р/с
|
«Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?» сауалына берілген жауаптар
|
Уақыт
бөлмеймін
|
1 сағаттан
кем
|
1-3 сағат
|
4-7 сағат
|
7-10 сағат
|
10 сағаттан артық
|
1
|
Спортпен шұғылдануға
|
41,4 %
|
28,5
%
|
10,6 %
|
10,3 %
|
5,6
%
|
3,6
%
|
2
|
Өз бетімен білім алуға
|
40,1 %
|
22,1
%
|
25,9 %
|
7,9
%
|
2,7
%
|
1,3
%
|
3
|
Шығармашылықпен айналысуға
|
53,5
%
|
19,7
%
|
15,4
%
|
5,8
%
|
2,9
%
|
2,7
%
|
4
|
Отбасымен уақыт өткізуге
|
5,6
%
|
4,4
%
|
9,6
%
|
20,5
%
|
22,2
%
|
37,7
%
|
5
|
Достармен уақыт өткізу
|
7,6
%
|
13,8
%
|
33,1
%
|
24,1
%
|
12,5
%
|
8,9
%
|
6
|
Волонтерлік бағыттағы қызметтерді атқару
|
79,1
%
|
11,1
%
|
6,1
%
|
2,5
%
|
0,9
%
|
0,3
%
|
Сурет 17 – «Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?» деген сұраққа берілген жауаптардың диаграммасы
Студенттердің бос уақытының маңызды бөлігін – интернет құрайды. Ғаламтор студенттерге ақпарат іздеуге, білім жинақтауға, кәсіби қызмет түріне бейімделуге, қарым-қатынас жасауға және т.б. көптеген қажетін өтеуге мүмкіндік береді. Сондықтан да, қазіргі уақытта интернет – бос уақытты өткізудің бір түрі және студенттердің едәуір бөлігі күн сайын дерлік қолданатын қажеттілік. Төмендегі 17-шы кесте мен 18-ші суретте «Күн сайын интернетте қанша уақыт өткізесіз?» деген сауалға алынған жауап нәтижелері берілген.
Кесте 17 – «Күн сайын интернетте қанша уақыт өткізесіз?» деген сұраққа берілген жауаптар
№
р/с
|
«Күн сайын интернетте қанша уақыт өткізесіз?» деген сауалға алынған нәтижелер
|
Алынған нәтижелер
|
1
|
Интернет қолданбаймын
|
0,4 %
|
2
|
Тәулігіне бір сағаттан кем
|
3,1 %
|
3
|
Күніне 1-2 сағат
|
17,4 %
|
4
|
Күніне 3-5 сағат
|
41,6 %
|
5
|
Күніне 6 сағаттан көп
|
37,5 %
|
Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, студенттердің көпшілігі (41,6 %) күн сайын 3–5 сағаттан астам уақытын интернетте өткізеді. Респонденттердің 17,4% интернетке күніне 1–2 сағат, ал 37,5 % – алты сағаттан артық уақыт бөледі. Респонденттердің 3,1 пайызы тәулігіне бір сағаттан кем уақыт деп белгілесе, 0,4 пайызы ғана интернетті қолданбайтынын айтқан.
Сурет 18 – «Күн сайын интернетте қанша уақыт өткізесіз?» деген сұраққа берілген жауаптар
Сондай-ақ, сауалнама нәтижелері студенттердің интернетті әртүрлі мақсаттарда қолданатынын көрсетті. Респонденттердің жартысынан көбі оны достарымен араласу үшін (59,4 %) пайдаланса, 46,1%-ы әлеуметтік желілерде уақыт өткізу үшін интернетті қолданатындығы анықталды. Оқу іс-әрекетін жүзеге асыру үшін студенттердің 34,5 пайызы, жұмыс бойынша 25,6 пайызы және жаңалықтар көру/оқу үшін 40,4 пайызы интернетті тұтынатындықтарын білдірді. Төменде берілген 18-ші кесте мен 19-шы суретте осы сауал бойынша алынған зерттеу нәтижелерінің пайыздық көрсеткіші мен диаграммасы берілген.
