ҚР төлем жүйесі Ануарбек Айдана



Дата15.12.2021
өлшемі276,17 Kb.
#101188
Байланысты:
толем жуйеси

ҚР төлем жүйесі

Ануарбек Айдана

УиА 17-11

Төлем жүйесі ұғымы нарықтық қатынастар жағдайында қолданылатын, яғни қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің орнына келген жаңа ұғым болып табылады.

Төлем жүйесі бұл:

- ақшалай аударымдар мен төлемдерге арналған ережелер, мекемелер және техникалық тетіктер жиынтығы;

- шаруашылық субъектілердің материалдық не қаржылық ресурстарды сатып алу барысындағы қабылдайтын міндеттемелерді орындауға арналған тетіктер жиынтығы;

- ақшалай қорлардың орын ауысуына не қозғалысына себеп болатын тетіктер жиынтығы;

- орындалуға тиісті міндеттемелер шегінде ақшалай аударымдар мен төлемдерді жасайтын төлем құралдарының жиынтығы;

  • ақшалай аударымдар мен төлемдерді экономикалық және құқықтық жағынан қамтамасыз ететін бағдарламалардың, байланыс желілерінің және есептеуіш техникалардың жиынтығы.
  • Төлем жүйесінің мақсаты тауар мен қызметтерді жабдықтаушы мен сатып алушылар арасындағы ақшалай аударымдар мен төлемдерді уақтылы заңға, ережеге және стандарттарға сай жүзеге асырып, оларды міндеттемелерінің өз уақытында орындалуын қамтамасыз ету.

Төлем жүйесінің құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

  • құқықтық база;
  • төлем жүйесінің қатысушылары;
  • төлем құралдары;
  • ақшалай аударымдар мен төлемдерді ұйымдастыру механизмі;
  • инфрақұрылым және технология.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы төмендегідей:

І ІІ ІІІ ІVV VІ VІІ VІІІ ІХ Х

мұндағы:

І - ақшаны аударушының резиденттік белгісі;

ІІ - ақшаны аударушының экономика секторы;

ІІІ – бенефициардың резиденттік белгісі;

ІV - бенефициардың экономика секторы;

V, VІ, VІІ – валюта және бағалы металдар коды;

VІІІ – операция түрі;

ІХ – төлемнің сипаты;

Х – төлемнің ашып көрсетілуі.

Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді:

“1” – резидент; “2” – бейрезидент.

Экономиканың секторының коды мынадай:

0 – Халықаралық ұйымдар;

1 –Үкімет;

2 – Аймақтық және жергілікті басқару органдары;

3 – Орталық (ұлттық) банктер;

4 – Ақшалай- депозиттік ұйымдар;

5 - Депозиттік емес қаржылық корпорациялар;

6 – Мемлекеттік қаржылық емес корпорациялар;

7 – Мемлекеттік емес қаржылық емес корпорациялар;

8 – Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;

9 - үй шаруашылықтары.

Халықаралық ұйымдар секторына мыналар жатады: Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және өзгелер.

Үкімет секторына мыналар жатады: республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ҚР Үкіметі, Министрліктер, ведмоствалар, Орталық мемлекеттік басқару органдары, бюджет мекемелері; шетел Үкіметі.

Аймақтық және жергілікті басқару органдары секторына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер, бюджет мекемелері жатады.

Ақшалай-депозиттік ұйымдар секторына ҚР екінші деңгейдегі банктері және шетел банктері кіреді.

Депозиттік емес қаржылық корпорацияларға банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар: сақтандыру компаниялары, клирингтік ұйымдар, қор биржасы, бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі, Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, Брокерлік және трасталық компаниялар, ломбардтар жатады.

Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан тұрады: 0 – Зейнет ақы және жәрдем ақы; 1 - Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар); 2 – Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар; 3 – Депозиттер; 4 – Займдар; 5 - Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары, және шетел капиталына инвестициялар; 6 - Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы қағаздары және вексельдері және Қазақстан капиталына инвестициялар; 7 – Тауарлар мен материалдық емес активтер; 8 – Көрсетілетін қызметтер мен трансферттер; 9 – Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.

Қазіргі кездегі ҚР Ұлттық банкінің үйымдастыратын төлем жүйесінің қатысшыларына мыналар кіреді:

- ҚР Ұлттық банкі.

- Орталық клирнгтік палата

- Екінші деңгейдегі банктер және олардың филиалдары.

- Қаржы министрлігінің қазынашылық департаменті.

- Орталық депозитарий.

- Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.

- Қазақстан қор биржасы АҚ.

- Қазпошта РМК.

Төлем құралдарын таңдау мынадай екі факторға тәуелді:

1) жалпы негізде (жалпы есеп айырысу жүйесі);

2) клиринг негізінде (таза ұстанымын есептеу арқылы ұйымдастырылатын есеп айрысу жүйесі).

Төлем жүйесін ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді:

- төлемдерді жүзеге асырудың құқықтық режимі;

- банктік шот бойынша төлемдерді жасау;

- есеп айырысу формаларын таңдаудағы шаруашылық субъектілерінің экономикалық дербестігі;

- төлемдерді акцептеудің болуы;

- төлемді шот қалдығы көлемінде жасау;

- төлеушінің шотынан шегергеннен кейін қаражатты алушының шотына есептеу;

- төлемдердің мерзімділігі;

- төлем жүйесіне жасалатын бақылаудың болуы;

- төлем жүйесіне қатысушылардың материалдық жауапкершілігінің болуы.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет