ақ көбелектердің соңынан қуып діңкелеп, аңқасы кеуіп оянған. Дәл неке қияр сәтте аспанға көтеріліп кеткен ақ нұр Дәуреннен басқа жан баласына көрінбей судағы бейнедей сырғанап кеп Сырғалы екеуінің ортасына түсе берген.
Барлығымыз жақсы білетініміздей, «ақ» сөзінің символдық мағыналары: кіршіксіз таза, кінəсіз, ақжүрек, адал, керемет, тамаша, ғажайып, жақсылық деген мағынада қолданылады. Суреткердің айтқысы келіп тұрғаны кіршіксіз, пәк, бейкүнә сәби, арамдықтан ада, шын беріле сүйген Әлима, «Құлыным!»,-деп шырыл қаққан ананың адал тілегін Дәуреннің күлін көкке ұшыруын жазушы «ақ көбелектер» деп балама мағынада беріп тұр.
Шөл ғой шыдатпай жүрген… жазушының бұл жерде айтып тұрған «шөлі» біздің түсінігіміздегі «шөлдеу» емес. Бұл жердегі Шөл- Дәуреннің Әлимаға деген құштарлығы мен махаббатынан туындаған сағыныш шөлі.
Сыңғыр етіп күліп жіберген. Жай күлкі емес, шыны ыдыс сынып, ауаға тарап кеткендей. Содан бастап су емес, сынған ыдыстың құлағыңды қуантар дыбысын іздейтін. Сыңғыр! Әне, көзге көрінбей шашырап барады.
Жай ғана жымиды. Шыны ыдыс сынбады. Айналасын көзге көрінбес мұңмен құрсаулап тастаған екен.
Осы бір ыдыстың сыңғыры арқылы Әлиманың Дәуренге деген таза пейілін, сенімін білдірсе, «шыны ыдыс сынбады»,-деу арқылы сол пәктіктің, сенімнің жоғалғанын жазушы өте әсерлі жеткізген. Көркем сөз зергерінің бұл шығармасы өте жоғары көркемдік мәнге ие екенін байқадым.
Шығармадан жазушының өзіне ғана тән жазу шеберлігі бірден аңғарылады.
Суреткер шығармасының бізге айтары көп.
– Мен де сендей болғанмын, – дейді жарықтық кісі. Қасындағы
Достарыңызбен бөлісу: |