ҚР нормативтік



Pdf көрінісі
Дата28.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#160085
Байланысты:
Лаура 04



Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Тақырыбы:
ҚР нормативтік құжаттарында
анықталған қазіргі заман
мұғаліміне қойылатын талаптар


ҚР нормативтік құжаттарында
анықталған қазіргі заман мұғаліміне
қойылатын талаптар
ҚР “Білім туралы” заңы.
Мұғалімнің құқықтары мен міндеттері .
.
Жоспары:


 Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне төмендегідей
негізгі қасиеттерді кіргізуге болады: балаға деген шексіз
сүйіспеншілік; деонтологиялық парыз, педагогикалық
процесті жүйелі жүргізе алуы; бақылаушылдық қабілеттілігі;
педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы;
педагогикалық рефлексия, педагогикалық ойлаудың
қалыптасуы; оңтайлы қарым-қатынас жасай алуы;
ұжымшылдық; шығармашылық және т.б. 
ҚР нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман
мұғаліміне қойылатын талаптар 


ҚР “Білім туралы”заңы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Қазақстан
Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді. 2007 жылы 27
шілдеде қабылданды. ҚР Білім туралы заңы 68 баптан, 12
тараудан тұрады. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі
принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы
органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу
белгіленген.


Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 51-бап
Педагог жұмыскердің: 
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік
практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; 
тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары
сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен
нысандарын еркін таңдауға.
педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар,
сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық
көтермеленуге; 
ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық
демалыс алуға. 
білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де
заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне
құқығы бар.
МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Педагог жұмыскер:
өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық
білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына
сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени
құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында
тәрбиелеуге;
білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін,
шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми
деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға; 
білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының
немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін
құрметтеуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет