Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


Отбасы төрбиесінде бала құқығын қорғау



бет63/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

Отбасы төрбиесінде бала құқығын қорғау

Кәмелетке толмағандардың ата-ана қамқорлығынан айырылуы келесідей жағдайларда орын алады: ата-ана өлімі, ата-анадан ата-ана құқығын айыру, ата-ана құқығынан айыруынсыз ата-анадан баланы алу, ата-ананың ұзақ уақыт ауруы (анықтамамен бекітілген), сот ата-ана өлімін мойындаған жағдайда, психикалық ауруына байланысты ата-ана қабілетсіз деген сот шешімі, сот ата-ананы із-түссіз жоғалған деп мойындағанда, ата-ана жазасын өтеу кезінде, баланы ересек адамның карауынсыз ұзақ уақытқа тастап кету кезінде.


Қамқорлыққа алу баланың толық тәрбиеленуі үшін кызығушылығы мен құқын қорғауға беріледі.
Асырап алу - 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларды қамқорлыққа алатын отбасына тапсыру деп түсіндіріледі.
Қамқорлыққа алу түсінігіне 14-18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қамқорлыққа алатын жанұя тәрбиесіне беру кіреді.
Қамқорлыққа алушы мен асырап алушыларды білім беру басқармасы таңдайды. Сонымен катар баланың көзқарасы, асырап алушының адамгершілігі мен баска да қасиеттері, баламен қарым-қатынасы, міндеттерді орындауға деген қабілеті бағаланады.
Қамқорлыққа алуға (асырап aлy) керек құжаттар:
- қамкорлыққа алу туралы кандидаттың арызы;
- кәмелетке толмаған баланын ата-ана камқорлығынан айырылғаны туралы куәлігі (ата-ана өлімі туралы куәлік, ата-ана құқығын айыру туралы анықтама т.б.);
- кәмелетке толмаған баланың өмір жағдайы туралы акт. Оны әлеуметтік педагог толтырады. Құжат білім беру баскармасында болады да, ал көшірмесі әлеуметтік педагогта қалады.
Өмір жағдайы туралы актімен төмендегідей мәліметтер болуы керек: ’
- баланыі денсаулығы туралы қорытынды;
- егер бала өз көзқарасын білдіре алатын жаста (10 жас және одан да жоғары) болса, оның көзқарасын міндетті түрде ескеру;
- ата-ана өлімінен кейінгі мүлік туралы мәлімет (кімге калдырғаны туралы және оны сақтауға алған тұлғаның қолы).
Бұл мәліметті әлеуметтік педагог құрады:
- баланың тууы туралы куәлігі;
- кандидаттың мекенжайы, тұрғын үй аумағы, жанұя құрамы туралы анықтама;
- баланың қоныстануына кері ықпал жасайтын кандидат жанұясындағы ауру белгілерінің болмауы туралы қорытынды.
Асырап алуға дені сау немесе ауру балалар тапсырылады.
Егер бала ауыратын болса, алдын ала кандидатты ақпараттандыру қажет. Ал кандидат өз кезегінде арызда келісімін білдіруі керек. Әкімшілік арқылы (қалалық, аудандық) асырап алу немесе қамқорлыққа алу бекітіледі.
Асырап алу шаралары төмендегідей жургізіледі: мекенжайы бойынша мекемеге асырап алуға ата-ана болу мүмкіндігі туралы өтінішін білдіріп арыз жазады. Арызда:
- мекенжайы бар туралы құжат;
- неке қию туралы куәлік көшірмесі;
- емдеу-профилактикалық мекемеден кандидаттың денсаулығы туралы медициналық анықтама.
Білім беру басқармасы мен әлеуметтік педагогтің көмегі арқылы кәмілетке толмаған баланың тұрмыстық жағдайы туралы бақылау жасалады. Әлеуметтік педагог, балабақша, мектеп, бастапқы кәсіби мекемелер арқылы білім беру басқармасы баланың тәрбиесі, өмір жағдайы, денсаулығы, оқуы, кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі мүлігін сақтау туралы бақылау жылына екі рет мына құжаттар арқылы толықтырылып отырады:
- өмір жағдайы туралы бақылау акті:
- ата-ана өлімі жағдайына байланысты алимент, зейнетақының төленуі,
- оқудағы үлгерімі, денсаулығы туралы анықтама.
Әлеуметтік педагог баланың өміріне қауіп төнген жағдайда асырап алушыдан баланы алу қажет. Ол жергілікті өзін-өзі басқару актісіне байланысты орындалады.
Мүліктік құқығын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қорғау түсінігіне: мүлігін сақтауды қамтамасыз ету, мұрагерлігін корғау, уақытында зейнетақы мен жәрдемакының теленуі, заң бойынша қамтамасыз ететін тұлғадан алимент алу кіреді.
Баланың ата-ана мүлігіне, ата-ана баланың мүлігіне құқығы жок, сондықтан бірге тұрып жатқанда ғана, тек өзара келісім арқылы мүлікті қолдана алады. Кәмелетке толмаған бала ата-ана келісімінсіз өзіндік жалақысын, стипендиясын, интеллектуалды іс-әрекет нәтижесінде пайда болған өнерін, әдебиетін, авторлық құқығын қамтамасыз етуге құқылы.
18 жасқа дейінгі балалар мүлікті мұрагерлік мазмұнынан тәуелсіз екі немесе үш бөлігін ала алады.
Алиментті ата-анадан алу мүмкіндігі тумаса, еңбекке жарамды аға-апасы төлейді. Ал, егер төлеуші мүлдем жоқ болса, онда мемлекет 50 пайыздық жәрдемақысын төлей алады.
Балаларға мүгедектік зейнетақы, ал қамқор жасаушыдан айырылған болса зейнетақы, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнайы әлеуметтік зейнетақы, балалық шақтан болған мүгедек балаларға да зейнетақы беріледі.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың мүліктік құқығын қорғау бойынша әлеуметтік педагог қызмет бағыттары:
-Ақпараттандыру, ата-ана мен кәмелетке толмаған балалардың құқықтық сауаттылығын жоғарылату. Жеке сабақ, әңгімелесу, оқу іс-әрекеттік, ойындық, имитациялық бағдарламалар ретінде ұйымдастырылады. Бұл әлеуметтік педагог және арнайы шақырылған мамандар арқылы орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет