ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі



Дата22.12.2023
өлшемі130,47 Kb.
#198298
Байланысты:
9-тарау.Сыбайлас жемқорлық

ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі

Сыбайлас жемқорлық

  • Бас пайдасы үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану
  • Лауазымды қызметкерлерді сатып алу,олардың сатқындығы,билік пен өкілеттілігін асыра пайдалану деп түсіндіріледі
  • Сонымен,сыбайлас жемқорлық дегеніміз-лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіліктерін мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында заңсыз пайдалану,сол сияқты осы адамдарды параға сатып алу

Сыбайлас жемқорлықтың субьектілері

  • Жауапты мемлекеттік қызмет орнындағы тұлғалар
  • Мемлекеттік функцияларды орындаудағы өкілетті тұлғалар
  • Мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғаларға тіркелгендер
  • Кәмелет жасына толған,лауазымды қызметкерді сатып алуда іске асыратын дара адам


Сыбайлас жемқорлық түрлері
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық
Іскерлік сыбайлас жемқорлық
Саяси сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы әрекет

  • 2008 ж. Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвекциясын ратификациялады
  • 2015 ж. “ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы” қабылданды
  • 2015 ж. 18 қарашада ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заң қабылданды

ҚР-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүйесі


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер жүйесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер,жемқорлық тәуекелін сараптау
Шиеленіс мүдделерін шешу және оны болдырмау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру мен сақтау
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық салдарын жою
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы хабарлау,қаржылық бақылау
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтау,жол бермеу,ашу және тексеру
Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шаралары
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг-жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігі,жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы құқық қорғау органдарының жұмыстары,сонымен қатар жемқорлық деңгейін қоғамның қабылдауы мен бағалауы сияқты ақпараттарды жинау,зерделеу,қорытындылау,сараптау және бағалау қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер-жауапты мемлекеттік қызметтегі және мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті адамдардың міндеттері:

  • Мемлекеттік функцияларды орындаумен сәйкес келмейтін әрекет жасамау
  • Жақын туыстардың,ерлі-зайыптылардың,құда-жекжаттардың бірге жұмыс істеуіне жол бермеу
  • Қызметтік ақпаратты игіліктер мен артықшылықтарға ие болу мақсатында пайдаланбау
  • Қызметтік өкілдігін атқаруға байланысты сыйлықтар алмау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

  • Мәдениет-қоғамның материалдық және рухани құндылықтары
  • Құқықтық мәдениет-адам мен қоғамның дамуына қажетті құқықтық құндылықтардың жиынтығы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-құқықтық мәдениеттің құрамдас бөлігі
  • Сыбайлас жемқорлық мәнез-құлқы –қызметтік жағдайын асыра пайдалану жолымен жекебасының пайдасына бағытталған лауазымды тұлғаның мінез-құлқы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет