Рахимгалиева пакизат сармановна



бет13/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp

Бейімделудің



Даралық



Б.Г.Ананьев бойынша «адам» түсінігінің құрылымы

«Бейімделу» түсінігінің құрылымы

Сурет 5 – Б.Г.Ананьев бойынша «адам» және «бейімделу» түсінігінің құрылымы



Кәсіби іс-әрекетке бейімделу – бұл студенттің кәсіби өзін-өзі анықтау жүйесінің соңғы кезеңі. Өзін-өзі анықтау деп – адамның өзінің өмір жолын, мақсаттарын, құндылықтарын, рухани нормаларын, болашақ кәсібі және өмір сүру жағдайларын өзбетімен таңдауы, бұл адамның жеке және кәсіби жетілуінің сапасын анықтайтын өмір сүруінің маңызды шарты. Өзін-өзі анықтау – бұл жағдайға белсенді көзқарас, тіпті тәуекелмен де байланысты, өйткені ол этикалық құндылықтарды қауіп төндіретін нәрселерден қорғауға бағытталған.
Кәсіби бейімделу көп деңгейлі, физиологиялық, тұлғалық-психологиялық, мінез-құлықтық және әлеуметтік компоненттердің жиынтығы негізінде жұмыс істеуге бейімделудің функционалды анықталған үдерісі. Кәсіби бейімделу – бұл қолдау көрсету және «еңбек субъектісі – кәсіби орта» жүйесінің динамикалық тепе-теңдігін қалыптастыру немесе қалпына келтіру процесі.
Көптеген отандық ғалымдардың (Б.Т.Кенжебеков [86], Б.Т.Барсай [87], А.К.Аманова [88]) көзқарасы бойынша кәсіби бейімделуге жеке тұлғаның маман ретінде кәсіби қалыптасуы, кәсібіне қажетті тұлғалық және кәсіби маңызды сапаларды меңгеруі, шығармашылық іс-әрекетке деген белсенді қажеттілігінің, кәсібилікті шыңдауға деген жоғары құлшынысының болуы жатады.
Бейімделу құбылысын зерттеудегі ең танымал тұғырлардың қатарына: гомеостатикалық, гедонистік, прагматикалық, мәдениеттанымдық, ақпараттық, жүйелік тұғырларды жатқызуға болады. Әдіснамалық тұғыр түсінігінің мәні мен мазмұны әртүрлі еңбектерде әр қырынан баяндалады. Педагогика және психология ғылымдарында тұғырды зерттеуде қолданылатын белгілі бірі тәсіл, бағдар, элемент ретінде түсіндіруге болады. «Тұғыр» сөзі ғылымда әдіснамалық бағдар мағынасын берсе, «әдіснамалық тұғыр» ғалым-зерттеушілердің аталған әрекет тәсілдерді зерттеу жұмысының барлық кезеңдерінде қолданатынын білдіреді [89].
Кәсіби іс-әрекетке бейімдеу сияқты күрделі көп өлшемді құбылысты зерттеуде жүйелік тұғырды басшылыққа алу маңызды болып табылады. Жүйелілік тұғыр студенттің білім мазмұнын сапалы меңгеруін, білім, іскерлік, дағды және тәжірибесін, тұлғалық даму деңгейін сипаттайды және өз ісін жүйелі де сапалы ұйымдастыра білуге үйретеді [90].
Заманауи педагогикалық-психологиялық еңбектерде оқу іс-әрекетінде кәсіби маман тұлғасын қалыптастырудың бірнеше тұғырлары басшылыққа алынады. Солардың ішіндегі маңызды әдіснамалық тұғырлардың жалпы мәні мен мазмұнын төмендегі 1-кестеден көруге болады.

Кесте 1 – Оқу іс-әрекетінде кәсіби маман тұлғасын қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет