Құрамы Алкогольді коктейльдерді джин, виски немесе ром негізінде жасайды, ал соңғы кездері арақ пен текила негізді коктейльдер танымал болуда. Осыдан басқа, қосындылар ретінде, сан қилы ликерлер, бал, сүт



бет1/4
Дата06.02.2022
өлшемі103,23 Kb.
#81140
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
Коктейль



Коктейль
Коктейль — әртүрлі ликер-арақ өнімдері,жүзім шараптары,коньяк, ром, шырындар, жеміс-жидектер, қаймақ, жұмыртқа, бал қоспаларынан әзірленетін ішімдік. Әдетте коктейльдер ашық және әр алуан түсті болып келеді. Қолданылу мақсатына қарай коктейльді ащы (ішімдік орнына) және десертті (десертке береді) етіп әзірлейді.
Коктейльді арнайы металл ыдыста араластырады. Оның орнына термосты да пайдалануға болады. Кейбір коктейльдер мұқият араластыруды қажет етпейді, оларды тікелей бокалдарда немесе фужерлерде әзірлейді. Коктейль миксерде өте тез және оңай дайындалады.

Коктейль
Коктейль (ағыл. cocktail — шығу тегі таласқа түсуде) - бірнеше сұйықтықты қосу нәтижесінде алынатын сусын. Коктейльдің алкогольді (алкогольді бір немесе бірнеше ішімдіктер) және алкогольсіз түрлері бар. Кейде коктейль ішілетін кештер де "коктейльдер" деп аталады. Мұндай кештер көбіне дипломатиялық және элиталық орталарда өткізіледі.
Құрамы
Алкогольді коктейльдерді джин, виски немесе ром негізінде жасайды, ал соңғы кездері арақ пен текила негізді коктейльдер танымал болуда. Осыдан басқа, қосындылар ретінде, сан қилы ликерлер, бал, сүт (немесе кілегей), қоспалар және т.б. пайдаланылады. Қоспалы өзге сусындардай емес, коктейльдерде барлық құрауыштардың мөлшерін дәлме-дәл көрсету болмайды. Тек негізгі бөліктердің пропорциясын ғана (½,¼,¾ және т.б.) көрсетеді. Бір коктейльдің мөлшері әдетте 75-100 мл (лонгдринктерге қатысы жоқ) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет