Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет19/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

суреттеу
амалдарынан байқалады. 
Жазушы табиғатты, жыл мезгілдерін, оларға жан бітіріп су-
реттеп, поэтикалық этюдтер жасайды. Ерек ше көзге түсетін 
нәрсе – М.Әуезовтің алғашқы әңгіме-повестері, тіпті олардың 
жеке бөліктері табиғат көрінісін суреттеуден басталады 
(бұның еуропалық, орыстық, мы салы, түргеневтік тәсілге ба-
рып ұласатыны байқалады). Осы суреттердің синтаксистік 
құрылымы да, суреттеу мәнері де жазушының өзі әдейі қалап 
алған үлгіде келеді. Мыса лы, «Оқыған азамат» әңгімесінің 
1-бөлігінің 1-беті «Суық қыстың орта кезі. Күн түске тақап 
қалған. Аспанда бұлт жоқ, ашық... Жер қарлы...» деп бастала-
тын абзацпен ашылады (151).
І бөлігі «Жаз келіп, көк шыққан тұстағы суреті, мұнда 
табиғатқа жан бітеді»:
Жапырақтары жетіліп, жазғы жасыл киімін киген ағаштар 
бір-бірімен мың түрлі тілмен сөйлесіп, сырласа теңселіседі» 
(I, 56).
ІІ бөлігі май айының суретін беруден басталады. Мұнда да 
жазушы жай баяндау емес, бейнелеп, жан бітіріп, әр нәрсеге 
теңеп, қысқасы, көркем, әсерлі тілмен суреттеу стиліне барған.
...Көк жетіліп, гүл-жапырақ молайған... Жапырағы жетілген 
жас қайың, өзекті қуалап өскен ұзын тоғай, тасқыны басыл-
май, сарқырап аққан ойнамалы жүйрік өзен, бойы өсіп бұр-
аңдап толқынданған жасыл шалғын, өзектің екі жағындағы 
қатарланған биік жартас, өзек бойында ойнап ұшқан жыршы 
құстар – бәрі жиналғанда, сайды жаңа түскен жас келіншектің 
отауындай жайнатып, жасартып тұр... (І,59).
Соңғы IV бөлігі де табиғат көрінісінен басталады. Бұл 
бөлім «Жаз ортасы ауып, дала сарғайып, жүдеу тартқан» кезді 
көз алдымызға келтіреді. Әңгіменің төрт бөлігі жазды енді кел-
ген тұсынан өтіп бара жатқан кезіне дейін төрт кезеңге бөліп, 
сол бір жаздың ішіндегі «оқыған азаматтың» көк шыққаннан 
(достықтан) басталып, дала сарғайғандыққа (арсыздық, дүние-
қорлық, опасыздыққа) дейінгі іс-қылығын көркем параллель-
мен берген.
Алғашқы қалам сілтеудің бірі 1922-1923-жылдары жазыл-
ған «Қыр суреттері» де осындай адамдар тіршілігі, жаздың 


38
жайлы кешіндегі, қыстың ұзақ түніндегі, қар жамылған дала-
дағы суреттермен көмкеріліп суреттелген. Бұл – тек тілдік-
стильдік қана емес, жалпы авторлық көркем мәнер ерекшелігін 
танытатын шығарма.
М.Әуезовтің «Қорғансыздың күнінен» бастап «Қаралы 
сұлуға» дейінгі 1922-1925 жылдары жазылған 13 әңгімесі – 
шығармашылық тұрғысынан ғана емес, тілі, стилі, авторлық 
мәнері жағынан да көп ізденген, арнайы еңбек еткен үлгілер. 
Бұлар кейін «Абай жолы» сияқты ұзақ, қиын мәреге жететін 
тұлпардың тұяқ алысын танытатын туындылар болып шыққан.
Мұхтар Әуезовтің оқырманды өзіне еріксіз тартатын, бас 
алмай оқып шығуға бой алдыратын, қазақтың көркем сөзінің 
құдіретін көрсететін әсем де әсерлі тілі бірден көрінді дей ала-
мыз. Әрине, шығармашылық жағынан ілгері-кейінгі сатыла-
ры, ізденістері болған шығар, ал көркем тілі жағынан жазушы 
шеберлік стартын бірден дұрыс алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет