Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


«»Тәуекел тобындағы» балаларды оңалту жұмысының принциптері



бет34/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

«»Тәуекел тобындағы» балаларды оңалту жұмысының принциптері
Әлеуметтік педагогқа тәрбиеленуі қиын балаларды оңалту бойынша әлеуметтік-педагогикалық қолдау жұмысында келесі қағидаттарды ұстану (А. С. Беличева) бойынша:
1. Баланың "қиын" мінез-құлқында оң мінез-құлықты көре білу және жасөспірімнің оң қасиеттеріне сүйену.
2. Болашақ мамандыққа байланысты жасөспірімнің болашақ өмірлік ұмтылыстарын қалыптастыру.
3. Өзін-өзі бекіту қажеттілігін іске асыруға мүмкіндік беретін қоғамдық-пайдалы ұжымдық қызметке қосу: пайдалы мүдделерді және жоғары рухани құндылықтарды дамыту.
4. Жасөспіріммен қарым-қатынаста терең сенім мен құрмет.


«Тәуекел тобындағы» балалармен профилактикалық жұмыс

«Тәуекел тобындағы» балалармен алдын алу мынадай кезеңдерді қамтиды (8-сызбаны қараңыз)


8-сызба. Педагогикалық қолдау технологиясы (О. С. Газман) бойынша





Диагностикалау кезеңі



Рефлексивті кезең

Іс-әрекет кезеңі

Шартты кезең

Іздеу кезеңі

8-кесте.Педагогикалық қолдау технологиясы





Кезеңдері

Мазмұны



  1. Диагностикалау кезеңі

Диагностикалық кезең құқық бұзушылық фактісін тіркеуді, әлеуметтік-мәдени жағдайды жан-жақты талдауды, жасөспірімнің негізгі проблемалары мен қауіп факторларын анықтауды көздейді.
Жағдайды талдағаннан және жасөспірімнің негізгі проблемаларын анықтағаннан кейін осы жағдайды туындатқан және құқыққа қарсы мінез-құлыққа әкеп соққан себептер кешені анықталады. Бұл ретте білім беру мекемесі жағдайында оларды өзгерту мақсатында ықпал етуге болатын себептер шеңбері және алдын алу жүйесінің органдары мен қызметтерінің мамандарын тарту арқылы жанама әсер етуге болатын себептер анықталады;
Диагностика жасөспірімнің психофизикалық, педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық мәртебесін сипаттау негізінде тұлғалық жетілу деңгейін анықтау арқылы жүргізіледі. Мәртебесі осы саладағы педагогтар мен мамандардың сараптамалық бағалаулары арқылы сандық және сапалық талдауды пайдалана отырып, арнайы әзірленген бес балдық шкала бойынша анықталады. Бұдан басқа "тәуекел тобындағы жасөспірімнің жеке картасы" толтырылып, тұлғалық өсу үшін маңызды көрсеткіштердің диагностикасы жүргізіледі: қол жеткізу мотивациясы, әлеуметтік қызығушылық, шығармашылық әлеует, сондай-ақ күрделі жағдайлар (үрей, агрессия, ебедейсіздік).
Әлеуметтік педагог пен психолог жасөспірімнің жеке ісімен танысады, әлеуметтік асқыну себептерін, бейімсіздік дәрежесі мен сипатын, оқу уәждемесінің деңгейін, жасөспірім тұлғасының зияткерлік дамуын анықтайды. Мамандардың бірінші кезеңдегі міндеті - тәрбиеленушімен байланыс орнату.
Теоретик Л. Б. Филонов дезадаптацияланған жасөспірімдермен байланыс орнату технологиясын әзірледі. Ол онымен сөйлесуде бірнеше сатыны бөліп қарастырады (көзқарас арқылы келісімдердің жинақталуы, жасөспірім тарапынан келісімге ынта):

  1. оның қызығушылықтарын іздестіру және мінез-құлқы мен қызуғышылықтарының ерекшелігін түсіну;

  2. оның жеке басының теріс қасиеттерін және бөгде ықпалдыққа реакциясын анықтау;

  3. мінез-құлықтың және өзара іс-қимылдың жалпы нормаларын әзірлеу

  1. Іздеу кезеңі

Іздеу кезеңі баламен бірге проблеманың пайда болу себептерін, оны сақтаудың немесе еңсерудің ықтимал салдарларын, жағдайға сырттай көзқарасты іздестіруді ұйымдастыруды көздейді.
Іздеу кезеңінің мақсаты - диагностикалық кезеңді пайдалана отырып, проблеманың пайда болуы мен шешілуі үшін жасөспірімнің өзіне жауапкершілік алуы және қолдау көрсету болып табылады: проблемамен байланысты факторлар мен жағдайларды, қиындықтарға әкеп соққан себептерді анықтауға көмек көрсету. Егер бірінші кезеңде оның жағдайын түсіну үшін мәселені жасөспірім тарапынан көру маңызды болса, екінші кезеңде маман қандай да бір проблеманы тудырған ықтимал себептер бойынша жұмыс гипотезасын жасайды, жағдайды сырттан қадағалайды.
Мүмкін болатын салдарды талқылау педагогтың ешқандай іс-әрекет қабылдамаған жағдайда жақын және кейінге қалдырылған кезеңде не болатынын болжай білуін түсіндіреді. Іздеу кезеңі алдағы таңдаудың мақсатын айқындаудағы қолдауды да көздейді: факторлар мен себептерді анықтау барысында алдын ала "жұмыс" тұжырымдары мен проблемадан шығуға арналған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдері көрініс табады.
Әлеуметтік педагогтің міндеті жасөспірімге кез келген таңдауда қолдау көрсету және кез келген жағдайда көмектесуге дайын екендіктерін көрсету.

  1. Шартты кезең

Шартты кезең педагог пен жасөспірімнің іс-әрекетін жобалауды (мәселелерді шешу бойынша міндеттер мен жауапкершілікті бөлу), шарттық қатынастарды жолға қоюды және еркін түрде шарт жасауды қамтиды.
Проблеманың сипатына және оны тудырған себептерге байланысты маман қандай да бір әлеуметтік-педагогикалық технологияны қолданады, қамқорлыққа алынушымен бірге қандай да бір қайшылықты шешудің неғұрлым оңтайлы нұсқаларын әзірлейді.
Осы кезеңде әрқайсысы оң өзгерістер процесіне жауап беретін тұлғалар тобы (жасөспірімді қоса алғанда) анықталады. Мұнда "ерекше назар тобының» жасөспіріміне тәрбиеленушінің жеке тұлғасындағы және мінез-құлқындағы өзгерістер процесін дербес түрде қолдайтын тәлімгер бекітіледі.

  1. Рефлексивті кезең

Рефлексивті кезең әлеуметтік педагогтың жұмысында жасөспіріммен бірге алдыңғы қызметтің табыстары мен сәтсіздігін талқылауды, проблеманы қайта қалыптастыру үшін шешу немесе шешілмейтін фактіні айқындауды болжайды, өмірдің жаңа тәжірибесін бірлесіп ұғыну проблеманы шешуде қорытынды және бастапқы болуы мүмкін. Рефлексия барысында бұрын көрінбейтін себептер, жағдайлар "ашылуы" мүмкін. Мәселені қайта құрып, оны шешудің жаңа жолдарын іздеу қажет болады. Жасөспіріммен мәселені шешуге ілгерілеуді талқылай отырып, жобаланған әрекеттердің дұрыстығын немесе қателігін растайтын негізгі сәттер бөлінеді. Жасөспірімге онда және оның айналасында болып жатқан өзгерістерді байқауға көмектесу маңызды.
Рефлексивті кезең дербес ретінде анықталады, кейде, барлық қолдау қызметін енгізе алады..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет