Түсініктеме хат/Пояснительная записка
«Рухани – адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына (2013 жылғы 24 сәуірдегі №150 бұйрығымен ) сәйкес 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген.
«Рухани – адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері» пәнінің мақсаты біртұтас үйлесімді
Тұлғаны қалыптастыру, дене және рухани-адамгершілік жағынан даму үйлесімділігіне қол жеткізу, өзін-өзі тану, рефлексия, өзін-өзі талдау және өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін дамыту негізінде студенттердің тұлғалық дамуына ұйымдастырушылық – педагогикалық жағдай жасау.
Пәннің міндеттері:
Студенттерде рефлексия қабілеттерін қалыптастыру;
өз «Менін» жан – жақты талдауға үйрету;
студенттердің өз жеке ерекшеліктерін, мінезін, темпераментін, қызығушылығын, қажеттіліктері мен қабілеттерін, бағалылық пен құндылықтарын, тұлғалық бағалау деңгейін зерттеуі;
студенттерде болашақ кәсіби қызыметі, оқу талаптары және өзін – өзі тану материалдары негізінде өз мүмкіндіктерін бағалау қабілеттерін қалыптастыру;
студенттерде өзін – өзі дамытуды түзету, тұлғалық және кәсіби өсу стратегиясын дұрыс таңдауды қалыптастыру;
тұлғалық өзін – өзі жетілдіру бағдарламасын құрастыру бірлігіне үйрету.
Жалпы жоспар бойынша сағат саны: 108 сағ. оның ішінде:
Теориялық сабақтар: 65 сағ.
Практикалық сабақ 43 сағ.
Достарыңызбен бөлісу: |