Ақмола (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласының тұрғындары қай жылы Кремльдің осы аймақта неміс автономиясын құру жөніндегі шешіміне ашық қарсылығын танытты: 1979 жылы
211
ХХ ғ. 80-жылдарында Қазақстаннан шетелге шығаратын өнімі басым болған өнеркәсіп саласы: Ши кізат
212
Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясы қабылданған жыл: 1926 жыл
213
XX ғ. 50-жылдар ортасында Қазақстанның солтүстігінде тілдік және демографиялық ахуалды өзгерткен процесс: Тың және тыңайған жерлерді игеру
214
1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашылығына шақырып, бастама көтерген аудан: Шұбартау
215
1970 жылдардан бастап экологиялық апаттық аймақ: Арал теңізі
216
1960 жылдары конденсатор зауыты салынған қала: Өскемен
217
1960 жылдары кабель зауыты салынған қала: Семей
218
1960 жылдары аккумулятор зауыты салынған қала: Текелі
219
1960 жылдары төмен вольтты аппараттар зауыты зауыты салынған қала: Алматы
220
1960 жылдары трансформатор зауыты салынған қала: Кентау
221
1960 жылдары эпикалық поэмалары үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған ақын: Ж.Молдагалиев?
222
«Біржан-Сара» операсын қойған сазгер: М.Төлебаев
223
«Еңлік-Кебек» пьесасын жазған: М.Әуезов
224
Барсакелмес аралында қандай қару сыналды: ядролық қарудысынау
225
1985 жылғы 1 сом 1960 жылдардың ортасындағы 1 соммен салыстырғанда қанша тиынға тең болды: 54 тиынға
226
1985-1991 жж. КСРО-да жүргізілген мемлекеттік іс-шаралар жүйесінің атауы: Қайта құру
227
Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды: 1989 жылдың маусымында
228
1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстанда құрылған банк: Сыртқы экономикалық банк
229
1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстан үкіметі қабылдаған заң : Қазақ КСР – індегі жекешелендіру туралы
230
Желтоқсан оқиғаларына қатысқан жастарға тағылған айдар: Ұлтшылдық
231
КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағыты қабылданды: 1986 жылдың ақпанында
232
Кеңес Одағы Ауғанстандағы әскерін алып кетуді аяқтады: 1989 жылы
233
1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады: Г.Колбинді
234
1990 жылы Қазақстан байланыс орнатқан Оңтүстік Корея республикасының корпорациясы: Самсунг
235
1989 жылдың 28 ақпанында бой көтерген антиядролық, экологиялық қозғалыс: «Невада – Семей»
236
1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған көрнекті ақын, философ: Ш.Құдайбердиев
237
16 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған жазушы әрі ғалым: Ж.Аймауытов
238
№ 17 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог: М. Жұмабаев
239
1990 жылдары Қазақстанның сыртқа шығарған өнімінің негізі: Шикізат және жартылай дайын өнім
240
ХХ ғ. 70-80 жж. Қазақстанға импортталған өнім: Металл кесетін станоктар мен электровоздар
241
1970 жылы Республиканың халық шаруашылығының жалпы одақтық маңызы болған салалар: Мұнай өңдеу және химия
242
1980-90 жж. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысындағы басым бағытта болған ерікті экономикалық аймақтар: Жайрем – Атасу, Алакөл
243
ХХғ. 60-шы жж. реформалардың іске асырылмауының басты себебі болып:
Әкімшілік және экономикалық басқару әдісін қабыстырып жіберу
244
60-80-ші жылдары Қазақ КСР-да жүктердің негізгі көлемі тасымалданды: Теміржол көліктерімен.
245
ХХ ғ. 60-70 жж. қарсаңында КСРО-дағы қоғамдық – саяси ахуалдың сипаты: Әкімшілік - бюрократиялық жүйенің күшеюі.