Кесте 18 – «Интернетке не үшін кіресіз?» деген сұраққа берілген жауаптар
№
р/с
|
«Интернетке не үшін кіресіз?» деген сауалға алынған нәтижелер
|
Студент жастардан алынған нәтижелер
|
1
|
Оқу іс-әрекеті үшін
|
34,5 %
|
2
|
Жұмыс бойынша
|
25,6 %
|
3
|
Жаңалықтар көру/оқу үшін
|
40,4 %
|
4
|
Достармен араласу үшін
|
59,4 %
|
5
|
Әлеуметтік желілерде уақыт өткізу үшін
|
46,1 %
|
6
|
Көңіл көтеру үшін (кино, музыка, ойындар)
|
44,3 %
|
7
|
Интернетті дұрыс пайдалануды үйрену үшін
|
0,3 %
|
8
|
Өзін-өзі дамыту үшін
|
0,2 %
|
9
|
Барлық жауап дұрыс
|
0,2 %
|
Сурет 19 – «Интернетке не үшін кіресіз?» деген сұраққа берілген жауаптардың диаграммасы
Қазіргі студенттердің бос уақыты мен денсаулығын зерттеу көбіне назардан тыс қалып келе жатады. Дегенмен, бос уақытты өткізу ерекшеліктері студентке дамып келе жатқан тұлға ретінде үлкен әсерін тигізеді. Жоғары оқу орындары студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануға қатысты қалаулары мен қызығушылықтарын мониторингтеп, оларды реттеп отыруы қажет. Сондай-ақ, жасына, денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына қарай студенттер үшін физикалық белсенділік пен бос уақытты өткізудің мүмкіндіктері қаншалықты қолжетімді екенін зерттеу қажет деп есептейміз.
Студенттердің физикалық даярлық деңгейлерін анықтау мақсатында олардың жалпы төзімділігін бағалауға мүмкіндік беретін алыс қашықтыққа жүгіру (3000 м), жалпы және арнайы (жылдамдық) төзімділігін көрсететін жақын қашықтыққа жылдам жүгіру (100 м), сондай-ақ күш төзімділігін арттыратын физикалық жаттығуларды орындату жұмыстары іске асырылды. Студенттердің физикалық даярлық деңгейлері 5 баллдық шкала бойынша бағаланды. Алынған нәтижелерді 19-шы кестеден және 20-шы суреттен көруге болады.
Кесте 19 – Студенттердің жалпы физикалық дайындығының деңгейі
Тест
|
Баллдар
|
5 балл
|
4 балл
|
3 балл
|
2 балл
|
1 балл
|
Жылдамдық (100 м)
|
48 %
|
19 %
|
13 %
|
11 %
|
9 %
|
Төзімділік (3000 м)
|
12 %
|
57 %
|
13 %
|
7 %
|
11 %
|
Күш (секіру, тартылу)
|
17 %
|
16 %
|
22 %
|
21 %
|
24 %
|
Сурет 20 – Студенттердің жалпы физикалық дайындығының деңгейі
Зерттеуге алынған студенттердің 100 м қашықтыққа жылдам жүгіру бойынша жоғары 5 баллға студенттердің 48 % қолжеткізсе, 9 пайызы ең төменгі 1 балл деген нәтижені көрсетті. Ал, 3000 метрге жүгіру жағынан өзінің жоғары төзімділігін 12 пайыз ғана студент дәлелдесе, 11 %-да ең төменгі нәтиже тіркелді. Күшке салмақ түсіретін жаттығулардан 17 %-ы 5 баллдық дәрежені, 24 %-ы 1 баллдық нәтижені көрсетті. Басқа да нәтижелермен жоғарыда берілген кестеден танысуға болады.
Студенттердің физикалық даярлығын арттыру біздің тарапымыздан ұсынылған профилактикалық іс-шара бағдарламасының негізгі міндетіне кіреді. Біз профилактика жоспарында көрсетілген барлық спорттық іс-шараларды дер кезінде, уақытылы өткізуге әрекеттендік және ол жұмыстардың студенттердің физикалық белсенділігін арттырудағы маңыздылығы жоғары деп есептейміз. Студенттердің физикалық даярлығы ұзақ уақыт жаттығуды, салауатты өмір салтын ұстануды, физикалық белсенділікке қатысты барлық нұсқаулықтарды орындауды талап етеді және ол жұмыстардың нәтижесі де уақыт өте келе білінеді.
Жоғарыдағы тұжырымдардан белгілі болғандай, студенттердің физикалық белсенділігі де, салауатты өмір салтын ұстануы да олардың ішкі мотиві мен қызығушылығына тәуелді. Студенттердің салауатты өмір салтын ұстануға деген мотивациялық көрсеткіштері 20-шы кестеде және 21-ші суреттерде ұсынылған.
