Құрамы жайлы жалпылама мəліметтер Жер қойнауларын көзбе-көз зерттеудегі адамзаттың қолы



бет1/12
Дата01.10.2023
өлшемі149,5 Kb.
#183227
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
лек 2


2. ЖЕР ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫЛАМА МƏЛІМЕТТЕР
2.1. Жердің ішкі құрылысы мен құрамы жайлы жалпылама
мəліметтер
Жер қойнауларын көзбе-көз зерттеудегі адамзаттың қолы
жеткен табыстары ғарыш кеңістігін зерттеудегі жетістіктерінен
əлдеқайда жұпыны. Бұл түсінікті де, себебі «қатты Жердің» ішкі
өңіріне «ену» мүмкіндігі, сөйтіп қойнау тереңдіктеріне тиесілі
заттарды қолмен ұстап, көзбен көру мүмкіндігі шектеулі. Аса
терең бұрғылау ұңғымаларының жеткен тереңдігі 12 км-ден
астам ғана. Жердің орташа радиусы 6371 км екендігін ескерсек,
жоғарыда көрсетілген шама өте болымсыз екендігін, ендеше
планетамыздың қойнау ерекшеліктерін нақты зерттеу мүмкіндігі
де шектеулі болатындығын шамалау қиын емес.
Жоғарыда келтірілген деректермен байланысты планета-
мыздың құрылысы мен заттық құрамын, сол заттардың
физикалық немесе химиялық табиғатын топшылауда негізінен
геофизикалық зерттеу əдістері қолданылады. Жер қойнау-
ларының құпияларын анықтауда əсіресе сейсмикалық
зерттеулердің алатын орны ерекше. Жер термикасы деп
аталатын геофизикалық зерттеу əдісі де біршама маңызды.
Геофизиканың гравиметрия, магнитометрия жəне
электрометрия деп аталатын зерттеу əдістері планета құрылысы
мен құрамының кейбір мəселелерін анықтауда ғана
қолданылады, бұл əдістер əсіресе планетамыздың сыртқы қатты
қабығы болып табылатын жер қыртысының өзіндік
ерекшеліктерін анықтауда, пайдалы қазба кенорындарын іздеу
жəне барлау ісінде мейлінше маңызды.
Жердің ішкі құрылысы мен құрам ерекшеліктерін
сейсмикалық зерттеулер көмегімен топшылау сейсмикалық
толқындардың планета қимасынан өту жылдамдығын саралауға
негізделген. Осындай зерттеулер планета қойнауының қимасы
бір-бірінен біршама анық дараланатын үш бөлікке
жіктелетіндігін анықтады, олар – жер ядросы, жер мантиясы
жəне жер қыртысы (2.1-сурет).
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
20


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет