Тапсырма
1/ Мәтінді көшіріп жазып орыс тіліне аударыңдар.
2/ Мәтінді сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелеріне талдаңдар.
3/ Батырлық туралы екі мақал -мәтелді екі тілде жазып жаттаңдар.
Рақымжан Қошқарбаев
(1924-1988)
Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ азаматы.
Ол Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келген. 4 жасында анасы дүниеден өтіп, әкесі жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберілді. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті.
30 сәуірде сағат 16:45 –те ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, Жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947-67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор, 1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды.
Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР
(ПОДРАЖАТЕЛЬНЫЕ СЛОВА)
Түрлі дыбыстарға еліктеуді немесе құбылыстар мен қимыл-қозғалыстарды бейнелеуді білдіретін сөздер.
Сөйлемдегі негізгі қызметі – пысықтауыш.
(Слова, которые применяются для подражания звуков, издаваемых одушевленными или неодушевленными предметами, называются подражательными словами.Основная функция в предложении –обстоятельство)
Құрамына қарай (по составу)
1. Дара (простые) – бір ғана сөзден тұрады.(состоит только из одного слова)
Мысалы: шалп, сарт, сырт, көлбең, қайқаң , тарс, күмп, жымың т.б.
2. Күрделі (сложные) – екі сөздің қосарлануынан жасалады. (состоит из двух слов)
Мысалы: маң-маң, гүр-гүр, дір-дір, тарс-тұрс, қисаң-қисаң т.б.
Тұлғасына қарай (по способу образования)
1. Негізгі (непроизводные) – бөлшектеуге келмейтін түбір еліктеу сөз. (подражательные слова,которые состоят из одного корня) Мысалы: дұрс, ар, жалт т.б.
2. Туынды (производные) - түбірге жұрнақ жалғануы арқылы жасалған еліктеу сөздер. Жұрнақтары: -аң-ең-ың-ің-ң
(подражательные слова,образованные посредством корень+суффикс) Мысалы: томп+аң, елп+ең, қорб+аң, бұр+алаң, соз+алаң т.б.
Мағынасына қарай (по значению)
1. Еліктеуіш сөздер – түрлі дыбыстарға еліктеуден туындаған сөздер. (звукоподражательные слова, образованные для подражания различных звуков) Мысалы: тарс, ар, қарқ, сарт, саңқ, салдыр-күлдір, тасыр-тұсыр т.б.
2. Бейнелеуіш сөздер – көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер. (образоподражательные слова)
Мысалы: бүлк, қалт, селк, желп, морт, қисаң-қисаң т.б.
Мына сілтеме бойынша Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнефильмді көріңдер.
https://www.youtube.com/watch?v=F4GXUMeHkTY
Достарыңызбен бөлісу: |