246
ХХғ. 70-80-ші жж. Қазақ КСР-да ғылым мен білім беруді қаржыландыру принципі: «Қалдық»
247
Дүниежүзінде алғашқы атомдық су тұщыландыратын станция Қазақстанда салынды, жағалауында: Каспий теңізінің
248
ХХ ғ. 70-ші ж.ж. Қазақстан жерінде орын тепкен аса зор территориялық-өндірістік кешен: Маңғыстау
249
ХХ ғ. 80-ші ж.ж. Қазақстан өнімінің экспортқа шығарылуы: Көлемі жағынан бесінші орын алды.
250
ХХ ғ. 80-ші ж.ж. аяғында атақты ақынның әдеби мұрасы ақталған болатын: М. Жұмабаев
251
Қазақ халқының атақты зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов қай жылы ақталды-1988
252
Қазақстанның қай көршілес елмен арадағы шекарасы 2 150 км-ге жуық -Өзбекстан
253
Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен арадағы шекарасы қанша километрді құрайды-1460
254
Елдің халықаралық көлік нарығына шығуын қамтамасыз ететін Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымының құрамына Қазақстан теміржолдары қай уақыттан бастап кірді-1983 ж
255
Н.Назарбаевтың 1990 жылдың сәуірінен бастап атқарған қызметі:ҚР президенті
256
Н.Назарбаевтың 1984-1990 жылдары аралығында атқарған қызметі:Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
257
Н.Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала:Теміртау
258
«Қазақстан 2030» даму стратегиясының қоғамның ұзақ мерзімді жеті басым мақсаттарының біріншісі-ұлттық қауіпсіздік
259
Қаракерей Қабанбай батыр туралы жазылған Қ.Жұмаділовтың шығармасы:Дарабоз
260
Халық жазушысы О.Сүлейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі:Жазу тілі
261
Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың кітабы:Өркениеттің адасуы
262
1993 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде республикадан қанша адам көшіп кетті?
3280,4 мың адам көшіп кетті
263
1993 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде республикаға қанша адам көшіп келді?
1643 адам көшіп келді
264
1993 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде Қазақстаннан КСРО-ның бұрынғы республикаларына қанша мың адам көшіп кетті?
1524,0 мың адам көшіп кетті
265
1993 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанға КСРО-ның бұрынғы республикаларынан қанша мың адам көшіп келді?
391,4 мың адам көшіп келді
266
1990/1991 оқу жылында Қазақстанда жоғары оқу орындарының саны 55 болса, 1999/2000 оқу жылында қанша болды?
163
267
Тәуелсіз Қазақстан экономикасы саласында барлық қызмет атқаратындардың арасында жоғары білімді адамдардың саны 1989 жылы 1000 адамға шаққанда орта есеппен 130 болса, 1999 жылы қанша болды? 212
268
1999 жылы Ақтөбе облысындағы Әлібекмола және Қоасай кеніштерінен мұнай шығару үшін құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС
269
Қазақстанда шетелдік капиталмен жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны 1990 жылы 15 болса, 1997 жылы қанша болды?1227 и 1388
270
«Каспий құбыр желісі Консорциумы Лимитет» жауапкершілігі шектеулі компаниясы 1992 жылы 17 маусымда Бермуд аралдарында Қазақстанның қай елмен үкіметаралық келісімі нәтижесінде тіркелген болатын: Оман Сұлтандығы
271
1998 жылдың басында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Кеден одағы шеңберінде бастама көтерді. Бұл бағдарламалық құжат Достастық халықтарының күнделікті қмір сүруін жеңілдететін, оларға елден елге өту кезінде, азаматтық алуда, өздерінің басқа да құқықтарын жүзеге асыруда ұиындықтар туғызбайтын шаралар қолдану туралы болды. Бұл бастама қалай аталады?
Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам деп аталды
272
2005 жылы 28 наурызда Астана қаласының соты ҚР Бас Прокурорының ұсынуы бойынша қандай ұйымды экстремистік ұйым деп танып және оның қызметіне республика аумағында тыйым салды? «Хизб-ут – Тахрир» ұйымы
273
2005 жылы ел Президентінің бірнеше шет тілді білетін, қазіргі заманғы техникалық құралдарды меңгерген біліктілігі жоғары мамандар даярлау талаптарын іске асыру мақсатында ашылған әскери жоғарғы оқу орны:
Алматыда Әскери шет тілдер институты
274
1996 жылы шілдеде Мемлекет басшысы кіші командалық буындағы кәсіби кадрлар даярлайтын әскери оқу орнын құру туралы шешім қабылдады. Ола қалай аталады және қайда орналасқан? Алматы Жоғары әскери учлищесінің негізінде Қарулы Күштердің әскери академиясы құрылды.
275
2001 жылы 27 тамызда Алматыдан 35 км қашықтықта Алматы-Ташкент даңғыл жолының бойынша ашылған мемориал неге арналды?
Отан соғысындағы қазақтардың қаһармандық ерлігіне арналған мемориал ашылды
276
1996 жылы 16 желтоқсанда ашылған Тәуелсіздік монументінің автолары: Ш.Уәлиханов(топ жетекшісі), мүсіншілері Н.Далбай, Ә.Жұмабаев сәулетшілері Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, бас конструкторы С.П. Каламкаров
277
1998 жылы Астананы дамытудың Бас жоспары үшін графикалық идеялардың халықаралық конкурсында кімнің жобасы жеңімпаз деп танылды? Кисе Курокава жапон
278
1998 жылы «Әлем артисі» жоғары атағына ие болған өнер иесі: Айман Мұсахожаева
279
Қазақстан Республикасында «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заң қашан қабылданды? 1993 жылғы 19 қаңтар
280
«Халық тарих толқынында» атты бағдарлама аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де құрылып, жұмыс жасап жатқан ғылыми орталықтар: «Еділ» (Аттила) ғылыми-зерттеу орталығы.«Дүниежүзі тарихын зерделеу» жөніндегі орталық
«Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерделеу» жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы
281
«Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасының бірінші бағыты? білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру
282
«Тарихи ақтандақтарды» әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1999 жыл жарияланды? «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы»
283
Президент Н.Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы? «Қазақстан 2030»
284
1995 жылы ЮНЕСКО деңгейінде 150 жылдық мерейтой өткізілді: А.Құнанбаев
285
1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан парламентінің палаталары: Сенат және Мәжіліс
286
«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы қашан жолданды? 2014ж 11 қараша
287
Көкке ұмтылып тұрған «Қазақ елі» монументінің биіктігі? 91м
288
2006 жылы қаңтарда қабылданған ҚР жаңа әнұранының сөзінің авторлары? Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев
289
1999 жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың кітабы: «Тарих толқынында»
290
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан өзінің: Ту мен Елтаңбаны қабылдады
291
ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстанның мемлекеттік кұрылым формасы? Президенттік
292
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс Министрі? С.Нұрмағамбетов
293
Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары 1998 жылы бас қосқан қала? Алматы
294
ҚР Президентінің Жарлығымен «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланған жыл: 1997ж
295
Қазақстанның Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастығы Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық еткен уақыты? 2010ж. желтоқсан
296
ҚР-ның әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену стратегиясын негіз еткен бағдарлама? «Қазақстан 2050»
297
Ұлттық тарихты қалыптастыру, отандық тарихтың өзекті мәселелерін зерттеу, тарих ғылымын жаңғыртуды мақсат еткен бағдарлама: «Мәдени мұра»
298
Қазақстандық студенттер шетелдердің оқу орындарында білімін жетілдіруге мүмкіндік алған бағдарлама? «Болашақ»
299
Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды? 1995ж
300
Қазақстандағы қоғамды демократияландыру, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қолдау, агросекторды қолдауды күшейтуге басымдық берген партия ? «Ауыл» социал-демократиялық партиясы
300
Қазақстандағы қоғамды демократияландыру, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қолдау, агросекторды қолдауды күшейтуге басымдық берген партия ?
«Ауыл» социал-демократиялық партиясы
301
Қазақстан Республикасында референдум өткізу туралы шешімді кім қабылдайды?
ПРЕЗИДЕНТ
302
Қандастарымызды орналастыру оларға жағдай жасау мақсатында үкімет қаулысымен бекітілген «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданды:
2008 Ж., желтоқсан
303
Қазақ диаспорасы ең көп шоғырланған мемлекет?
Қытай
304
Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала?
Теміртау
305
Индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру дегеніміз?
Өндірістің жаңа салаларын дамыту, cапалы дайын өнім өндіру, әлемдік нарықта бәсекелестікті нығайту
306
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында Қазақстандағы жүзеге асырылған жобалар?
Өскемендегі «Шкода» жеңіл автокөлік зауыты, Көкшетаудағы «Камаз» ауыр автокөлік зауыты, Семейдегі «автобус» жинау жобасы
307
2000 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша қай қаланың 1500 жылдығы атап өтілді?
Түркістан қаласының
308
2002 жылы күзде Түркістанда өткен жиын:
Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы ІІ -ші рет
309
2003 ж. 23 маусымда ЮНЕСКО-ның 27 сессиясында Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген ескерткіш.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
310
Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы атап өтілді?
2015 жылы
311
Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының екінші съезі Астана қаласында өтті:
2006 жылы 12-13 қыркүйекте
312
Режисер Ақан Сатаевтың 2012 жылы түсірген кинофильмі:
«Жаужүрек мың бала»
313
«Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1998 жыл қандай жыл болып жарияланды?
«Халыктар тұтастығы мен ұлттық тарих» жылы
314
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы болатын. Бұл қай жылы, қай күні болды?
2012 жыл 14 желтоқсан
315
2017 жылы Қазақстанның Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы қалай аталды?
«Болашақ энергиясы»
316
Ұлттық тарихты қалыптастыру, отандық тарихтың өзекті мәселелерін зерттеу, тарих ғылымын жаңғыртуды мақсат еткен бағдарлама:
Халық тарих толқынында
317
2009 жылғы санақ нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының халық саны
17 млн 200 мың (16млн. 9 мың)
318
2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлесі?
65,2%? (63.6%)
319
Қазақстан Республикасының Президенті бастамасымен 2010 жылы ашылған республикадағы әйгілі жоғарғы оқу орны.
Назарбаев университеті
320
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. «Қазақстан-2050 стратегиясының басты мақсаты Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған ...
Дамыған 30елдің қатарында болу
321
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлығының шыққан жылы, күні ?
2017жыл 27 қазан
322
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді?
2018 жылы 21 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды
323
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды?
2015 жыл
324
Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі еліміздің қай университетінде орнатылған
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының төрінде тұр.
325
ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы», «Бейбітшілік қаласы» деп аталған қала:
Астана
326
2016 жылы 31 наурызда Елбасы Н.Ә. Назарбаев Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммитте жариялады
«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жариялады.
327
Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайында қабылданған шешімдер:
Республикадан тысқары, шет елдерде журген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату , мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу болды
328
2016 жыл Қазақстан халқы ассамблеясынының XXIV сессиясында қабылданды?
Әлемнің және ЕурАзЭҚ-тың ғаламдық энергетикалық және экологиялық қауіпсіз дамуын құру проблемаларын іргелі теориялық және әдіснамалық зерттеулер топтамасының қорытындысы туралы Н.Ә.Назарбаевтың жазған еңбегі
«ХХI ғасырдың жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» атты кітабы
330
2017 жылы Дүниежүзілік XXVIII қысқы универсиада ойындары Қазақстанның қай қаласында өтті?
Алматы
331
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы кім?
Н.Ә.Назарбаев
332
Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту, индустриалды-инновациялық даму, инфрақұрылымды дамыту мақсаттарын белгіленген 2004 жылғы 19 наурыздағы жолдауы:
Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, Бәсекеге қабілетті экономика үшін, Бәсекеге қабілетті халық үшін
333
1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достықпен ынтымақтастық туралы» Декларацияның маңызы:
1.Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты
2.Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті
3.Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды
334
Қазақстанның халықаралық саясаттағы негізгі ұстанымы(?)
ұлттық құндылықтар негiзiнде Қазақ елiнiң экономикалық, саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және жердiң бiртұтастығын мәңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын (Ұлттық байлығын) тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының әлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға мемлекеттi мiндеттеу. Әркiмнiң азаматтық құқығының мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз етпейiнше, заң алдындағы бәрiне бiрдей жауаптылық болмайынша ел ішінде дұрыс түсiнiстiк болмайды.
335
2019 жылдың 26 желтоқсанында Парламент Сенаты қандай Заң қабылдады?
«Педагог мәртебесі туралы»
336
2015 жылдың 10 сәуірінде Астана қаласында өткен жастар форумының атауы:
«Елбасымен бірге-жаңа жеңістерге»
337
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанындағы Жолдауында 2019 жылды қалай жариялады?
Жастар жылы
338
2019 жылы Қарағандыда ашылған зауыт:
«YDD Corporation» зауыты Ферроқорытпа зауыты
339
Н.Ә. Назарбаев 1992 жылдың 5-қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзінде қандай бастама көтерді?
Азия туралы айтқанда континенттік ауқымдағы ұжымдық қауіпсіздік тетіктерін қалыптастыру тақырыбын айналып өтуге болмайды. Бұл Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы қазақстандық бастаманың іске асырылуы арқасында мүмкін болды. Бұл ұсынысты мен нақ осы мінбеден 1992 жылы Бас Ассамблеяның 47-ші сессиясының барысында алғаш рет жария еткенмін.
340
Қазақстан заңды түрде Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болған жыл:
2015 жыл 30 қараша
341
Бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы Ұлт жоспарының атауын көрсетіңіз:
«100 нақты қадам»
342
Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі атанып, сол сәттен бастап бүкіл дүние жүзі Қазақстанның егемендігін мойындаған күн:
1992 жыл 2 наурыз
343
1993 жылғы 5-сәуірдегі ҚР Президентінің Жарлығы:
Тіл комитетін құру туралы номер 1134 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
1993 жылғы 5-сәуірдегі ҚР Президентінің Жарлығы:
344
1995 жылғы 29-сәуірінде өткізілген референдумның нәтижесі:
ҚР азаматтарының 95,4% Н.Ә.Назарбаевтың президеттік өкілеттігін 2000-шы жылдың 1-желтоқсанына дейін ұзарту үшін дауыс берді.
345
2000 жылдың 10 қазанында Астана қаласында өткен саммитте Кедендік одаққа қатысатын республикалар басшылары кездесу барысында келісім-шарт жасасты:
Кедендік одаққа қатысатын республикалар – Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) құру жөнінде келісім-шарт жасасты.
346
2019 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының атауы:
Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі
347
2019 жылдың наурыз айындағы Елбасы үндеуінің мазмұны:
Қызметін тоқтату туралы шешім
348
Қай жылы ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы шықты?
1997 жылы, 13 желтоқсан
349
2017 жылы Қытай еліндегі сайысқа қатысып, әлемге танылған әнші:
Димаш
350
«Ұрпақтар сабақтастығы мен бірлігі» деп жарияланған жыл:
1999 жыл
351
2009 жылы Ақтөбе облысында іске қосыған мұнай құбыры қалай аталады? Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры
352
VII Қысқы Азиада ойындары қарсаңында салынды: Алматыда К-125, К-95 халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешені салынды
353
2016 жылы Рио-де-Жанейродағы 31-ші Олимпиада ойындарында алтын алған боксшы: Данияр Елеусінов
354
Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы қашан өтті? 2011 жылғы 28-30 маусымда
355
Қазақстанда тұңғыш рет VII Қысқы Азиада ойындары қашан өткізілді? VII Қысқы Азия ОйындарнемесеАзиада 201130 қаңтар мен 7 ақпан арасындаҚазақстанныңекі қаласында (АлматыменАстана) өтті.
356
«Бейбітшілік пен бірліктің он жылы» деп аталған жыл: 2001 жыл
357
2000 жылғы 26-28 сәуірде Алматы қаласында өткен халықаралық экономикалық саммиттің атауы: "Еуразия-2000"
358
2000 жылы ТМД мемлекеттері басшыларының саммитінде халықаралық терроризмге қарсы күресті күшейту мақсатында антитеррористік үйлестіруші орталық құруды ұсынған кім? Н.Ә.Назарбаев
359
2010 жылғы ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы кезекті отырысында қарастырылған мәселелер:
Еуроаталантикалық және Еуразиялық кеңістікте кеңауқымды, бөлінбейтін,кооперативті қауіпсіздік құру, Ауғанстандағы бейбіт өмірді қалпына келтіру;
360
Еліміздегі Ұлттық Қордың басты міндеті: Экономикадан басы артық мұнай долларын шығару және теңге бағамына және инфляцияға қысымды тежеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайлы жоспарлау арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
361
Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерін көрсетіңіз: «Еркін елдің ертеңі»
Ғасырлар тоғысында
Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі
Еуразия жүрегінде
Елмен сырласу. Т.1
Таңдамалы сөздер
Сындарлы он жыл
Ой бөлістім халқыммен
Абай туралы сөз
Жан шуағы
Ақыл-парасат кітабы
Ресей қатынастары
Тәуелсіздік дәуірі
Қалың елім қазағым
«Тарих тағылымдары және қазіргі заман»
Қазақстан жолы
Тарих толқынында
362
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасында қарастырылған мәселе: 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі
363
2010 жылы республикамыздың әлемдегі беделі мен атқаратын маңызды рөлін айқындай түскен жағдай:
2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті. Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) болады.
Біріншісі бірі-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді.
Екіншісі ЕҚЫҰ -ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.
Үшіншісі - халықаралық қарым-қатынастарда барынша ашықтық пен транспаренттік.
Төртіншісі - әлемдегі мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогті нығайту.
2010 жылы 1-2 желтоқсанда -Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооператтивті қауіпсіздік құрудың көкейкесті мәселелерін талқылау үшін Ұйымға қатысушы елдер Мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі - мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы.
2010 жылдың 31 желтоқсанда және 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII Қысқы Азия Ойындары Астана -Алматы қалаларында өтті. 2011 Азиада Қазақстан үшін салтанатты түрде мәресіне жетті. Азиадада тұңғыш рет 11 спорт түрі бойынша69 мадақтау жиынтығы таразыға салынды. Оған Азианың 27 мемлекетінен 1000-нан астам спортшы қатысты, олардың арасында атақты спортшылар, Олимпиада және әлем чемпионатының жеңімпаздары бар. Азиада ойындары барысында 10 континенталдық рекордтар анықталды.
Қазақстандық құрама команда 70 медаль, оның ішінде 32-алтын, 21-күміс, 17-қола медальдарды иелене отырып, қысқы Азиада ойындары тарихында жаңа рекорд орнатты.
Азиада-2011 ресми сайтының ақпараты бойынша бұрынғы рекорд - 29 алтын белгі Жапония құрама командасына тиесілі болған. Ол 1986 жылы Саппаро қаласында өткен Алғашқы қысқы Азиада ойындарында алынған болатын. Ойындағы басты рекорд - Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты мықты қарсыластармен болған күресте қазақстандықтармен алынған 32 алтын медаль.
Елбасының тапсырысы бойынша Азиаданың басталу кезеңінде халықаралық кластағы 10 спорт алаңдары күрделі жөндеуден өтті, оның ішінде кейбірі әлемдік талапқа келмейді.
Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасықабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады.
2010 жылы Қазақ халқының біртуар ұлы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жауынгер жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толады. Осы орайда қаңтардың 9-ы күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Аманкелді Момышев Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевқа депутаттық сауал жолдады.
Депутат сауалында дүние жүзіне белгілі тұлға, аты аңызға айналған батыр, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту қажеттігін алға тартты.