Кесте 20 – Студенттердің салауатты өмір салтын ұстануға деген мотивациялық көрсеткіштері
№
р/с
|
Сұрақтар
|
Зерттелуші топтың нәтижелері
|
1
|
Сенімді түрде және жүйелі білім негізінде салауатты өмір сүру салтын ұстанады (А)
|
27,2 %
|
2
|
Салауатты өмір салты бойынша жүйелі білімге ие емес, кейбір гигиеналық талаптарды орындаудың қажеттілігін сезінеді, салауатты өмір салтын ішінара ұстанады (Ә)
|
18,5 %
|
3
|
Салауатты өмір сүру салтын ұстанудың қажеттілігіне сенімді емес, сондықтан да салауатты өмірді ұстанбайды (Б)
|
7,6 %
|
4
|
Салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңыздылығы мен қажеттілігін біледі, бірақ оны ұстануға талпынбайды (В)
|
12, 3%
|
5
|
Денсаулығын шынықтыруға және салауатты өмір сүру салтын ұстануға уақыты жоқ (Г)
|
14,8 %
|
6
|
Болашақта және алдағы жоспары бойынша салауатты өмір салтын ұстануды қалайды (Ғ)
|
13,5 %
|
7
|
Жауап беруге қиналамын (Д)
|
6,1 %
|
Барлығы
|
100 %
|
Алынған нәтижелер студенттердің 27,2 пайызы сенімді түрде және жүйелі білім негізінде салауатты өмір сүру салтын ұстанатындығын көрсетті. Ал, 18,5 пайызы салауатты өмір салтын ішінара ұстанатындар қатарына кірсе, 7,6 пайызы салауатты өмір сүру салтын ұстанбайтындар болып саналды.
12,3% студенттер салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңыздылығы мен қажеттілігін біледі, бірақ оны ұстануға талпынбайды, ал 14,8 % денсаулығын шынықтыруға және салауатты өмір сүру салтын ұстануға уақыты жоқ екендігін білдірді. Алдағы жоспары бойынша салауатты өмір салтын ұстануды қалайтындардың үлес салмағы 13,5 пайызды құрады.
Сурет 21 – Студенттердің салауатты өмір салтын ұстануға деген мотивациялық көрсеткіштерінің диаграммасы
Студенттік ортада денсаулық топтарының құрамында салауатты және салауатты емес өмір салтын ұстанатын адамдардың саны шамалас. Бұл деректер профилактикалық қызметке нақты ынталандыру денсаулықты сақтау және нығайту қажеттілігі екенін тағы бір рет көрсетеді. Созылмалы аурулары бар адамдарда мұндай қажеттілік сау адамдарға қарағанда анағұрлым айқын көрінеді.
Аурудың кейбір қауіп факторларының, атап айтқанда профилактикалық мінез-құлықты ынталандыруда дене салмағының жоғарылауының ынталандырушы рөлін атап өткен жөн. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда бұл параметр майдың әсерінен емес, бұлшықет массасының әсерінен өзгереді, бұл тұрақты жаттығулармен бұлшықет массасының өсуімен түсіндіріледі.
Жалпы, гигиеналық, әлеуметтік және психологиялық факторлар студенттердің денсаулығына қатты әсер етеді деп айта аламыз. Психологиялық сипаттағы бірқатар факторларда мотивациялық факторлар тобы ерекше орын алды. Сондықтан, университетте «Салауатты студент» профилактикалық бағдарламаларын іске асыруда білім беру процесінің барлық қатысушыларының мотивациялық деңгейін анықтауға баса назар аудару керек.
Физикалық даярлық студенттер денсаулығының ең объективті критерийлерінің бірі ретінде ғана емес, сонымен қатар оның маңызды болжамды көрсеткіші ретінде де қызмет ете алатындығы белгілі. Бұл зерттеу барысында аурудың жекелеген санаттарындағы ауру деңгейі мен физикалық дамудың төмен деңгейі арасындағы корреляциялық байланыстың бар екендігін анықталды. Төмендегі 21-ші кестеде жоғары оқу орнындағы оқыту үдерісінде студенттерге әсер ететін маңызды факторлар бойынша алынған нәтижелер берілген.
Кесте 21 – Жоғары оқу орнындағы оқу кезінде студенттерге әсер ететін маңызды факторлар (ең жоғарғысы 10 балл)
Достарыңызбен бөлісу: |