Р. Сыздык 6-том indd


шағын шолумен тынамыз. Сөз әрлеу



Pdf көрінісі
бет17/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

 
шағын шолумен тынамыз.
Сөз әрлеу
деп отырғанымыз да – айналып келгенде сөз 
таңдау, сөз қолданысы дегендеріміз сияқты, көркем шығарма 
тіліндегі жеке сөздердің (және тіркестердің) «қылығы»: қыз-
меті, стильдік жүгі (орысша айтқанда, «поведение слова в ху-
дожественном тексте») деген тұтас құбылысқа кіреді. Әсіресе 
«сөз әрлеу» дегенде сөздің көріктеу құралы ретінде келген, 
сөзбейне болып көрінген сәттері талданады.
Шығарманың «көркем» деген анықтауышының өзі айтып 
тұрғандай, ол әсем, әсерлі болған күнде ғана көркем әдебиет 
әлеміне кіреді. Бұл жердегі 
көркем
сөзі тек «сұлулық, әдемілік» 
деген ұғымды ғана емес, біздіңше, ең ал дымен «әсерлілік» де-
ген ұғымды беруге тиіс. Өйткені адам (оқырман) сезіміне тек 
жағымды (әдемі, әсем) нәрселер емес, жағымсыз нәрселер де 
әсер етеді, ғылым тілімен айтсақ, жазушы сөздердің жағымды-
жағымсыз экспрессиясын пайдаланып, олардың эмоциялық 
күшін танытады. Осы реттен келгенде, көркем проза тілінде де 
қалам иесі теңеу, эпитет, метафора, әсірелеу сияқты көріктеуіш 
құралдарды жұмсайды, мақал-мәтел, бейнелі фразеологизмдер 
де шығарма тілін әрлендіретін материалдар қатарына кіреді.


34
М.Әуезовтің жазушылық талантын бірден танытқан белгі-
лердің бірі – 20-жылдардағы шағын әңгімелері повестерінің 
өзінде олардың тілінің көрікті, көркем, әсерлі болып келуінде. 
Бұл көркемдікті беруде жазушы ана тілінің ғасырлар бойы 
қалыптасып, белгілі бір бояумен айтылатын теңеулерін де
пайдаланады. Солардың қалыбымен (моделімен) өзі де жаңа
теңеулер ұсынады. Қалыбы деген де теңеулердің жасалу 
тәртібі сияқты сыртқы моделін ғана емес, теңеуге алынатын
материалдың (зат, құбылыс, ұғымдардың) көзін атаймыз. Мы-
салы, Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі теңеулердің дені
қазақтың айналасын қоршаған табиғат көріністерінен, күн-
делікті зат-бұйымдарынан, тұрмыс-салтынан, мал бағу, көшіп-
қону сияқты тіршілік әрекеттерінен алынады:
Жолдың аузында көлденең созылып жатқан тұрқы он 
шақырымдай болғанымен, 
енсіз кереге сықылды,
жалғыз тау... 
Қыстың басынан екі жағын қар алып, 
жұмыртқадай қылып
тегістеп тастайды (І, 29).
Қазақ табиғат көріністерін сөз еткенде, теңеулерге жиі 
жүгінеді, бұл тәсіл, біріншіден, айтпақ ойына әсерлі үн берсе, 
екіншіден, табиғаттың әр тұсын мәпелей, сүйіне сөз ету, сірә, 
сол табиғатпен етене болған дала перзенттері – қазақтардың 
жанына жылы тиетін болу керек. Сондықтан М.Әуезов 
әңгімелерінен: «Жұқалаң, ұзыншақ көп бұлт 
қызыл сеңдей 
бо-
лып, батар күнді ентелеп қамап тұр... Қара көк тұңғиық аспан 
күнбатысқа тақаған жерінде 
қызыл торғындай
толқынданып, 
кейбір жерінде қызулы өрттің жалынындай жайнайды. Күннің 
ақырғы сәулесі түсіп тұрған тау бастары көлеңке басқан 
қоңыр жердің 
алтын шатырындай
нұрланып қызғылттанады» 
(I, 70) деген жолдағы табиғатты суреттеген шағын бір абзац-
тың өзінде қаншама теңеу бар және бәрі – халық құлағына жат 
емес, таныс суреттер.
Ал түнерген тауды 
бетіне көлеңкедей әжімі жиылып
теңеуі (I, 70). Саршегір деген құс алатын қыранды 
машинаның 
айналысындай
бір айналыс жасады (І, 72) деуі, кінәмшіл бой-
жеткен Ғайшаның қылығын 
саяз судың жайдақтап аққан 
ағысы сияқтанып
(І,191) деуі – бұлардың барлығы, әрине, 
автордың өзі ұсынған теңеулері.


35
Контекстік, яғни автор ұсынған теңеулердің ішінде жаз-
ба әдебиетке тән оқыс үлгілер де бар. Мысалы, Қаралы сұлу 
– Қарагөздің жесірлік күй кешіп өтіп жатқан жылдарын 
қара 
жел үзілмей соққан күздің суық күніне,
Қарагөздің төсегін 
қаралы тор,
өзін сол 
қаралы тордың бұлбұлына
теңеуі (І,214) 
– кәнігі емес, соны, авторлық салыстырулар.
Көркем шығармада көріктеу құралдарының қай-қайсысы-
ның да авторлық түрлері басым болып келеді. Бұл – жазушы-
ның дүниетанымына, содан өзі алатын ой түйініне (вообра-
жениесіне) тікелей байланысты құбылыс. Осы реттен келген-
де, М.Әуезов өзінің әр нәрсені салыстырып сезінуі – ассо-
циациялау қабілеті күшті жазушы екенін шығармашылық 
жолының алғашқы қадамынан-ақ танытады.
Көркем проза негізінен, поэзиядай емес, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет