жанын шытқа түйген
(Т.Жұртбаев), дұрысы –
жанын шүберекке түю,
ол шүберек
– шыт па, жібек пе, – әңгіме онда емес, әйтеуір түйіп алуда,
яғни
жанын шүберекке түю –
образ. Сондай-ақ
көлеңкесінен
қалтыраған
(
қорыққан
болса керек),
қылтасы қалтырап
289
(
тізесі қалтырап
деудің орнына),
жүрегіне мұзды су құйып
жібергендей (жүрекке су құю
деген образды қазақ айтпаса
керек),
біреу қыз алып қашса, біреу босқа (қызығына
болу ке-
рек)
қашады
(Қ.Жұмаділов),
мұрттарын балта кесер ме (бал-
та шабар ма
деудің орнына),
аузынан азу тісі аршылғанша
(түскенше
болса керек, егер
аршылу
етістігі қолданылса,
аузы-
нан
емес,
аузы
болуы керек, өйткені аршылатын азу тіс емес,
ауыз ғой, демек, бұл қолданыста бір ауытқу, бір грамматикалық
қате бар),
елмен (көппен
болуы керек)
көрген ұлы той
,
абы-
ройын айрандай ақтарып алған
(Қажыбаев)
(төгіп
болса
керек:
ақтару
– саналы түрде істелетін нәтижелі іс, ал
төгу
– абайсызда болатын шығынды іс, демек, бұл етістік атаула-
ры бірін-бірі алмастыра алмайды),
жібек шыттай үлбіреу
(жібектей
немесе
жібек матадай
болса керек, өйткені
шыт
–
мақта матаның атауы, бір мата әрі жібек, әрі шыт деп атал-
майды ғой),
менің көңілім қайысты (қабырға қайысады,
ал
көңіл қалады, жабырқайды)
т.т. Осылардың барлығы тұрақты
құрылымдарды уәжсіз құбылту болып шығады. Бұлар – норма-
дан жөнсіз ауытқулар.
Мақал-мәтелдердің құрамын себепсіз өзгерту тіпті жиірек
кездеседі. Мысалы,
жерден жеті теңге
(халық
қоян
деп ай-
тады)
тапқандай; қызғыштай қорғап (қорып
болуы керек);
жер шала (шола
болуы керек),
бұлт ала
(Қ.Исабаев),
қуырдақ
(дұрысы:
ет), тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр ем; бір
аяғын екі етікке тығып
(С. Досанов);
алақанындағы аялысы
(аяулысы
болар?) – Тілеуханов);
хабарына кіріп шықпайды,
Қ.Исабаев –
қаперіне болар), Құлындағы даусы құраққа
жетіп
деген мәтелді
құлындаған даусы Құдайға жетіп
деп өзгерту
(О.Бөкеев) әдейі жасалған мотивті сияқты болып көрінгенмен,
қаншалықты ұтымды болып тұрғанын айту қиын, өйткені
мұндайда оқырман ойында халықтық вариант тұрады да оның
өзгерген түрі, тіпті орынды болса да, өз мәнінде қабылданбауы
мүмкін. Жазушының (Т. Жұртбаев) «ерегіскен ел болмас» деп
келтірген мәтелі – сірә, Махамбет ақынның атақты «егескен
жау ел болмас» деген өлең жолының қайталанған варианты бо-
лар. Жазушы егер бұл әдемі сентенцияны орайы келіп тұрғанда
қолданғысы келген болса, сөздерін бұзбай алуы қажет еді,
өйткені
егесу
етістігінің де,
ерегісу
сөзіндегі сияқты «аразда-
290
су», жанжалдасу, дауласу» семантикасы болғанмен, бұл сен-
тенция осы бір бейтаныстау, бірақ тілде бар тұлғаның (
егесу
сөзінің) қатысуымен әсерлі болып тұр.
Сөздерді өз орнында жұмсамау этнографиялық ұғымдарға
байланысты қалыптасқан қолданыстарды (сөз тіркестерін,
күрделі етістіктерді, мақал-мәтелдерді т.б.) бұзып, олардың
құрамын өзгертіп, компоненттерін мағыналас синонимдер-
мен ауыстырып атауда көзге түседі. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |