Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономикасалаларында құрылады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне мыналар кіреді:
бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі үсыныстарды дайындау;
Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді өзірлеуге, оларға сараптама жасауға белгіленген тәртіппен қатысу;
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау.