8. Тапсырма. 3,5(А:) дискетасын вирусқа тексеріңіз.
Windows ортасында дискімен жұмыс істеу программалары Дискіні тазалау Дискіні тазалау бағдарламасы керексіз файлдарды табуға және оларды жоюға , қатты дискідегі орынды азат етуге мүмкіндік береді.Қатты дискіде бос орын жетпегенде,оның терезесі экранда көрінеді.
Бағдарламаны іске қосу үшін , Іске қосу-Бағдарламалар - Стандарттылар - Қызмет пункті- Дискіні тазалау командасын таңдаңыздар.Экранда керексіз файлдарды жоятын, дискіні таңдау терезесі пайда болады.
К еректі дискіні таңдағаннан кейін, ОК батырмасын шерткенде 1- суретте көрсетілген терезе пайда болады. Бағдарламаны іске қосудың басқа тәсілі-Менің компьютерім немесе Сілтеуіштерезелерін ашып, контекстік менюден керексіз дискінің Қасиет командасын таңдау қажет.Жалпы (Общие)қосымшасы нан Дискіні тазалау батырмасын шерту керек.
Дискіні тазалау қосымшасында файлдардың аттары және Интернеттен толтырылған уақытша файлдар бейнеленген болады. Өшіру (Удалить) тізіміндегі файлдардың суреттелуі Суреттеу(Описание) рамкасындағы суреттеумен тура келеді.
1-сурет. Дискіні тазалаусұхбат терезесі
Егер сіздер тізімнен Қоржынды (Корзина)ерекшелеп, Файлдарды қарау (Просмотреть файлы) батырмасын
бассаңыз, онда қоржында қандай файлдар орналастырылғанына көз жеткізесіз.
Қосымша (Дополнительно) қосымшасын ашып, Windows пен бағдарламалардың қолданылмайтын компоненттерін өшіру арқылы дискіде бос орын азат етуге болады.