жаза қолдану мен мадақтау шараларының негіздері және тәртібімен таныстырады. Мұнда сотталғанның карантинде болған кезінде, мекеменің әкімшілік комиссиясы, әрқайсысының жеке басының ерекшелігін, мүмкіндігіне қарай мамандығын, білімін және т.б. еске ала отырып, оларды жасаққа бөлуге шешім қабылдайды.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандар үкім занды күшіне енгеннен бастап жаңа дәрежеге ие болады. Бірақ оларға берілген құқықты және міндеттерін орындауы шын мәнінде жүзеге асыру түзеу мекемесіне қабылдағаннан кейін басталады. Сонымен сотталғанды мекемеге қабылдаумен құқық маңызының шынайылығы белгіленеді.

7-дәріс. Бас бостандығынан айыру орындарындағы ұстау режимін құқықтық реттеу.

1. Бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнің түсінігі, мазмұны мен оның негізгі функциясы.

2. Бас бостандығынан айыру орындарындағы режимді қамтамасыз ету тәсілдері.



1.Режим - қылмыстық-атқару құкығының нормаларымен реттелген тәртіп пен орындау жағдайы және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу деп түсініледі.

Режим жазалаудың мәні мен маңызын білдіреді, сондықтан мұнда сазайын тарту іске асырылады, яғни сотталғанға қолданылатын құқық шектеулердің жиынтығы. Ол бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың тұрмысын үздіксіз және жазалаудың барлық мерзімін реттейді. Оның көмегімен мінез-құлық ережесі белгіленеді. Оны орындау барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, мекеме әкімшілігіне, сотталғандарды түзеуге қатысатын және түзеу мекемелеріне бақылау жүргізетін қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, бұл мекемеге келген мемлекеттік мекемелердің лауазымды адамдарына, түзеу мекемелерінің объектілеріңде және аумағында жүрген азаматтардың бәріне бірдей міндетті. Сонымен режим барлық субъектілердің және жазаны орындау мен өткеру жөніндегі қылмыстық-атқару құқык қатынастарына қатысушылардың құқықтық жағдайын белгілейді. Режим нормалары қылмыстық жазалауға тән құқық шектеулердің ретін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Жазаны өткеру режимі түзеуге әсер етудің негізгі амалдарының бірі болып есептеледі. Оның түзеуге әсер етудің амалы ретіндегі басты міндеті - сотталғандарды тәртіпке тәрбиелеу болып есептеледі, немесе бәріне бірдей тиісті ортақ тәртіпке бағындыру. Режим ережелері бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың өмірінің барлық жағын өне бойы жазаны түгелдей атқарып шыққанша реттейді. Режим сотталғандардың ерік берілген мінез-құлқына ғана шек қоюды белгілейді, сонымен олардың кұқықтық дәрежесін қалыптастырады. Бұл дәреже оларды қорғайды, сондықтан режим ережесінің өлшемі тең, әрбір сотталғанға да және түзеу мекемелері әкімшілігінің өкілдеріне де бірдей міндетті. Кімде кім оның ережесін сактағысы келмесе оны сақтауға мәжбүр етуге режим мүмкіндік береді. Қорытындысында сотталғандардың мінез-құлқы жөнге салынады да, уақыт өткен сайын оларда тиісті бір мінез-құлық ережесіне ұстану әдеті туындайды. Режим маңызының қорытындысы, сонымен бірге түзеу әсерінің басқа да амалдарын пайдалануға, яғни қоғамдық пайдалы еңбек етуге, тәрбие жұмысына, жалпы білім мен кәсіптік үйретуге жағдай жасау, егер де түзеу мекемесінде тиісті тәртіп болмаса, онда олардың біреуі де тиімді бола алмайды. Түзеу мекемелерінде режим талабын сақтау - сендіру мен мәжбүр ету (мадақтау мен жазалау) шараларымен, өне бойы бақылау мен сотталғандардың мінез-құлқын кадағалаумен, жазалауды тиісті орындауды және әкімшілік іс-әрекетінде зандылықты сақтауды бақылау (соттық, ведомстволық, қоғамдық бақылау, прокурорлық қадағалау) жүйесінің шараларымен қамтамасыз етіледі.

