2.2. Ғылыми басылымдар, ғылымды қаржыландыру
2009 оқу жылында баспа орталығынан дайындалып, жарық көрген «БҚМУ Хабаршысы» ғылыми мақалалар жинағында 2009 ж. – №1-31 мақала, №2- 45 мақала, №3-29 мақала, №4- 25 мақала, Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінен өткен – 12 оқу-әдістемелік құралдар басылып шықты. Соңғы жылдары оқу -әдістемелік жұмыстар министрлік кеңесімен (РУМС) талқыланғаннан соң ғана шығарылатындықтан монографиялар әдістемелік материалдармен толықтырылып, әдістемелік құрал ретінде шығарылуда, басқа жылдармен салыстырғанда университете жасалған электронды оқулықтар саны артып келеді, 2006 жылы- 13 болса, 2007-24, 2008 г.-14, 2009 жылы -29 эл.оқулық. Бүгін кітапханамызда университет ПОҚ-ы құрастырған 95 электронды оқулық бар.
Оқу әдістемелік кітаптар мен монографиялар саны келесі диаграммада көрсетілген:
Басылымдардың көпшілігі Халықаралық конференциялардағы мақалалар. Соңғы жылдары Комитет тізіміндегі журналдарда жарық көрген мақалалар да артып отыр.
Диаграммадан көріп отырғанымыздай ҒЗЖ-ны қаржыландыру соңғы жылдары төмендеп отыр, оның негізгі себептері ретінде өзіміздің маңызды, бүгінгі күн сұранысына сәйкес зерттеу тақырыптарын анықтай алмауымыз деуімізге де болады. Сондықтан алдағы мақсатымыз ғылым докторларымен бірге осы мәселелер жөнінде арнайы семинарлар өткізу және өзара көмектесу болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |