|
Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер
|
бет | 23/34 | Дата | 09.02.2022 | өлшемі | 0,77 Mb. | | #131173 | түрі | Практикум |
| Байланысты: Рахметулина ж. БКелесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:
1. Төмендегі жағдайлардың қайсысы А) жиынтық сұраныс қисығын оңға; Б) жиынтық сұраныс қисығын солға; В) жиынтық ұсыныс қисығын оңға; Г) жиынтық ұсыныс қисығын солға жылжытады?
Зейнетақы мөлшерінің артуы.
Капиталмен жабдықталу деңгейінің артуы.
Импорттың өсуі.
Қатаң құрғақшылыққа байланысты астықтың болмауы.
Үй иелері қарыздарының азаюы.
Мемлекеттік бюджет тапшылығының артуы.
Баға деңгейінің күтілген төмендеуі.
Экспорттың ұлғаюы.
Ресурстар нарығындағы монополияның артуы.
Табыстардың күтілген жоғарылауы.
Түсті металдарға бағаның төмендеуі.
Қоғамдағы бюрократизмнің артуы.
Қорғаныс шығындарының өсуі.
Туу деңгейінің төмендеуі.
Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша төлемдердің өсуі.
Корпоративтік табыс салығы мөлшерінің төмендеуі.
Өмір сүру деңгейінің артуы.
Өмір сүруге қажетті минимумның өсуі.
Жұмыссыздық деңгейінің артуы.
Мемлекеттік сатып алулар көлемінің артуы.
Зор шығынға әкелген жер сілкінісі.
Мемлекеттің ең төменгі жалақы деңгейін көтеруі.
Басқа елдердегі ұлттық табыстың төмендеуі.
Қызметкерлер аппараты санының азаюы.
Мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау жөнінде жаңа заңды енгізуі.
Үкіметтің әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруларының қысқаруы.
Ұлттың ақша бірлігінің айырбас бағамының төмендеуі.
Фирмалар үшін жеңілдіктері бар салықтандыру жүйесін енгізу.
Кәсіподақ қызметінің нәтижесінде жалақы мөлшерінің айтарлықтай жоғарылауы.
Фермерлерге субсидия беру жүйесінің пайда болуы.
Жаңа, қуаттылығы жоғары компьютерді ойлап табу.
Кенеттен елге иммигранттардың ағылып келуі.
Үй иелерінің жинақтау үлестерінің артуы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|