Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет91/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

тіл
мен 
ыңғай, қыр 
мен 
қып
де-
гендерде мұндай жақындық жоқ, бірақ осы кон тексте олардың 
алогизмі көзге ұрмайды, керісінше, бұл текстер тың ассоциация 
(қабылдау, сезіну) туғызып, эмо циялық әсер беретін дүниелер 
болып тұр.
Көркем әдебиет стилінде жеке сөздерге қосалқы мағыналық 
реңк үстеп қолдану – әбден танылған сәтті амал. Асқардың 
табиғат берген суреткерлік таланты мен оқып білген теориялық 
танымдары бұл тәсілді де оңтайлы қолдануға мүмкіндік бер-
ген. Мысалы:
Олар
(ел қазақтары) 
мұның
(оқыған жігіттің) 
қалада де-
ген атына, шенеунік деген еніне мәз.
Шенеунік 
дегенді «ла уа-
зым, қызмет» демей, 
ені 
дегенінде бұл сөзге стильдік жүк 
арқалатқан. Үстіміздегі ғасырдың бас кезінде қалада орысша 
оқып көріне бастаған қазақ зиялыларының өз халқына қызмет 
етпей, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «байға мал, оқығанға 
шен мақсат» болғанын, олардың ішінде қазақ жұртының 
қамын ойлайтындары аз екендігін, Абай айтқандай, «ойында 
жоқ бірінің Салтыков пен Толстой, Я тілмаш, я адвокат болсам 
деген бәрінде ой» деген идеяны Сүлейменов жазушы 
шенеунік 
деген ен
деп бір ғана сөзбен білдіреді. Демек, бұл қолданыстағы 
ен 
сөзінде өзінің номинативтік (тілдегі тура) мағынасы емес, 
сол мағынаға үстелген қосымша мағына «қазақ қауымы разы 


177
емес лауазым, қазаққа пайдасы жоқ қызмет» дегенді білдіруге 
жұмсаған.
Жеке сөздің қосалқы мағыналық реңкін пайдаланудың 
өзге де сәттерін көрсетуге болады. Айталық, «[Сәруардың] кө-
мейін біраздан бері қайта-қайта лықылдап, тұтқын деген сөз 
ұрып еді» (19-бет) деген сөйлемде күрделі етістік 
сөз келіп еді, 
сөз тығылып еді
дегендер сияқты болып келсе керек еді. Жа-
зушы көмейді сөзге ұрғызады: 
ұру
– жай келу, тақалу, тығылу 
емес, қатты тиетін, күрт орындалатын қимыл. Әкесіне «тұтқын-
быз, одан құтылудың қамын іздеу керек» дегенді айтқысы 
келеді, бірақ бұл сөзге намысы жібермейтінін, әкесі көнбейті-
нін білетін Сәруар айтпақ сөзінің қатты екенін тағы сезеді. 
Сондықтан бұл сөз ойына жай келе салмайды, көмейіне жай 
тығылмайды – 
ұрады.
Бұл жерде 
ұру 
етістігінің қосалқы реңкі 
кәдеге асырылып тұр.
Бұл шығармасында жазушының ең жиі қолданғаны – етістік 
мағыналы образды тіркестер. Олардың жасалуын ғылымда 
(фразеология теориясында) «синкреттік амал» деп атайды. 
Бұл амал бойынша мағыналары бір-біріне жуыспайтын сөздер 
тіркестіріледі. Мысалы, нақты зат атауы мен абстракт есімдер 
(Абайдың 
көңілдің жайлауы, өмірдің тоны
дегендері сияқты) 
немесе адамға, малға тән іс-әрекет атаулары абстракт есім-
дерге телінеді (Абайдың 
көңілге қалың беру, қайғы шығып 
иыққа
дегендері тәрізді). Бұл тәсілді институт, университет-
терде оқып, әдебиет теориясымен жақсы қаруланған қазіргі 
ақын-жазушылар өте шебер пайдаланады. Бұдан Асқар да құр 
алақан емес. Шағын бір повестің тексінен 
сауалды жоғалтып 
алу, сауал жастану, малдасын шашып жіберу, ойды ұмар-
жұмар басып қалу, пікірдің оталып қалуы, менмендіктің 
салмағын үш сөздің арқасына артып жіберу, көңілі мәйектеніп 
қалу, жердің арқасын қасу, сауал ату, жауап лақтыру, күдікті 
суыған шаймен бірге төңкеріп тастау
сияқты ондаған 
тіркестің табылуы – осыған дәлел. Бұлардың барлығында да 
семантикалық, (мағыналық) өрісі жағынан бір-бірінен алшақ 
сөздердің «қақтығысуынан» экспрессиясы күшті жаңа қоспа 
шыққан.
Жоғарғы айтқанымыз түсініктірек болуы үшін бір-екі мы-
сал келтірелік: Менің 
сауал атып,
оның 
жауап лақтырғанын...


178
Шалқалаған сәт жарау тереге қоям деген 
сауалымды жоғал- 
тып алған екем,
қанша сорғығанмен 
түлкі сауал жота-
сын көрсетпеді 
(96-бет). Бұл сөйлемдер Сәруардың ойша 
толғаған монологінен. Әрине, адам, әсіресе басын оққа тігіп, 
ажал сағатын күтіп келе жатқан жас жігіт дәл осылайша об-
раздап ойламауы да мүмкін, оны бұлайша сөйлеткен – автор. 
Бұл жерде авторға керегі – оқиғаның фотосуреті емес, көркем 
суреті. Ар-ұжданы биік, сезімтал, жаны жұмсақ, тіпті роман-
тик Сәруардың жан даусы осылайша естілуге тиіс: бейнелі (об-
разды), эмоциялы, қазақы болып шығуға тиіс.
Сірә, бұл повестің тілі – толғаныс тілі. Толғаныс стилі – ба-
яндау (констатация) немесе хабарлау (информация) мәнерінен 
өзгеше берілуі керек екенін қолына суреткер қаламын тұңғыш 
ұстаған жас жазушы (70-жылғы Асқар Сүлейменов) жақсы сез-
ген, шығарманың тілдік-композициялық кілтін дұрыс тапқан. 
Жоғарыдағы талданған сәттер осыны дәлелдейді.
Әр суреткердің шығармасында ұсынған сөз-образдары: 
эпитеттері, теңеулері, метафоралары, кейіптеулері, әсірелеу-
лері оның дүниетанымын, дүниеге көзқарасын, әр нәрсеге 
беретін бағасын танытады, бұларды сол шығармада айтпақ 
идеясына қызмет еттіреді. Ол үшін дайын штамптарға, жа-
уыр болған көріктеу элементтеріне көп жүгінбейді. Жаңаша 
құруды көздейді, ізденеді. Асқардың көзіне шоқша сақал 
бөдене құйрықтатып күзеп тастаған сақал
болып көрінеді, 
ақ шалған самайды атағанда 
ақ қырау басқан
деген сияқты 
үйреншікті суретті алмай, 
самайына сынап тұнған
деп береді, 
аш қарын да жазушыға 
уілдеген қарын
болып танылады. 
Кел-
те сөз, қысқа сөз
дегендер тым жұпыны көрінгендіктен, 
Асқар бұл ұғымды 
кеттім-бардым екі-үш ауыз
сөз деп береді. 
«Мән-жайды сұрамайтын жағдай» деудің орнына 
жағдаят 
сұрамайтын жағдай
десе, бір сөздің бір жерде екі рет 
қолданылуы әдеттегідей стильдің шырқын бұзып тұрған жоқ, 
керісінше, дағдыдан тыс соны қолданыс болып тұр.
Бір сөзді шағын контексте немесе бір сөйлемде қайталай 
бермеу де – шеберлік үдесінен шығатын амал. Бұл жазушының 
тілге деген ұқыптылығын талап етеді. Осы талаптан болар, по-
весте: Сонда да ат үсті 
қарекет
демесең, басқадай 
әрекетке
ықыласы жоқ жүз қаралы жігіт... (46- бет). Мәмледен тосы-


179
лып, уәжден жығылар болса... (62-бет). Тәтесінің сақалына 
жармасқандай 
бейжосық, беймүмкін
әрекет деп таныды... 
(67-бет). Соңғы сөйлемде, 
беймүмкін 
тұлғасы өте сыйымды 
сөз болып шыққан: «істеуге болмайтын, істеуге мүмкін емес» 
деген ұғым атауын бір сөзбен 
беймүмкін 
деп беру – дәл осы 
жерде ұтымды, бұл тұлға өзімен ыңғайлас 
бейжосық
сөзін де 
ілестіріп алған.
Қазіргі қазақ әдеби тілінде аса «жүрдек емес» (актив 
қолданылмайтын) тұлғалардың арагідік кездесуі де орынды: 
Айттым-ау деген айбарлы сөз, сүздім-ау деген сырқынды 
ойларын
мынасы дұрыс, мынасы надұрыс деп саралай алма-
сын біледі екен (68-бет). Көптен ат көрмей 
тақым тағыланып
қалғасын... ба, кешегі аз жолдың өзінде шаршап қаппын (78-
бет). Бөкселі келетін орыс әйелдерін «байтал бөксе Машка» 
деуі де – сирек қолданыс.
Қысқасы, тілі талданып отырған повесть – «Бесін» де-
ген символдық атынан бастап тұнып тұрған поэтизмдердің 
қазынасы.
Поэтизм дегеніміз – бейнелі, көркем, әсерлі сөз. Поэтизм-
дердің шоғырланып жұмсалуы шығарма жанрына қатысты. 
Әдетте поэтикалық сөздер мен тіркестер, яғни сөз-образдар 
өлең тіліне көбірек тән болады. Ал прозалық шығармаларда 
да аз ба, көп пе орын алады. Бірақ бұл шығарманың тілін 
бастан-аяқ поэтикалық сипатта ұсыну – сол шығармаға белгілі 
бір стильдік үн (тон) беру үдесінен шығуы керек. «Бесін», 
автордың өз тілімен айтсақ, «бір жағы қансырап ап, елдің 
қолына карап қалған өкімет пен майдан (Ресей империясы мен 
1-дүниежүзілік соғыс – 
Р.С),
бір жағы тұнығы шайқалып, на-
мысын жыртып, шықшыты қарысқан елдің (қазақ қауымының 
– 
Р. С.)
– екі ұдай, екі бірдей қаракезік от шоғырдың» бір қыры 
туралы поэма деуге болар. Ол қыр – қару асынып тірескен екі 
жақтың ұрыс майданы емес, ар-ұжданның, ұлттық сезім мен 
ұлттық намыстың, империялық өктемдік пен әскери борыштың 
араларындағы тартыс, арпалыс. Бұл тартысты баяндаудың 
стильдік-көркемдік кілті 
атты, шапты, жосылды, шайқалды 
деген сияқты нақты суреттерді атауда емес екендігін жақсы 
білген жазушы адамдардың ішкі сезім дүниесін сезімтал тілмен 
– лиризмге толы поэтикалық стильмен ұсынған деп танимыз.


180
ТАХАУИ АХТАНОВ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет