18. Организмнің рефлекторлық қызметі. Қозу мен тежеу. Нерв процессінің координациясы.Жүйке жүйесі тірі ағзаның тіршілігін негізгі қасиеті – тітіркенгіштікті қамтамасыз етіп, адам мен жануарларды сыртқы ортамен байланыстырады. Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесі орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне бас миы мен жұлын, ал шеткіге – шеткі жүйкелердің түйіндері олардан шыққан талшықтар, талшықтардың терминальды ұштары жатады. Жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты болып табылатын рефлекторлық доға. Рефлекторлық доғаның құрамында көптеген функциональды маңызды әртүрлі нейрондар тізбегі бар. Бұл нейрондардың денесі жүйке жүйесінің шеткі түйіндері мен орталық бөлігіндегі сұр затында орналасады. Орталық жүйке жүйесі– адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі мүшелер жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесінде сомалық және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми бағанасы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орталықтары ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік аймағында; симпатикалық бөлігінің орталықтары жұлынның VІІІ мойындық, І – XІІ кеуделік, І – ІІ белдік сегменттерінде орналасқан. Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғарғы вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады. Жүйке орталығы және оның қасиеттері жайлы түсінік Жүйке орталығы – организмнің белгілі бір қызметінің реттелуін қамтамасыз етуге қатысатын нейрондардың жиынтығы. Бұл түсінік функционалды, себебі нейрондар ОЖЖ әртүрлі анатомиялық бөліктерінде орналасуы мүмкін. Жүйке орталықтарының қасиеттері Бір жақты өткізгіштік.Химиялық синапстардың бір жақты өткізгіштігімен байланыстырылады. Қозудың өткізуiн аялдау.Синапстық аялдауның суммациямен анықталады. Қажудың жоғарылығы.Тежелу процесінің пайда болуымен, сонымен қатар химиялық синапстардың қажудың жоғары болуымен және төменгі тұрақсыздығымен байланысты. Әсерден кейінгі құбылыс. Қысқа және ұзақ мерзімді әсерден кейінгі құбылыстар болыпбөлінеді. Қысқа мерзімді нейронның ұзақ ізді деполяризациясымен түсіндіріледі. Ал ұзақ мерзімді болса нейрон тізбектеріндегі қозудың айналымымен байланысты болып табылады.