364
2004 жылғы маусымда Астана қаласында ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің кезекті отырысында қаралды: Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге деген көзқарастары, шекаралық саясат және ЕурАзЭҚ аясында қабылданған заңдар, су-энергетика қорын тиімді әрі ұтымды пайдалану, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдерде темір жол тасымалдауына бірыңғай тарифтер белгілеу мәселелері қарастырылды
365
''Нұрлы көш'' бағдарламасына қатысушылар қатарына жатпайды:
Қазақстан аумағында тұратын азаматтардың жұмыс бабымен екінгші бір жерге қоныс аударуы;
366
''Нұрлы көш'' бағдарламасында қарастырылды: Ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу.
367
Қазақстан жалпы командалық есепте 12 орынға ие болған Лондон Олимпиадасы қашан өтті? 2012 жылы
368
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдаудың ерекшелігі:
Бұл жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан.Ұлт көшбасшысыхалыққа арнаған Жолдапуында 7 бағытқа айрықша назар аударған.
Төртінші.Тұрғын үй-коммуникалдық шаруашылық пен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту.
Бесінші.Тұрғын үй инфрақұрылымдарын жаңғырту.
Алтыншы.Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту(мектеп жетіспеушілігін үшаусымды мектеп проблемасын,балабақша жетіспеушілігін шешу)
Жетінші.Шағын және орта бизенес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.
Сонымен бірге Елбасы Жодауда денсаулық,білім мәселесінің де күн тәртібінене түспейтінін айтты;
ЖАУАПТАҒЫ НҰСҚАМЕН САЛЫСТЫРУ;
369
«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасының мақсаты: Қазақстадықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру
370
«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасының құрамдас бөліктерін көрсетіңіз: Үш құрамдас бөліктен тұрады: білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру; қуатты ақпараттық революция, яғни ақпараттық инновациялық технологиялар паркін қалыптастыру; жастарға рухани тәлім-тәрбие беру.
371
«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасының мазмұнын жоғары
оқу орны жағдайында іске асыруда болашақ кәсіби маманның
құзыреттіліктерді дамытуға және қалыптастыруға бағытталады: интеллектуалды тұлға мен интелектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастыруға негізделген индикаторларды және сол индикаторларға сәйкес құндылықтарды тұлға бойында қалыптастыруды; - ақпараттық және инновациялық технологияларды; тіл арқылы ұлттық рухани құндылықтардың мәні мен маңызын ашуды - қазақ тілін мемлекеттік тіл, ұлттық тіл, ана тілі ретінде қолдануды; орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде пайдалануды; - ағылшын тілін экономикаға кірігу тілі ретінде қолдануды; мемлекетаралық, экономикалық және мәдени байланыстарда үш тілді игерудің тиімді тәсілдерін меңгеруі; - электрондық білім беру ресурстарын жобалай білу іскерлігін меңгеруі (мұғалімнің таңдаған білім беру технологиясындағы электрондық ресурстың орнын, оның әдістемелік қызметі мен педагогикалық мақсатын және т.б. анықтау); - оқу іс-әрекетінің бағытына сәйкес интструментальдық құралдардың (редакторлар, программалық құралдар және т.б.) көмегімен электрондық білім беру ресурстарын жасауы тиіс.
372
''Нұрлы көш'' бағдарламасының іске асырылу мерзімі көзделген уақыт аралығы: 2009-2011 жылдар
373
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Елбасының қай стратегиясында айқын басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған? «Қазақстан-2050» стратегиясында
374
Қазақстандағы «Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында атқарылған жұмыстар: 1. «Әйтеке биді тарихи-антропологиялық тұрғыдан зерттеу». 2. «Кенесары Қасымұлының сүйегін тарихи зерттеу негізінде іздеу».
375
Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) басты міндеті: Мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс қимылының тиімділігін арттыру.
376
«ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы: «Болашақтың энергиясы»
377
«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіндегі «Жасыл экономиканың» маңызы:
Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді. «Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл» экономика бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді: ішкі жалпы өнімнің өсімі, елдің табыстарын ұлғайту, елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру. Бұл жерде «жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді.
378
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы елбасының қай мақаласында көрініс тапты? «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»