Түзеу мекемелерінде жазаны атқару режимі онын құқықтық принциптеріне сәйкес ұйымдастырылады. Олардың маңызы жазаның мақсатымен белгіленеді де қылмыстық-атқару құқығының нормаларында бекітіледі.

Режимді ұйымдастыру принциптері мыналар болып табылады: заңдылығы, жөнділігі, адамгершілік, даралап сеніммен жазаны қолдануды үйлестіре білу.

Ұстау режимін ұйымдастырғандағы зандылық принципі дегеніміз - ол сотталғандарға талап етілетін барлық талаптардың нормативті табиғаты болады немесе мекемелер әкімшілігінің өз бетімен істейтіні емес, қайта қылмыстық-атқару құкығының нормативтік актілерінде белгіленеді. Олардың талабын бір жағынан сотталғандар, екінші жағынан мекеме әкімшілігі де сақтаулары тиіс.

Режимді ұйымдастырғанда заңдылық принципінің іске асырылуы, ол бірде-бір сотталған режим ережесінің саласынан шыға алмауы және осы барлық ереже бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бәріне бірдей өлшем шарасында таратылады.

Зандылық принципін сақтау - ұстау режимін бұзатын адамдарды мәжбүр ету шараларымен және түзеу мекемелері әкімшілігінің жұмысындағы зандылықты бақылаумен орындалады.

Режимді ұйымдастырудағы орынды принцип дегеніміз - оның ережелері өз бетінше емес, керісінше, біріншіден, жазалау - тәрбиелеу процесі ретіндегі жазаның манызымен, екіншіден, жазаның мақсатымен немесе сотталғандарды түзеу және тәрбиелеу максатымен оларды жаңадан қылмыс жасамауын ескерту, яғни басқа адамдардың да қылмыс жасамауын ескерту болып есептелінеді.

Демек, әрбір режим талабының саналы өзіндік негізі болуы тиіс және режимнің әрбір қойған талабы сотталғандарға түсінікті болуы керек, олар қара басынын қамы ретінде емес, қайта жазаны өткерудің тиісті жағдайы, жеке өзіне керекті сапаны қалыптастырудың амалы ретінде қабылдануы тиіс.

Режимді ұйымдастырғанда адамгершілік принципі, ең алдымен қоғамның мүддесіне және сотталғандардың өздеріне де керекті екенін білдіруі тиіс. Бас бостандығынан айыру орындарында орнатылған режим шынайы болады, себебі сотталғандар жағынан жаңадан қылмыс жасаудан оларды оқшаулау және оларды түзеумен тәрбиелеу арқылы құтқарып, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Режимнің шынайылылығы, ол сотталғандарды босатқаннан кейін еңбек етуге қосудан көрінеді. Режим шынайылылығы ол күш пайдаланып азап шектіру мақсатын қоймайды немесе сотталғандардың адамгершілік абыройын қорламайтындығынан көрінеді.

Бас бостандығынан айыру орындарында режимді дараландыру принципі деп түзеу мекемелеріндегі жазалаудың мақсатына жету үшін сотталғандарды ұстау жағдайы жасаған қылмыстың ауырлығына қарай қылмыскердің жеке басының қоғамдық қауіптілігіне және олардың түзеу мекемелеріндегі мінез-құлқына байланысты дараландыру айтылады.

Ұстау режимін дараландыру мыналардан: әртүрлі дәрежедегі сотталғандарды бөлек-бөлек ұстаудан; түзеу жолына түсе бастаған сотталғандарды женілдеу режимді түзеу мекемелеріне, тәртіпті кәнігі бұзушыларды қатаң режимді мекемелеріне аударудан; колонияның ішінде сотталғандардын ұсталу жағдайын өзгертуден; режим ережелерінде көрсетілген басқа да мадақтау мен жазалау шараларын қолданудан көрінеді.

Жазаны өткеру режиміндегі жаза мен тәрбиені байланыстыру принципі - ол тек режимде көбірек кездесетін жазалау элементтерінен басқа тәрбиелік маңызда ерекшелерде бар екенін білдіруді айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет